Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Басқа ермек таппағасын күбіге көже асып құйғысы келді. Көрші үйден келі, келсап әкелді де, бір табақ бидайды бұрқыратып түйе бастады. Сосын ақтаған бидайдың қауызын сыртқа шығып желпіді де, тай қазанды толтырып көже асты. Ескі пеш тартпай жүрген-ді. Көмейіне күл толып қалған ба, бүгін тіпті тартпай, ащы түтін кейін лоқсыды.

─ Үйің өртеніп жатыр екен десем... беу, адам - ау, пештен шыққан түтін бе еді?!

Ақбала қасына қол таяна отырып жатқан Қарақатынға қарамауға тырысты.

─ Келіншек - ау, не білдің... күннің сыңайын байқадың ба? Жаңа отынға барып едім, жағалаудың мұзы қабажақтай - ау, қабажақтай... Жас баланың еңбегіндей... аяқ асты былқ - былқ...

Ақбала жүрегі аузына тығылып, бара жатқасын қазандыққа сүйеніп отыра кетті. Іші қатты түйіліп, тырп етпей, ернін қырқып тістеніп отырды да:

─ Алда разы болсын... қойыңызшы!..- деп еді, Қарақатын:

─ Сорлы - ай! Сорың қайнап қалмаса не қылсын,- деп, енді байбалам салып, Ақбаланы ай - шайға қаратпай сырт жағынан қапсыра құшақтай алды. Ақбаланың әлсіз қарсылығын елемей, зорлап апарып пеш түбіндегі төсекке жатқызды.- Неден шошыдың? Көзіңе не елестеді? Тіліңді кәлимаға келтір. Жеті айлық бала, біреу тәйт десе де түсе қалады. Қазір нағыз шепік кезі... ақ ауыз шағы ғой.

─ Ал - да- ай!.. Маза берші...

Қарақатынның түсі лезде бұзылды. Онсыз да кірпік - қасы үйітілгендей, қан - сөлсіз қара сүр кескінін долылық буып:

─ Не дейді? Мазаңды алатындай мен не қылыппын?- деп екі бүйірін таянып, тепсініп шыға келді.- Тұңғыш құрсақ көтерген тұмса келіншек қой деп, ақылымды айтсам, о несі, әй? Мендей абысының айтпағанда, кім айтады? Маза берші деп... Адыра қал!

Осыдан кейін үйден үйге кіріп: « Ақбала шошып, бала тастай жаздады. Барыңдар!.. Барып шығыңдар!»- деп суық хабарды әп - сәтте таратты да жіберді. Қарақатын кеткесін де Ақбала өзіне өзі келе алмады. Көңіліндегі күдік пен қауіпті әлгі қара пәленің дәл өз аузынан есіткенде, тап бір төсегінен жылан шыққандай үй іші үрейге толып кетті. Көзі түскен нәрсенің бәрінен шошып, қол-аяғы дірілдеп отырған үстіне көрші қатындар топырлап келді де, дүрлігіп шығып кетті. Сонан кейін Ақбала, тіпті, үйге сыймай, сыртқа шығып еді, қиыршық қар әлі қыламықтап тұр екен. Балықшылар көз ұшында қыбыр -қыбыр. Олардан арғы жақ әлі қатпаған, шалқыған қара су. Сол беттен, сонау аңғардан зор гүріл талып естіледі. Ұлы теңіз бір кез осылай күші бойына сыймай гүрілдеп жатады да, сосын қаһарын қаптатып әупіріп кетеді.

Ақбалада зәре жоқ. Қарақатын бір жақтан шыға келетіндей, алақтап, жан-жағына қарап тұр еді, бір топ қара қарға әлденеге әбігері шығып азан-қазан боп қанаты сатырлап, ыққа қарай ұшып бара жатты. «Тегін болса жарар еді?» Үйден, түзден тағат таппаған әйел жүгіріп жағаға барды. Жел әлгіден де гөрі қатая түсті. Жағалаудың селдір қамысы суылдап, жел астында елбек қағады. Мұз жиегін қызыл су қаптапты. Қарғалар енді көрінбеді. Олардың жаңағы азан-қазан әбігері тегін емес сияқты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий