Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жанында отырған тоқалын Қоңырқұлжа адамға санар емес, Указға риза болып кетіп, қос басты самұрық құс салынған жерін шөп еткізіп сүйіп алды да орнына қойды. Енді осы Указбен бірге Омбы генерал-губернаторына жазған патшаның екінші жарлығын оқуға кірісті. «Ақтау бекінісіне шіркеу салынсын. Шіркеуде бір поп, екі дьякон, бір күзетші ұстауға рұқсат етілсін. Поптың жылдық жалақысы мың сом болсын, мүриттерге, дьякондарға алпыс сомнан, күзетшіге — тоғыз сом елу тиын жылына жалақы берілсін. Ал попқа, Ақмола, Қарқаралы Аягөз приказдары бойынша жолға шыққанында, заңға сәйкес жол құны төленсін және одан бөтен арақ-шарап секілді керектеріне жылына тағы екі жүз елу сом ақша қосылсын».

Қоңырқұлжаның мұрты ұйқыдан оянып керілген мысықтың құйрығындай тікірейе қалды. «Бұл қалай, деді ол тағы да ішінен, Абылайхан Қалдан Сереннің Шарша деген баласын өлтіріп, енді орыс патшалығына бағынам деп Тұғым деген баласын жібергенінде, қатын патша оған хандық құрмет қағазымен, жылына үш жүз сом ақша, екі жүз пұт ұн төленіп тұрсын деген жарлық берген еді ғой, ал мына попқа... Иә, сонда қалай болғаны? Патша ағзамның қазір байығаны ма, әлде үш жүздің ханы саналған Абылайға жылына үш жүз сом төлеп көңілін өзіне аудармақ болғанда, бар қазақтың бостандығын бір поптың жалақысы құрлы көрмегені ме?»...

Қоңырқұлжа өз ойынан өзі шошып кетті. «Түфа, түфа» деді патша ағзам үш жүз сом түгіл, бүкіл қазақты босқа неге алмайды? Қыңқ десем жаным шықсын. Тек Құдайменді тұқымын көлеңкесімен қорғай жүрсе болғаны! Иә, иә, көлеңкеңнен айналайын ақ патша, сенің жақсылығың аз тиді ме? Мен де сол жақсылығыңды ақтап жүрген жоқпын ба? Қолымнан келгенін аяған жерім бар ма? Омбы облысының бастығы генерал Талызинның бұйрығы бойынша, Кенесары жағына шықпақ болған руларға қасыма үш сұлтан ертіп өзім бардым, көшпеңдер дедім. Талызинның жұртты қорқытқан, үркіткен, маңдайынан сипап алдаған қағаздарын да тараттым, тіпті болмаған соң ереуілді елге Омбы облысының мұсылман мешітінің басы Габдырахман ұғлы Мұхаммед Шариф имамды да шақырттым, бірақ көтерілісті басу менің маңдайыма жазылмаса не істеймін. Ақ патшаға қарсы желіккен қазақ Наурыздағы шабынған бура тәрізді, мауқын баспай, бетінен қайтпайды. Қой десең өзіңе қарсы ұмтылады. Кенесары отырған елдің ортасына баруға, маған да жан керек, бәлелі тесікке бармағымды тығып не жыным бар, бар қолдан келгенім сол болды.

Ал Кенесары дегеніңіз кекілікті ілуге әккі болған кезқұйрық тәрізді, сотқар әкесі мен тентек ағаларының соңынан жүріп әбден шынығып алған, ұрысқа бірден кіріп кетпей, Чириков есаул секілділер басқарған кішкентай жасақтарды қағып тастап, күш жинауда...

Омбы генерал-губернаторына, «Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Қарқаралыдан Жайыққа дейін ата-бабамыздың жері еді, сендер соларды тартып алып, бекініс салып жатырсыңдар. Мал бағып, күн көретін бізге де жер керек», — деп әлсін-әлсін хат жазып, жұртты дүрліктіре түсуде. Ақтау бекінісі салынады дегеннен бері тіпті өшігіп алды. Қан төгіспейік, Ақтау бекінісін салмаңдар дейді. Ал атамекен Көкшетауы мен Қараөткелдің арасына орнатылған бекеттерге маза беруді қойды...

Бірақ ақ патшаға Кенесары кім? Ай далада ұлыған бір аш қасқыр. Жазған хаттарына жауап қайтармақ түгіл осы хатты әкелген адамдардың өзін ұстап алып шетінен Сібірге айдауда. Ал сонда, Кенесары не істемек? Бізде жазық жоқ, өтіндік, құлаққа ілмеді, ал енді атқа қонайық деп қалың бұқараны көтермек... Сондықтан да жерінен айырылып ақ патшадан түңілген жұрт Кенесарыға қосылуда. Омбы генералдары мұны неге түсінбейді? Көктемде көтерілген дария түгіл кішкентай өзен де бір күні шеңберінен шығып тасиды. Ал Омбы бастықтары қалың қол шығарып, Кенесары күшеймей тұрғанда қырып салудың орнына, біздің өзімізге ереуілді тоқтат, немесе тың тыңда деп бұйрық беруден басқаны білмейді».

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий