Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Аға сұлтан қызға қайта қараған. Күміс десе күміс екен. Маңдайы қақтаған күмістей кең, өзі жұмыртқадай аппақ, сазды жерге біткен сары ағаштай сұңғақ бойлы, уылжыған бір керемет. «Жәнәділ де текке құмартып жүрген жоқ екен!» — деді ішінен кенет бойы балқып кеткен Қоңырқұлжа, сөйтті де сыртына жамыла салған қара пұшпақ ішігін иығынан сілкіп түсіріп, көйлекшең қалды да, сабадай кең жарғақ шалбарының ауын шешіп жатып, Күміске қарап:

— Балам, ана бір кеседегі сусынды бері әкелші, — деді.

Аңшы қуып жеткен еліктің лағындай зәресі ұшып, тостағандай көзі шарасынан шыға жаздай жаутаңдаған Күміс бір сәтте далаға қаша жөнелгісі де келді, бірақ сыртынан есікті ұстап тұрған жігіттерді аңғарып, «ештеңе ете қоймас. Сусын сұрап отыр ғой...» — деп дірілдеген буынын әзер басып, майыса түрегеліп аяқ жағында тұрған саумал құйылған, қаңылтыр сыммен шандыған ескі кесені ұстап, арбаған жыланға таяған торғайдай, Қоңырқұлжаға жақындай берді.

— Мінекейіңіз...

Сол-ақ екен Қоңырқұлжа Күмістің ақ білегінен шап беріп ұстай алды да, өзіне тартып алды. Қыздың тек «ойбай» деген даусы ғана шықты. Ар жағында жағалтайды ілген қара бүркіттей Қоңырқұлжа Күмісті қозғалтпастан балдыр-

ған жас денесін шөккен бураша алпамсадай кең бауырының астына алып, әлі әбден қатпаған қабырғасын сындырардай қыса, умаштай жөнелді...

Қанша бұлқынғанмен аузын кеудесімен тұншықтырған алып күш қоя ма, аздан кейін Күміс талықсып кетті. Бірақ аға сұлтан оған қараған жоқ. Елуге келсе де, әлі күші қайтпаған, бағлан қозы еті мен уыз қымызға тойынған Қоңырқұлжа енді жас Күмістің абыройын қызыл қан етіп ағызды.

Қоңырқұлжа мауқын басып, маңдай терін сүртіп жатқан кезінде сырттан:

— Сұлтан, қайтесіз қызуланып, сізге кіруге болмайды, онда аға сұлтанның өзі бар, — деген бас нөкерінің даусын есітті. Қоңырқұлжа баласы Жәнәділдің келгенін білді.

Дүлей күшке қарсы тұра алмай ақ жүзін мөлдір жасы жауып талмаусырап жатқан «жас иісті» тағы да бие сауым мезгіл әурелей, аға сұлтан әлден уақытта орнынан тұрды.

— әкесі қатын қылған қызға үйленсін енді Жәнәділ! — деп есіней күлді де, ішігін иығына іліп, жарғақ шалбарын қолтықтай үйден шығып кеткен.

Тоқалының отауына жақындай беріп, анандай жерде, көген қасында екі бетін қолымен басып, екі иығы бір көтеріліп, бір түсіп үнсіз жылап отырған Жәнәділді көрді. Қайырылып қараған да жоқ. «әкеңнің тоқалына ініңнің барғанын бетіме салық ететін сабазсың ғой, ал енді не айтар екенсің?» — деді ол күбірлеп, өзінің туған баласын табалай, сөйтті де ақ отауға беттей берген.

Бір нөкері соңынан асыға қуып келіп:

— Алдияр аға сұлтан, әке-шешесін қайтеміз, көрші ауылдан келе жатқан бетінде қол-аяқтарын байлап сайда ұстап тұрмыз? — деп еді, Қоңырқұлжа:

— Қоя беріңдер, — деді де ақ отауға кіріп жоқ болған.

Қоңырқұлжа шаңырақтан түскен күн сәулесінен бетін сәл әрірек қозғады да, қайтадан тоқалына қарады. Одан бетін аударып босағаға көз тастады. Босағада керегеге жібек бүлдіргісінен ілінген сегіз қарыс, өрімі қос саусақты ырғай сапты қамшы тұр.

Өз балаңмен ойнас болатын патшағарсың ғой, алсам қайтер еді ана қамшының астына, деп ойлады ол бір сәтте. Бірақ ол ойынан тез қайтты. Зейнеп осал жердің қызы емес. Қарқаралы аға сұлтаны Жамантайдың кенже қарындасы. Бұ да Тәуке сұлтанның қызы. Сұлтан қызын ұруға дәстүр жоқ. Ұнамаса, немесе дәм-тұздары жараспастай кектессе сұлтандар ғұрып бойынша ондай әйелді ұзатып әкелгеніндей, бір көш етіп ырғалтып-жырғалтып төркініне апарып салуы керек. Күнәсін өз әкесі тартқызады. «Иә, бұл қамшы саған емес, бөтендерге арналған, анау қорғасын сымды төрт таспа, осы Қоңырқұлжаның өз қолымен-ақ талай құл мен күңнің арқасында ойнаған».

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий