Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

─ Омай, шіркін- ау. Ол сондай-ақ кім екен?! Қолынан екі келсе, бірін қылсын. Олай десең бар- ау, оразамды ашпай тұрып, өзімнің құттыхана мешітімде, не тілеудің үстінде отырып айтайын, мен де оны аямасқа ант етем. Сібірге айдатам.

Кәленмен жауласқанды Тәңірберген де мақұл көрмейтін. Кәлен өздерінің желісіне мал әкеліп байлап жүрген қара білек мықты ұрысы еді; ол және тышқаншылап ауыл арасының тайлы - тұяғын ұрламай, сонау Қоңырат, Шымбай асып, иір мойын үлек әкелетін. Маңғыстау жаққа жалғыз жортып, Адай, Табыннан үйірге салатын құтпан айғыр, ел ақтаған саңлақтар әкелетін де осы Кәлен еді. Жас мырза әдетте сырт көзге ауыл - үйдің мал-жанымен ісі жоқ сияқтанып, дүниеуи пенделік істен бойын сырт салып жүрсе де, бірақ шынына келгенде мал қамын мына екі ағасынан артығырақ ойламаса, кем ойламайтын. Қолдағы малды асылдандырмақ боп жүргенде, келеңсіз, ұр да жық ағасы Кәленді қолдан шығарып алды. Татуласудан дәме қалмады. Сондықтан кетіскесін, бір есептен, Кәленнің көзін құртқан дұрыс. Тек болыс ағасымен екеуінің арасында ұстайтын бұл сырды софы ағасының көзінше айтқысы келмеді де, алдына жайған дастарханның өз жақ шетін қайырып түрегелді. Інісінің түк демей, үн-түнсіз кетіп бара жатқанын көргенде, Құдайменде қабағы түсіп кетті.

─ Тәйірі, әлгіні қайтесің?.. Жақсы атқа мінесің, әлем-жәлем киініп, қыз-келіншегі бар ауылды қырындап, көлеңдеп жүрсің.- Софы түк басқан жалпақ бетін жоғары көтеріп, кеңкілдеп күлді. Сосын бауырсақ жеп, шай ішіп отырып,- Абыралыға қарағанда сенен малды, сенен бақты ішкім жоқ. Ақылдымыз да сенсің. Өз жолыңды өзің аңғарасың ғой. Тек саған айтар бір әңгімем бар. Оны құй ал, құй алма, ерік өзіңде,- деді.

Мамық жастықты қолтығына басып, дастарханның бір жақ шетінде дөңкиіп жатыр. Жасында палуан болған; денесі кесек, сақал-мұрты сияқты қасы да бурыл; бетінің әр жерінде тал - тал ұзын қыл бар. Ұйқы мен ояу аралығында, бей-жай халде маужырап, мүлгіп жатыр. Құдайменде үндемегесін, ол асықпай, ақырын ығыстыра сөйледі.

─ Сен, асылы, Кәленнен аулақ жүр. Өз басым онан қорқам. Ол әнебір кезде ауыз ашып отырған үстіме келді. «Біздің үйдің Аламойнақтары шалғайыңды жыртқан жоқ па?»- деп едім, ол күліп: «Ой, Алдеке - ай, күшігінен асырағасын құр дәріптей бересің ғой. Әйтпесе Аламойнақ дегенің ала күшік емес пе?!»- деді ғой... Астафир Алла! Жағамды ұстадым!

Софы ағасы енді бірдеңе дегенде, онсыз да терісіне сыймай отырған Құдайменде тілге келіп қалатын еді. Абырой болғанда, Алдаберген софы ауыр денесін ақырын, баяу қозғап түрегелді. Пұшпақ ішігін киіп, күміс деңментпен белін буды да, жылысып басып сыртқа шықты. Ол кеткен бойда іле-шала ішке Тәңірберген кірді. Төрге шығып жайғасып отырғасын:

─ Шайды жина,- деп жеңгесіне әмір етті де, дастарханның бір шетінде кірпідей жиырылып жатқан ағасына бұрылды:- Болыс аға, бақыт басыңа мықтап қонды. Бірақ бақыт ер салып, құйысқандап мінетін ат емес. Ат туласа да тақымыңның астында. Бақыт -басыңа қонған құс, қолына шыбық ұстаған баладан да үркеді. Бұқараңа сақ бол. Шеңгеліңнен сәл босаса сырығын басыңа ойнатады. Үкімің жүріп тұрғанда, бұғалығыңнан шығып жүрген ана Кәлен, Еламанға істеріңді істеп қал. «Жау аяған -жаралы». Аумалы-төкпелі дүние ғой, бірде жауыңның үстіне шықсаң, бірде астына түссең де арманың жоқ.

Бір қыржиса Құдайменде күрмелген жіптей, қабағы тұнжырап түйіле беретін. Ол бұған да үндемеді. Бұнысы жас мырзаның қаперіне кірмеді. Ағасының өз дегенінен шықпасын білгесін, қамшысы мен тымағын қолына ұстай түрегелді. Құдайменде ол кеткесін де қозғалмады. Інісі осы жолы да өз ойынан шықты. Екеуінің үні үндес шыққанын ұнатып, Кәлен мен Еламанға істер жаулығын ішінен ойлап отырған үстіне біреу келді. Етігін есік алдында тұрып шешті. Сосын кілем төсеген еденді мәсісімен имене басып, Құдаймендеге көш жерден қос қолын созып келе жатты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий