Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осыдан кейін төсек тартып үш күн жатып алды. Қалың ойға шомды. Шешімге де келді. «Зейнеп пен Шыңғыстың арасы жұртқа тарамасын. Ағайын-туған естісе абыройымның айрандай төгілгені. Бұл екеуінің тартар жазасын тек өзім ғана білуім керек. Ал Жәнәділді қарашының қызы Күмістен алыстатқан ақыл. Сандыбайдың Ердені өзіммен терезесі тең шонжар. Онымен құдандал болу — он екі қанат ақ ордама тағы да бір жаңа тіреу қосылды деген сөз. Нағашысы Тұяқбай қарадан шыққан қыңыр еді, көрдің бе жиенінің қалай қарай тартқанын? Қайткен күнде де Күмістен ажырату әдісін табу қажет, нағашысы секілді тоң мойын ит айтқанға көнбесе...»

Бүкіл Қараөткелді бір шыбықпен айдаған Қоңырқұлжа өз басына түскен ауыртпалықтан осылай күбідей ісініп не, істерін білмей жүргенінде, Талызинның әлгі хаты келген.

Қоңырқұлжа қуанып қалды. «Ау, туған балаларыңды көрер көзге ажалға айдағаның ба, деген іштей сұраққа: — үш жүз бірдей мадақтаған Абылай өзін Хиуа ханының құлдығынан алып қашып, еліне аман-есен әкелген Ораз құлды ер жеткен кезінде «Басымнан өткен қашқындық, құлдық қаралы күнімнің куәсі болады», — деп өз қолымен бауыздаған жоқ па еді?! Жамандық ісіңнің айғағы болар адам тірі жүруге тиісті емес. Бұл салтты Абылай балалары берік ұстағанда Сәмеке ханның ұрпағы неге қашады? Аға сұлтан Қоңырқұлжа өзінің тоқал шешесінің қойнына барған баласы Шыңғысты ерлік көрсетер сын сапар-

ға жұмсауы күнә ма?» — деп мырс-мырс күлген.

Енді осы шешімін айтпақ боп іздеткенінде, Омбы кадет корпусынан жазғы демалыстарына келген Жәнәділ де, Шыңғыс та аулында болмай шыққан. Кенет бойын қызғаншақтық, ашу билеген Қоңырқұлжа оларды іздетіп шақыртып алуға шыдай алмай, қасына он бес баскесер нөкерін ертіп, өзінің әлі түнейтін кезегі жетпеген жас тоқалының аулына түсіп кеткен. Бірақ Жәнәділ мен Шың-

ғыс мұнда да болмай шыққан. Сірә әкелерінің келе жатқанын естіп, көрші ауылға кетіп қалған тәрізді. Бір нөкеріне «тауып әкеліңдер» деп бұйырып, өзі тоқалының үйіне түскен. Мезгілсіз келген байының түксиген қабағынан Зейнеп сескене қалса да сыр бермеген. Сұлу денесінің еркектерге алдымен көзге түсетін ерекше жерлерін күзгі семірген тоқты қойдай әдейі бұлтылдата, көзін жерден бір алмай, аяғын ұшынан басып қызмет істеген. Жас бағланның тез піскен етін тұтасымен бір өзі жеп, бір шара қымыз ішіп ықылық ата бастаған Қоңырқұлжа қырмызы қызыл түлкідей құлпырып өзінен әлденені дәметіп монтиып отырған тоқалға сонда ғана қараған. Жеген еті мен ішкен қымызы бойға тарап, денесін кенет бір алуан қызу сезім билей жөнелсе де, «тоқалым, сенің көңіліңді соңынан табармын» деп далаға шыққан. Ел жата бастаған кез еді. Жәнәділ мен Шыңғыс әлі келмеген екен. Қоңырқұлжаны бөтен ой билеген.

— әбдіуақит төлеңгіттің үйі қайсы? — деді ол қасында тұрған нөкеріне.

— Мынау шеткі қараша үй.

Қоңырқұлжа ешкімге тіл қатпай сол үйге қарай жүре берген. Аға сұлтанның ізін басып оны күзетіп жүрген топ нөкері де соңынан ерген.

Қоңырқұлжа «Ассалаумағалайкүм» деп кіріп келгенде, ең алдымен қараша үйдің дәл ортасында қып-қызыл боп жайнаған тобылғы шоғын көрді. Одан кейін қара көлеңке үйдің оң жағында құрама көрпенің үстінде шашының ұшын өріп отырған бой жете бастаған жас қызға көзі түсті. Бөтен жан жоқ. Бейсауат келген аға сұлтанды танып қыз не істерін білмей тыпырлаған да қалған.

— әбдіуақит қайда? — деді аға сұлтан, қыз бетіне сүйсіне қарап.

Қыз бұрынғыдан да саса түскен.

— әлгі көрші ауылдағы нағашым үйі шақырып еді... Кіші баласын сүндеттетеді екен. Апам екеуі соған кеткен... Көп кешікпей келіп қалар...

— ә-ә... Атың кім?

— Күміс...

Шешім табанда келген. Қоңырқұлжа мінезіне әккі болған нөкерлер үйден шығып кеткен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий