Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Нардай ақ боз текежаумыт мінген Шұно-Дабо ноян да атының басын бұрып үлгірген екен. О да азынатып келе жатыр...

Бөгенбай мен Шұно-Дабо аттары үзеңгілесе тақалып кеп қалғанда, қолдарындағы бұзаубас қара шоқпарларын біріне-бірі тағы сілтеді. Бұ жолы шоқпарлардың шойын бастары біріне бірі дәл тиді, аямай ұрған қос батырдың алып күшіне шыдай алмай қыл мойындарынан шорт сынып, екі жаққа ұшып түсті.

Аттарының басын қайта бұрып, екі батыр бір-біріне қарсы ұмтылғанда, бұлардың қолдарында енді сала құлаш көк құрыш алдаспандары жарқ-жұрқ ойнады. Үзеңгілес келіп екеуі алдаспандарын қатар сермеді. Бірақ қылшылдаған көк құрыш қанша қан сағынғанымен, екі батырдың денелеріне дарымады. Бірінің жүзіне бірі тиіп, шақ етіп өте берді. Батырлар аттарының басын бұрып алып қайта шапты. Бұл жолы олар ақ көбік атып, қара терге малынған жүйріктерін бір орнында шыр көбелек ойнатып, ұзақ уақыт қылыштасты... Ақырында алдаспандарының жүздері майырылып, екеуі де бұл алыс-жұлыстан айнып шықты. Екі батыр ең алғашқы кездескен беттерінде-ақ садақ тартысып, найза салысқан. Садақтарының жебелері шынжыр сауыттарын бұзып өте алмады. Ал найзаларының сүмбіл ұштары болат қалқандарына шақ-шұқ тиіп, тез-ақ майысып, істен шығып қалды.

Осындай бірін-бірі жеңе алмаған теке-тірес, биенің екі сауымындай уақытқа созылды. Өздері де әбден әлсіреп, қара терге малынды, аттары да болдыруға айналды.

Енді бұлар аттарынан созыла түсіп, қылшылдаған ақ семсерлерін жалаңдата бір-біріне қарсы жаяу ұмтылды. Тең күш бұ жолы да бірін-бірі жібермеді. Қарулы қолдардың сығуына шыдаспай, алақандары жазылып, болат қанжарлар жерге сусып түсіп, ақыры бұлар қоян-қолтық алыса кетті. Тобықтан келетін жұмсақ құмды кешіп жүріп, бірін-бірі жамбасқа да алды, іштен де шалды, көтеріп ап жерге де ұрды. Бірақ бұдан да ештеңе шықпады. Пара-пар келген алып күш бірін-біріне жеңдірмеген. Күн шыға алысқан қос арлан сәске ауған уақытта ғана барып, әбден дымдары құрып, екеуі екі төбешік құмның үстіне әлсірей құлады. Біріне-бірі алдырмайтынын сезген қос батыр майданға қайта шықпады. Орындарынан тәлтіректей түрегеліп, анадай жерде тұрған аттарына кетіп бара жатып, уәделескендей екеуі де бірдей кілт тоқтап, арттарына қарады.

— Бөгенбай батыр, — деді Шұно-Дабо, — жекпе-жек алысып көрдік, екеуміздің де арымыз таза. Ендігі жерде кімде-кім жолын табады, сол өлтіреді. Абайсыз жүріп, қапы қалма!

— Жарар. Сен де арманда кеттім деме!

Осыдан кейін екеуі аттарына мініп, бірі күншығысқа, екіншісі солтүстікке қарай желе жортып кете барған.

Бұл екеуінің арасындағы өшпенділік, жас Шұно-Дабоның қазақ жеріне ең алғашқы шабуылға шыққан кезінен басталған. Содан бері бұлар сан айқаста бетпе-бет кездесті. Бірақ бірін-бірі жеңе алмай-ақ қойды. Бойға біткен алып қуат пен ызалы кек ақыры әкеп жекпе-жекке шығарды. Бірақ бұ да ерегес бәсін шешпеді.

Әйткенмен қастасқан қос батыр бес жылдан кейін қайта кездесті. Арыс пен Бадам өзенінің арасындағы адырлы, бұйратты ойлы-қырлы кең дала Үш жүздің атты әскеріне лық толған. Бадам өзенінен бес шақырым жердегі «Орда басы» деген биіктің үстінде қазақ жасақтарының қолбасшысы — ақ боз атты Әбілқайыр тұр. Алды да, арты да, көз жеткен жерге дейін, алақандағыдай айқын көрінеді. Күнгей жағында қара бұлттай тұтасқан жоңғар әскері. Бөрінің алдында Шұно-Дабо ноянның өзі. Тау етегінде есік пен төрдей қара көк сәйгүлік мінген Бөгенбай. Екі көзі әскерінің алдында жүрген Шұно-Дабода. Сәске көтеріле дабыл ұрылды. Екі жақ бірдей лап қойды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий