Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ақбала үйге келсе, бидай көже қайнамай, түбіне шөгіп қалған екен. Ақбала отты үрлеп жібергісі кеп еңкейе беріп еді; бірақ оған іші тіреп, иліктірмеді; сосын шала жанған қамысты қазандықтың көмейіне қарай ары ысыра берген-ді, жаңа ғана бықсып жатқан пештің көмейі кенет гүр етті. Әлде бір ғаламат күш Ақбала ұстай берген қамысты уысынан жұлқып, күл - қоңыр, қоламтамен қоса сыртқа тартып әкетіп бара жатты. Ақбала жүрегін ұстап отыра кетті. Көзі қарауытып бара жатқасын басын ошаққа сүйеді. Әл жиғасын тұра сала сыртқа ұмтылып еді, есіктен шыға бергенде сүрініп құлады. Сол бойда ұшып тұрды. Көйлегінің етегін көтеріп, сыртқа жүгіріп шығып еді, қырдан соққан қара дауыл үйден шыға берген бұның басынан жаулығын ұшырып әкетті. Беті - аузын құм сабалап ала жөнелді. Қаптай соққан қатты жел бұның өзін де қаңбақ құрлы көрмей, табанын жерге тигізбей, дедектетіп әкетіп бара жатты. Ақбала бір жығылып, бір тұрып жағаға жетті. Осы арада, жыңғыл ма, түзген бе, қолына іліккен әлдебір бұтаға жан -дәрмен жабысып ұстай алды. Аузына тығылған өкпесін әзер басып, мұз жаққа қарап еді. Шашы бұрқырап, көзін жауып кете берді. Сосын шашын қайырып, мұз үстіне қайта қарап еді; осыған дейін зәресі қалмай қорыққан сұмдықты көріп:

─ Ел - а- ман!- деп жаны ышқына шыңғырды да, шалғы қырыққандай есінен танып құлап түсті. Дәл сол сәтте ана даусымен ілесе шар ете қалған шарана даусын қаптай соққан қара дауыл қағып әкетіп еді...

* * *

Жалмұраттың үстінде ақ сеңсең тон. Астында жүрдек ақ ауыз атан. Алдында бір қора түйе. Әншейінде кісі - қара алдында құты қашып, ыбылжып отыратын жуас жігіт, алдына бір қора түйе салып берсе аруақтанып кететін-ді. Ол ақырғанда қандай қашаған қысыр інгендер қайқаңдап қоя беретін. Жалмұрат қазір де шетке шыққанын қайырып, қалың көпірге қуып тығып, бар түйені тайрақтатып теңізге айдап келеді. Көп түйе ішінен мұрны тесілмеген сары тайлаққа ала-бөле құсы түсіп, қит етсе ақырып жағаласып болды. Сары тайлақ жөнге түссе болды, Жалмұрат бір қора түйе ішінен сары інгенді іздейді. Үкі жүні желкілдеген сүтті сары інгенге шығарда жаны басқа.

Сары інген биыл жылдағыдан ерте қайыды. Соңыра буаз інгендердің ішінде ерте боталайтыны да осы болғасын көшкен, қонғанда оған жүк артқызбай, бай үйдің әйелдерімен жағаласып болатын. Сары інген көп түйе ішінде мұрны шуылдап, аяғын әлде неге қиналып ауыр алып келе жатқан-ды. Жалмұрат оны байқады ма, жоқ па, белгісіз. Ал, ауа райын бай, бәйбішенің қасы, қабағындай топшылайтын жігітке көк жүзін сеңдей басқан қорғасындай қара қошқыл бұлт ұнамады. «Дауыл болмаса қайтсін...»- деп ойлады.

Балықшылар майлыққа жақындап қалған екен. Еламаннан сыралғы алып дән татып қалған жігіт, бүгін де қатын-баласына жас сорпа ішкізгісі кеп, түйелерін қуалап отырып теңіз жағасына құлатты. Жағада жүрген екі қара киімді кісіге көзі түсті. Бұл өңірдің орыс -қазағын түстеп танитын Жалмұрат мына екеудің әне бір қорбиғаны - Курнос Иван да, ал оның қасындағы Андрей екенін танып, оларға алыстан ыржиып, күлімсіреп келе жатыр еді; қалай болғанын байқамай қалды, жаңағы ызғырық жел әп-сәтте арқа бетке шықты да, салған жерден ышқынып соғып жіберді. Жағалаудың қамысы жаппай жапырыла құлап, топырақ борап, дем арасында дүние алай-түлей болды да кетті. Жалмұрат табан тірей алмай, тері тонның екі етегі тізесін сабалап, ыққа қарай дедектеп бара жатты.

─ Сары бала! Са - а... баа - а...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий