Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ал құбыласы мен теріскей жағынан дәл қазір төніп тұрған қауіпті Тәуекел хан көрмеді. Түбі қытай боғдыханымен, Жоңғар қонтайшысымен алыса қалар күн туса, бұл жақтағы айбарлы көршісі Россияның керегі болар деп ойлады ол. Тіпті Абдолламен соғысқан кезде де орыс патшасының тыныш жатқаны қажет-ақ. Осы жағдайларды есепке aп, ол Түменге өзінің немере ағасы Оразмұхаммед батырды елшілікке жіберді. Бірақ Оразмұхаммед Түмен қаласына барған соң, осы қаладағы Мәскеуге қарсы әрекет жасап жүрген Ноғайлы билерінің тобына қосылып кетіп, қолға түскен. Орыс патшасы тұтқындарды айдап Мәскеуге алып келіп, Ноғайлы елінің билерін өлім жазасына бұйырып, «Джамши әл-тарихиды» жазған Жалайыр Қадір Әлби мен Оразмұхаммедті тірі қалдырады. Оразмұхаммедтің әкесі Борис Годуновтың қарамағында біраз жыл қызмет істеп, патшаға еңбегі сіңген адам еді. Сол себептен оның баласына тимеген. Ал Тәуекел хан немере ағасы Оразмұхаммедті босатып аламын деп көп әрекеттенді. Мәскеу патшалығымен келісім сөз де жүргізді. Елшілік те жіберді. Бірақ патша Оразмұхаммедті босатпады да және өлтірмеді де. Ақырында орыс жеріне қуылып барып, қызметімен ұнаған Тоқтамыс ханның немересі Қасым сұлтанның аты берілген Касимовка (Кармек-Шахар) қаласына Оразмұхаммедті әмірші етті. Енді Тәуекел хан тыныш жатқан жолбарыстың құйрығын басқысы келмей, Мәскеу патшасы Борис Годуновпен тіл табуға тырысты. Бұған Оразмұхаммед те аз жәрдем берген жоқ. Құбыласы тынышталған Тәуекел, әкесі мен баласының арасындағы өшпендікті пайдаланып, Абдоллаға қарсы соғыс ашпақ болды. Әрине, соғыс ашуға хандарға қашан да болса себеп табылады, түбі Сыр бойындағы қазақ шаһарларына туатын қауіп осы хан жағынан туады деп сенген Тәуекел. Содан кейін барып, қазақ жеріне көзін тіккен Қытай, Ойрат хандықтарымен алыспақ болды.

— Яссы шаһары бүл кезде Түркістан шаһары деп аталған. Тәуекел ханның астанасы да осы Түркістан. Хан сарайы Қожа Ахмет Яссауи мешітінің күншығыс жағында, қалың бау-бақшаның арасына салынған. Күйген кірпішке сан түрлі бояумен әшекейлеп жазылған құран сүрелері, сырлы әдемі өрнектер. Оңтүстіктің аңызақ ыстық желі еш әсер ете алмас, қалың қабырғалы кең бөлмелер. Түркістан хан сарайы Самарқант пен Бұхар патша сарайларындай алтын күмбезді, айбарлы болмағанмен, біркелкі сыпайы, салтанатты.

Ал қазір, жасыл төккен майдың сәулетіне қарамай, соғысқа дайындалған қала әдеттегісінен бір түрлі суық, ызғарлы. Жасақ жалғыз Түркістан ішінде ғана емес, сонау Қарнақ пен Сукенттен бастап, Түркістан маңындағы дих, қышлақтардың бәріне де лықылдап толған. Ақ Жайық, Есіл, Нұрадан келген жуан қоныш батырлар, Жаркент, Ақсудан да келген қытайы қылыш безенген жауынгерлер.

Кеше хан кеңесі болған. Бұл кеңесте Тәуекелдің қарамағындағы қалың әскер үш сапқа бөлініп, Абдоллаға күш жинауға мүмкіндік бере алдымен Ташкентке, онан кейін Самарқантқа аттанылсын деп шешілген. Бұл қалаларды алғаннан кейін барып Бұхар ханымен келісім сөз жүргізілсін делінген.

Түркістаннан шығатын әскердің басшылары әрине хан тұқымынан болмақ: оң қолын Тәуекелдің інісі батыр Құджек, сол қолын қазір жиырмаға жеткен, жұрт: «Еңселі бойлы ер Есім» деп атай бастаған Есім сұлтан басқармақ. Әскердің ортадағы кіндік қолының туын Тәуекел хан өз шатырына тікпек. Осылай үш тісті өткір айырдай қалың қол Ташкентті қоршамақ. Бұндай жағдайда қандай үлкен шаһар болмасын, тек өз күшімен ғана қарсыласа алады. Оларға сырттан жәрдем келмейді. Ал Абдолла әскерінің дені жалдама әскер. Сан түрлі ұлттың қанқұмар, бұзық, тентектерінен құрылған. Бұндай жалдама әскердің өзінен күшті колға қарсы жанқиярлық көрсете қоюы екіталай. Оның үстіне қала тұрғындары Бұхар хандығының ауыр алым-салығынан әбден жадап-жүдеген. Бұған шыдай алмаған шаруалар қатын, баласын шұбыртып қазақ даласына қарай қашатын. Абдоллаға бір кезде қызмет істеп, Бұхар жұртшылығының қандай ауыр күйде екенімен жақсы таныс Тәуекел, Ташкент, Самарқант жатақтарына: егер шаһарлары бұған көшетіндей күн туса, алым-салықтан мүлдем босатамын деп уәде берді. Бұ да қала тұрғындарының бірігуіне ірткі салды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий