Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Андрей ышқынып соққан айқай желден басқа ештеңені есіткен жоқ-ты. Әлдебір жақтан әлдебірдеңе шатыр етті. Әлдебір - дененің беломыртқасы үзілгендей, күтірлеп ала жөнелді. Андрей түкке түсінген жоқ. Әркім өз басын қайттаған алағай - бұлағайда не болып, не қойып жатқанын да білген жоқ; тек осыдан кейін жаңағы шатырлаған, күтірлегеннің аяғы не боп, немен тынғанын білмесе де, ол бірақ аспан астының бір сәтте ұйқы - тұйқысын шығарып ышқынып соққан мына айқай желмен, мына бір басқа, көзге сабалап, құйындай үйіріп әкетіп бара жатқан жанталаста жалғыз бұлар емес, дәл осы қазір мұздың да басына бір зобалаң туғанын жүрегі сезді. Бірақ ол не қылған зобалаң, оны білген жоқ. Бұл ес жиям дегенше, көбесі қақыраған мұз қара жерден қапелімде іргесі ажырап, бүкіл аумағымен аңғарға қарай жөңкіп ығып бара жатты.

─ Жүр, қайықты суға салайық!- деді Андрей.

─ Есің дұрыс па?- деді Курнос Иван.

─ Әне, қоралы кісі ығып барады.- Көре - тұра... Курнос Иван қолын бір сілтеді де, промсолды бетке ұстап жүгіріп ала жөнелді. Онан күдер үзген Андрей енді не істерін білмей тұрғанда, көзі қасында қалбалақтап жүрген түйеші жігітке түсті де, оны ай - шәйге қаратпай жетелеп ала жөнелді. Жағада тұрған қайықты екеулеп суға түсірді. Андрей қайыққа қарғып мінгенде, мына жақтан түйеші жігіт те тері тоны қаудырлап қайыққа кеудесімен асылды. Табаны суға тиер - тиместе қара дауыл қуған қайың қаңбақтай ұшып ала жөнелді. Өмірі теңізге шығып көрмеген түйеші жігіт сәл қозғалса суға кететіндей, түс жоқ, өң жоқ, қалш-қалш етіп қайықтың кенерінен тас қып ұстап, жабысып алды. Андрей қайықтың басын бұра алмай, жанталасып жүргенде, бұлар жағадан ұзап та кетіп еді; теңіз үстінің дауылы тіпті әлемет. Толқындар ірілене бастады. Қаптай соққан қара дауыл аралдың әупірім айқай желіне ұласты да, теңіз үсті түтігіп, уылдап-шуылдап, үйдей -үйдей толқындар су бетіне ереуілдеп ойнап шығады. Жалмұраттың басы айналды. Көк запыран кілкілдеп кеңірдегінде тұрып алды. Қайда қараса да қара жер көрінбеді. Табан асты түпсіз құрдым. Қайнаған теңіз көз алдында дөңгеленіп үйіріліп бара жатқасын бұл көзін жұмып алды. «Иә, Құдай... Өзің... Өзің сақта! Сақтай көр!» Үйдей толқындар енді ес жиғызбады. Үстінен баса қалатындай, бірінен кейін бірі гүрілдеп келіп. онсыз да бір батып, бір шығып малтығып келе жатқан қайықты сүзеген бұқадай қағып етеді. Қайық төңкеріле жаздап, екі қапталымен су сабалай бастады.

Андрей мұзға ыққан кісілерді құтқара алмасын білді, қайықты жағаға бұрып еді, әлгінде ыққа қарай құлдилап шапқан қайық желге қарсы аяғын баспай, төсімен толқындарды сабалап, бір орында тұрып алды. Андрей алқынғанына қарамай, қос ескекке күш салып, есе берген-ді. Бір ескектің қалақ басы омырылып, қайық ыққа қарай қисайып ала жөнелді.

─ Енді бітті. Құрыдық.

Андрей сыңар ескекті лақтырып жіберді де, қайықтың бел ағашына сылқ етіп отыра кетті. Күн батты ма, жоқ па, белгісіз. Айнала төңірек қарауытып, бар әлем бір уыс боп сығылып", түсі суың дүниеге тілсіз тартылып жұтылып бара жатты.

Бір кезде қайықтың тұмсығы үлкен мұзға тірелді. Қолы, аяғы қалшылдап әкетіп бара жатқан Андрей ес жиям дегенше кейінгі жақтан қатты жел қуған тағы бір мұз аудаңдап келіп қалған-ды. Бірақ оны Андрей байқаған жоқ...

* * *

Балықшы ауылда бүл түні бір жан көз ілмеді. Қатын-бала у-шу. Мұзға ыққан ер-азаматтардың алдын орап кісі шаптырайын десе, бүкіл ауылда аяқ артатын көлік табылмады.

Ақбала әлсіз. Көрші әйелдер шала туған жеті айлық баланы құрақ көрпеге орап, анасының ірге жағына салып берді де, үйлеріне кетті. Ақбала қол созым жерде тұрған шамды жаға алмай, түнімен көрдей қараңғы үйде жалғыз жатты. Әлизаның халі онан да нашар; жалғыз ұлын оң босағаға салып отырған ана да құр сүлде. Түнімен есін білмей, сандырақтап шықты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий