Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Зейнептің жүрегі мұздай боп кетті. «Бәрін де біледі екен. Мезгілсіз келгенінің де себебі сол болды. Анау етегіне жабысқан қан да соның есебі екен. Қарамағында кісі жоқтай, туған балаларын өлімге айдап салуы да соның өші. Көкжал болсаң осындай бол».

Кәрі тарлан Қоңырқұлжаға Зейнеп сүйсіне қарады. Айыпты екені есіне түсіп кетіп, аяғына жығылып кешірім сұрағысы да келді. Бірақ оны істемеді, әйел болса да түбі Бөкейханның ұрпағы екенін ұмытпады. Сол сазарған қалпында:

— Ал Жәнәділдің жазығы не? — деп сұрады.

— Жазығы баласы мен шешесінің қылмысын біледі. Және сұлтан басын қарашының қызына қор етпек болды.

— Бәріне де түсіндім. Енді мені төркініме қашан апарып тастайсың?

— Баланы өзім таптырдым, өзім жазалаймын. Ал қатынды қырық тоғыз төлеп сатып алғам, қалың малымның құны қайтпай бостан-босқа неге апарып саламын? — деді қабағын түксите, сөйтті де сәл жібіп, — қымызың болса әкелші, шөлдеп кеттім, — деп теріс бұрылды.

«Арам қолдан қалай адал қымыз ішуге дәті барады», — деп Зейнеп сәл таң қалып тұрды да, өзін-өзі жұбатты. «Жарайды, хан тұқымында бұдан да сорақы күнәлар болған. Өзі кешсе, маған не сор?».

Ол енді жорғалай басып, босағада тұрған күміс піспекті қара сабаға қарай беттеді.

Осы кезде үйге біреу кірді.

— Ассалаумағалейкүм.

Қоңырқұлжа сәлем берген адамның бетіне бұрыла қарады да, кенет жүзі жылып сала берді.

— Ау, Ожар сабазсың ба?

— Иә, аға, сұлтан, өзімін.

— Жарқыным-ау, тірімісің, қайдан жүрсің? Жоғары шық.

— Омбыдан. Және жалғыз емеспін, — деді Ожар төрге таман отырып жатып.

— Қасыңда кім бар?

— Қатыным.

— Кімнің қызы?

— Тайжанның.

— Қай Тайжан? әлгі патшаға қарсы шығып атылған... Азнабайдың Тайжаны емес пе?

— Иә, сол кісінің қызы...

— Онда қыз бар ма еді?

— Өзі ұсталғанда... Алтыншаш деген қызы қалған екен. Тайжанның үй-ішін Туринге айдағанда Омбының бір бай саудагері сол Алтыншашты сатып алып, генерал Фондерсонға тарту етіпті... Биыл он алтыға шықты.

— әңгіме сенде екен ғой!.. Иә, сен оған қалай үйленіп жүрсің?.. Өзі қайда.. Үйге неге кір демейсің...

— Көрші ауылда... Қалай үйленгенім ұзақ жыр...

Ожар қымыз сапырып жатқан Зейнеп жаққа көз тастады да, сөзін тия қойды. Аға сұлтан бірден түсініп әйеліне:

— Тоқал-ай, сыртқа шығып қонаққа шай қойғыз, қой сойдыр... — деді.

Зейнеп: «Менен жасырасыңдар ғой сырларыңды», — дегендей кекете езу тартты да үйден шығып кетті.

Ожар Сейтенмен қалай серік болғанын, оны қалай ұстап бергенін, өзінің тұтқын болып неге бірге жүргенін бастан-аяқ баяндап берді де:

— Омбыға барған соң да екі жетідей абақтыда жатуға тура келді. — Сейтенді бөлек, мені бөлек «соттамақ» болды, — деп күлді. — Бір күні Фондерсонның өзі келді. Генерал дегенді жақын жерден бұрын кім көрген, сары ала түймелі, қайқиған жирен мұртты, түсі суық кісі екен. Сейтен мен Тайжанды ұстап бергеніме рақмет айтып, не тілегің бар, сұра деді... Омбыға былтыр бір жәрмеңкеге келгенімде Алтыншашты көргенім бар... Сонда аузымнан сілекейім ағып құмар боп кеткем. Тәуекел деп генералға: «Маған қатындыққа есігіңде жүрген қырғыз қызын берсең болады», — дедім.

— Жиырма бесінші жылғы заң бойынша қыздың кімге тием десе де өз еркі. Біздің зорлауға хақымыз жоқ, — деді генерал. — Қыз көнсе...

«Байқаймын генералдың Алтыншашты маған берер түрі көрінбейді. Заңды өздері қолдан жасап алып жүрген жоқ па... Темір торлы абақтысы бар қала түгіл, жалпақ жатқан қазақ жерінің өзінде де қыздың еркін кім сұраған. Әйтсе де мен:

— Қызды көндірудің міндетін өзім алайын, — дедім.

Генералдың көзі шарадай болып кетті.

— әкесін ұстап берген адамға ол қалай көнеді? — деді.

— О жағын өзіме жіберіңіз, — дедім.

Генерал айтқан сөзін қайтып ала алмады. «Жарайды» деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий