Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұрын бізде күзетте жүрген бір шоқынды татар уряднигінен естігем: «Фондерсон үйіндегі малай қыз сізді екі-үш рет сұрады. Егер тамақ берсем тапсырасың ба?» — дейді деген.

әрине, әкесінің ағасымен бірге абақтыға түскен соң, мені солардың адамы екен деп ойлап жүргенін бірден ұқтым. Жемін сезсе жиырылған кірпі бауырын жазады, азырақ ақша беріп, әлгі урядниктен мені қызбен бір жолықтыруын сұрадым. Өз дінін сатқан урядник, патша қызметін де сатты, бір кезекте тұрған күні Алтыншашты маған әкеп жолықтырды. Қыз кісендеулі Сейтен екеумізді генерал үйінің жанынан абақтыға айдап апара жатқанда көрген екен. Жаны ашып түнімен жылап шығыпты. Байқаймын, шет жақта өскенмен, өз тумаластары десе үзіп жанын беретін түрі бар. Оның үстіне мен оған елінің азаттығы үшін күресіп жүрген бір батыр жігіт боп көрінген тәріздімін. Қысқасы, біз шу дегеннен тіл таптық. Сөйтіп, бір-екі кездескеннен кейін, екеуміз қол ұстасып елге қашпақ болдық.

«Біздің осылай уәделескенімізді Фондерсонға айтып едім, ол шу дегенде жаман ашуланды. Бөлтірікті қанша асырасаң да тоғайын аңсайды» деген осы деп бір сәтте Алтыншашты жазаламақ та болды. Дегенмен ақылды адам ғой, аздан кейін сабасына түсіп «Сенің мұның дұрыс екен. Алтыншашты алып еліңе жет... Халқының азаттығы үшін күрескен кісінің қызын алып қашып келсең, саған жұртың сөзсіз сенім көрсетеді. Ал бізге қазақ арасында, әсіресе Кенесары жігіттерінің арасында сендей жансыз көз-құлағымыз болғаны өте қажет», — деді. Сөйтіп мен қазір Алтыншашты қатын етіп алып, Кенесарының аулына бара жатырмын, — деді сөзін аяқтап Ожар.

Қоңырқұлжа риза болып қарқ-қарқ күлді.

— Жігіт болсаң міне осындай бол! Қой да аман, қасқыр да тоқ, қатын да бар.

Ожар төмен қарап күлімсірегендей езу тартты.

— Заманың түлкі болса, тазы боп шал деген ғой біздікі.

— Дегенмен екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді, сақ бол. Әсіресе Кенесары аулында... Сұлтанның көзі қырағы, қате бассаң бірден сезеді. Және ол ауылда жалғыз ғана Кенесары емес қой.

— Қасымның ұрпағынан басқа қасында тағы кімдер бар екен, хабардарсыз ба?..

— Қазір көп жұрт солай қарай бет бұруда ғой. Жақында сол жақтан бері өткен бір мәліш сәудегерінен естідім, атақты батырлардан бүгін таңда Шұбырт-

палы Ағыбай, Алтай Төлебай, Бестаңбалы Бұқарбай, Бағаналы Құдайменді, Қыпшақ Иман бар көрінеді, ал Табын руының батыры Тіленшінің Жоламаны біз де сендермен біргеміз деп жақында Байтабын деген жас батыры мен Сер-

ғазы хан тоқалдыққа алайын деп жүрген Ақбөкен атты батыр қызды жіберіпті...

— Қатын құтырған заман болды ғой осы кез... Сырымбет қырқасынан байын, малын тастап алты баласымен Кенесарының қарындасы Бопай да барып қосылды деген де рас па?

— Рас. Қасымның ұлдары арлан қасқыр болса, қыздары қаншық бөрі емес пе. Бопай қазір қолына найза алып бір топ жігіттерді басқарады деседі. Күйеу жұрты, Уәли ханның ауылын шабамын деп тісін қайрап жүрген көрінеді.

— Бопай келіп ағасының тобына қосылса Жанайдар батыр да со жерде десеңізші...

— Неге?

— Жанайдар мен Бопай жас кездерінде Қозы Көрпеш пен Баян сұлудай болған жоқ па еді? Тек Қасым төре Жанайдарды қара қазақ деп Бопайды оған бермеген. Алты бала тапса да Бопай Жанайдар десе ішкен асын жерге қояды деген өсек бар. Екеуінің басы Кенесары ордасында қосылған болар.

Өзін ана жылы Байгөбектің асында көргенім бар, ағасы тәрізді көзінен қаһар шашқан ақ сары қатын екен. Астына боз жорға мініп алып сайысқа түсті. Бірде-бір еркек шыдатпап еді... — Ожар бірдеме ойына түскендей Қоңырқұлжаға бұрыла қарады, — жаңағы айтқан батырларыңыздың бәрі, Жоламан сұлтаннан өзгесі кілең ашық кеуде, жалаң төс кедей сарбаздар екен... Ел билеген бай, манаптан ешкімнің аты естілмей ме?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий