Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кісі - қара жинала бастады. Итжемес те осылай қарай маймалаңдап келеді. Итжемес -Сүйеу қарттың абызындағы адам. Сүйеу қарт оған биыл әйел әперіп, еншісін беріп, өз алдына бөлек шығарған-ды. Бірақ әлі де өздігінен аяғына мініп кете алмай, сыйлы қарттың абыройын сыртынан азық қып, ел арасында қақпай - соқпаймен күн көріп жүр. Кейде кіре тартқандарға ілесіп қалаға барады. Кейде Еламанды сағалап, қазіргідей көкше мұз тұсында балықшыларға соғады. Алғашқыда апырып - жапырып жіберетіндей бір- екі күн аянбай қимылдап, күшін сарқып алады. Сүйеу қартты сыйлайтын жұрт жұмысқа шалағай жігітті бәрібір үлестен қалдырмай, қыс бойы әлі сыбаға боп еді. Сол Итжемес тағы келді. Қалаға қатынап жүріп бір орыстан алған ба, үстінде тозығы жеткен ескі қара күрте. Жеңін қайырып алыпты. Соның өзінде әкесінің иығынан ауысқандай қолп - қолп етеді. Рай оның бас - аяғына сықақтай қарап:

─ Қарашекпеннің байы екен десем, ау, құда, өзің бе едің?- деп күліп еді, жігіт салған жерден салдырлай жөнелді:

─ Бұ - бұрын қара киімдіден қорқатын едім. Өзім қара кі - киім кидім де, ехе - хе, енді жұртты өзім қорқытатын болдым.

Біреу алқымнан алып буындыра қойғандай, тұтығып, көзі жыпылықтап, әркімге бір қарап тұрды да:

─ Мұ - мұзға шық - шыққалы жатқан көрінесіңдер. А - ал, іске сәт! Талап қайырлы болсын. Теңіз ба - балықты болсын! Ме - мені де серіктеріңе алыңдар. Мал ортақ, жан ортақ,- деп ие бермей, төпеп бара жатыр еді, Рай:

─ Әй, жарқыным, тоқташы,- деді.

─ Жо - қ, тоқтамаймын,- деді Итжемес, өзі болмаса, өзгенің сөзіне құлақ аспайтын әншейіндегі әулекілігіне басып.

─ Ау, тым құрыса тыңдасаңшы.

─ Ой, әк – ке – ке - сінің аузын... тыңдаймын, деп қолын сілтеп, маймалаңдай жөнелді. Кетіп бара жатып та қашан қарасы ұзағанша самбырлаған дауысы құлақтан үзілмеді. Кеткені жақсы болды, әйтпесе аузын қышытсаң адамға десте бермей, есіріп кететін әулекі. Тұтықпасы демесең, тұмсығын құдды желге төсеп жүгірген ақ киіктің танауындай кең танауы желпілдеп, үсті-үстіне сөйлеп бергенде, оны тоқтату мүмкін емес-ті.

Еламан үйге келгенде Ақбала пеш түбінде отыр екен.- Ақбала, біз мұз үстіне шыққалы жатырмыз. Сен қорықпа...

Еламан аңдаусызда аузынан қалай шығып кеткенін білмей қалды. Енді оны қайтып жуып-шаюдың есебін таппай, қолғабын іздеген боп үйдің ішін әбігер қылды. Ақбала қосыла іздеді. Қолғапты тез тапты да, Еламанға беріп жатып:

─ Неден қорқасың?- деп сұрады.

─ Жо-жоқ, ештеңеден қорқып тұрғам жоқ.

─ Менен жасырма,- деді Ақбала.

Өткен түнде таң алдында ұрланып келген кісі Еламанды оңашаға шығарып алып «сақ бол!» деп ескерткелі Ақбалада зәре жоқ еді. Еламан бұлтара алмасын білді де, әйелін бауырына тартып:

─ Күн райы ұнамайды. Терістіктен бұлт шығып, түнеріп тұр. Ал, сен қорықпа! Біз нені көрмеген бейбақ?!- деп күлді де, құшағын жазып, кетуге ыңғайлана берген еді, Ақбала жолын кеселеп тұра қалды.

─ Күн райы маған да ұнамайды. Қорқам... неге екенін білмеймін. Мені бүгін жалғыз қалдырмашы.

Әрине, тұңғыш көтерген баласы. Сонан ба, күні жақындаған сайын қасынан кісі - қараның кетпегенін қалайды. Оңаша қалғасын өзіне-өзі келе алмай, қол - аяғынан әл кетіп бара жатқасын босағаға сүйеніп тұрып қалды. Үй іші аңғал-саңғал. Кешке дейін жалғыз қалса құсадан өліп кетердей. Анада жас мырза келіп кеткелі осындай мүшкіл хал басына жиі түсіп жүр. Бұрын үйге сыймағанда, сырлас абысын - Әлизаға баратын. Енді... Оның күні анау! Үй ішінен ойын бөлетін ермек іздеп еді, бірақ отын кіргізулі. Су әкелулі. Үй ішінің азғантай дүние - мүлкі де орын - орнында, тап-тұйнақтай. Ақбаланың аяғы ауырлағаннан бері Еламан күнде - күнде ерте тұрып үйдің бар шаруасын өзі істеп, жинап кететін боп жүр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий