Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шұбырған топ өте бергенде, бір жастау әйел жол шетіне шығып, емшектегі баласын құндақтай бастады. Бұны көрген еңгезердей қара ноян жарға қонғалы келе жатқан қара құстай әйелге таяй берді. Кенет көк найзасын жарқ еткізіп жерде жатқан нәрестені найзасының ұшыменен іліп алып, жолдың шетіне қарай лақтырды. Әйелдің жан даусы шығып шар ете қалды. Нәресте лақтырған тымақтай, аспанға далбаңдай көтеріліп, қалың бұтаның ара сына барып түсті.

Ноян өзінің ісіне мәз болып, қарқылдап күлді. Оның баланы соншалық алысқа лақтырғанына қошамет көрсете, өзге нояндар да күле бастады. Тау арасы бейне бір бос күбідей күңгірлеген, сасық күзендей шақылдаған, сұмпайы күлкілерге толып кетті.

Баласынан айрылғанын жаңа түсінген әйел, жан ұшырып жаралы барыстай, әлгі ноянға тап берді. Бұны көрген тұтқындар да шыдай алмай, жоңғарларға қарсы ұмтылды. Бірақ байлаулы, матаулы топ не істей алады, қарулы жоңғарлар енді оларды қамшының астына алады. Жарқылдай түскен жоңғардың қисық қылышы, бар күшімен сермелген шойын шоқпарлар. Талай жас нәрестелер найза ұшына ілініп, көкке ұшты, қос қолдап ұрған шоқпардың салмағынан та лай қыршын жастың мойны үзіліп жерге түсті. Тау арасы іп-ілезде қан-жоса болды.

Сабалып жатқан топ ішінен бір сәт қолаң шашы жерге төгілген, үстіндегі мақпал қара пешпентінің өңірі дал-дал болған бір жас қыз жүгіріп Лоло-Доржидың алдына барды. «Мына қырғынды тоқтат» деген болуы керек, ноянға бірдеме айтып жатыр. Ноян жауап қайырар емес, кенет үзеңгісіне жабысқан қызға қарады да, сөл еңкейіп, қыздың шашын ұстап, тақымының астына басты. Содан кейін қыздың бажылдап, бақырғанына бүлк етпей, қанды қырғынға қарап, мелшиіп қатты да қалды.

Дәл осы сәтте:

— Ағатай-ау, бұдан да өлгеніміз жақсы еді ғой! — деді Бөгенбайдың қасында ашуға булыққан әлгі жас дауыс.

Бөгенбай жалт бұрылды. Қарсы алдында үріп ауызға салғандай бір жас жігіт тұр. Оның көзінде тұнған мөлдір жасты көрді де:

— Аттарыңа мініңдер! — деді.

Бұл жас жігіт Науан ұстаның жалғыз баласы, соңынан ерлігімен бүкіл қазақ еліне аян болған Керей еді. Ол серіктеріне жүгіре жөнелді.

Аздан кейін:

- Аттан! — деген Бөгенбайдың күшті даусы шықты.

Тау арасы ұранға толып кетті.

— Акжол! Ақжол!

Бөгенбай! Бөгенбай!

Кертөбелімен ойқастап шыққан Бөгенбай, ат қарқынын тоқтатпастан келіп, қара шоқпарымен қос қолдай соғып, ә дегенде Лоло-Доржиды ұрды. Ол дүниенің не болып кеткенін білмей ат жалын құшақтап шаба жөнелді. Жоңғарлар есін жиғанша қазақ, жігіттері біразын жайратып салды.

Жоңғардың қатыгездігінен жандары түршігіп, әбден ызаланған жігіттердің әрбіреуі он кісінің қимылын істеді. Қолбасшылары жараланған, әрі күтпеген жерден тиген соққыдан абыржып қалған жоңғарлар қаша жөнелді. Бірақ тау арасындағы тар шатқалдан жол тауып құтыла алмай, көбі сойылға жығылды. Тек екі жүзге жетер-жетпесі ғана қашып құтылды.

Үшінші «қалмақ қырылған» ұрысы осылай аяқталып еді. Бағанағы Лоло-Доржиға барып, өтініш айтқан қыз Әбілқайырдың қарындасы Сақыпжамал бикенің өзі екені.

Ұрыс біткеннен кейін, Бөгенбай жігіттерімен Кіші жүз еліне қонаққа барған, Бөгенбайдың батырлығына риза болған Әбілқайыр жөне бұл секілді батырды өз жағында ұстауды жөн көріп, Сақыпжамалды Бөгенбайға қосты.

Бөгенбай сол бетімен осы жақта қалып қойған. Содан бері ол Ұлы жүз бен Кіші жүздің түйіскен жерінен қоныс алып, осы арада бес жылдай отырды. Әбілмәмбетке өкпелі Бөгенбай әлі де осы жақта қала берер ме еді қайтер еді, жақында Абылай сұлтаннан кісі келген. «Қазақ елінің алдында әлі талай асу бар, батыр елге қайтса жөн болар еді» депті Абылай. Оған Бұқар жырау да өтінішін қоса жолдапты. Бұл арада да Бөгенбай абыройсыз болған жоқ. Сан ұрысқа қатынасты. Халқының алғысын алды. Әйтсе де, кіндік кесіп, кір жуған жерін өзі де сағынып жүр еді. Әрі ойлап, бері ойлап, ақыры елге қайтуға келісім берді. Осылай, әне-міне келемін деп жүргенінде, кеше Әбілқайыр ханнан да шабарман жетіп, «Ордаға келсін! деген хабар әкелді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий