Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Орда маңындағы батырлар, жауынгерлер дүрліге қалған. Алдаспандарын қайрап, найзаларын ұштап, Хиуа базарына айдалып бара жатқан қарақалпақ, қазақ бауырларын құтқарып қалмақ боп, жорыққа дайындала бастаған. Сол дүрліккеннің бірі Арқадан бес жүз сарбазбен келген Бөгенбай батыр еді. Бірақ Әбілқайырдың Үлкен Ордадан бөлініп кеткеніне риза емес Әбілмәмбет Кіші жүз ханының қарындасы Сақыпжамалдың да күңдікке сатылуға айдалып бара жатқанын естігенде, ішінен «шоқ-шоқ» айтып, қолын бір-ақ сермеді: «Шабылған жұрт Әбілқайырдікі. Күшті болса адамдарын өзі алып қалсын» деген. Даурыққан жауынгерлер су сепкендей тез басылды.

Әбілқайырдың бұл кезде сонау Жайық бойында жорықта жүргенінен хабардар Бөгенбай ғана қызуын баса алмаған, «Әбілқайыр үлгіре алмайды, Хиуа жолына біз жақынбыз!» деп Бөгенбай ханға келіп, жорыққа шығуын өтінген. Бірақ Әбілқайырға өкпелі хан көнбеген. Ашуға мінген Бөгенбай өзінің бес жүз жігітіне атқа қонуға бұйырған.

Сонымен Бөгенбай қолындағы аз әскермен, бір төбенің бауырында, өзінен әлдеқайда көп жауының жолын тосып жатты. Көп кешікпей-ақ алыстан талмаусырап бір қайғылы үн естілді. Жауынгерлер тына қалды. Көп дауыс қосылып бір зарлы ән айтып келеді.

«Қара таудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Ән жоқтау тәрізді. Шерлі жүректен шыққан ащы запырандай. Бүкіл халықтың қайғысы осы бір өкси айтылатын өлеңге сыйып кеткендей, адамның жүрегін тырнап әкетіп барады. Бұл әнді көзінен жасы парлаған, елінен, жерінен айрылған көп әйел қосылып айтқанда жаныңды қоярға жер таппайсың. Жар тасалап жатқан жігіттердің үстін ауыр зіл басып, жарық дүние қарауытып кеткендей болды. Жігіттер тістеніп, қаруларының сабын қыса түсті.

Бұлар жатқан жер терең шатқалды, ұзыннан-ұзақ созылған тау арасы еді. Ирелеңдеген қош жолы осы тау арасынан өтіп, алдындағы жазық алаңға шығады. Одан әрмен қарай құмайт, тақыр дала басталады.

Көп кешікпей бір қойнаудан салт атты көрінді де, біртіндеп көбейе бастады. Енді сай ішін қаптаған адам, күңіренген үн жауып кетті. Қап сасыған талай ұрысты басынан өткізген Бөгенбай да көз алдындағы мына көріністен жаны түршігіп, бармағын тістей берді.

Топтың алдында күміс ер-тоқымды нардай қара айғыр мінген, басында қазандай қара дулығасы, үстінде көк темір сауыты бар, қара мұртын құлағына апарып орап қойған, Лоло-Доржидың өзі келе жатыр. Сырт бейнесінің өзі-ақ бұл ноянның қаншалық қанқұмар екенін көрсеткендей. Оның соңынан жолдың екі ернеуін ала, кілең көк найзалы, шойын шоқпарлы, ат үстіне оба тастай боп шөккен жоңғар басқыншылары. Ортада ұзыннан-ұзақ созылған тұтқындар. Шаштары тұлымдалынып жұлынған қыздар, жалан, аяқ, жалаң бас әйелдер, кейбіреуі жас нәресте бөпесін арқалап алған, ал қайсыбіреуі аяғын жаңа ғана апыл-тапыл басқан баласын жетектеп әзер келеді. Бұлардың дәл ортасында ұзын қыл арқанмен маталған кешегі жайсаң, жақсы жігіттер. Киімдері жыртылған, денелері жарақаттанып ісінген, үстері қан-қан. Шыққан көз, жұлынған құлақ... Осы сұмдық көрініске қосыла нан сұрап жылаған жас баланың ащы даусы, «қой-қойлап» жалынған анасының күбір-сыбыры, жүре алмай қиналған ауру, жаралы жандардың ыңқыл-сыңқылы, оларды боқтаған, балағаттаған, зірк-зірк еткен жоңғар нояндарының қаһарлы айқайлары тұмандай тұтаса келіп, тау арасын бір сұмдық үрейлі үнге толтырып жіберді.

... Қарындастан айрылған жаман екен,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді».

Жылау-сықтау арасынан аспанға әзер қалықтап көтерілген жаралы құстай, өкініш-қайғыға толы күйікті ән талып жетеді.

— Сорлы халқым-ай! — деп бір жас жауынгер еңкілдеп жылап жіберді.

— Сабыр ет, жігітім! — деді Бөгенбай бұрылмастан тістене. — Қазір олар сыбағаларын алады.

Бөгенбай бұл араны өзі таңдаған. Жоңғар әскері сонау алаңға шыға бере тиіспек.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий