Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қарақатыннан қайыр жоқ. Ол кешеден бері басына қара салып , үй мен үй арасында еңіреп жүр. Таң атқалы Судыр Ахметтің үйіне екі рет барып, мұзға ыққандарға құмалақ салғызды. Судыр Ахмет құмалақты алғашқыда әспеттеп, төрге жайған ақ тоқымға салып еді; соңғы жолы тер алдында жатқан жыртық алашаға қырық бір құмалақты құр шашып жіберді. Өзгелерден бөлініп шалғайырақ шетке түскен бес-он құмалаққа иегін уыстап, көз жіберіп отыр. Қарақатынның орамал - шаршысын көрмегесін көңілсіз. «Кісінің ұйқысын бұзып, жып-жылы төсектен суырып алғанда жақсы. Тым құрыса, бір- екі қақпыш балық әкелсе қайтеді?.. Балаларға тартқылатып қойсаң, түс ауғанша тамақ сұрамас еді ғой»,-деген реніш бар көңілінде. Сонан болар, Судыр Ахмет салған жерден суырыла жөнелген жоқ; бес тал сақалдың ұшын тістеп, көзін тас қып жұмып алып еді, Қара- қатынның зәресі ұшты. Бірдеңе деуге бата алмай, жалаңаш құйрығымен тікен үстіне отырғандай қипақтап қозғала бастады Бірақ тіс жарып түк демеді. Ертеден бері аузын бағып отырған әйелге құдды әулиелігінің құдіретін көрсеткісі келгендей, зарықтырып, жанын тылсымға тақап алды.

─ Құмалақ жақсы емес. Қорқам. Пәруәрдігер жар болмаса... пақырлардың басына, қалай да бір зауал төніп түр.

─ Алда - ай!.. Қайнаға - ай! Қайнағеке - ай, қайта тартшы.

─ Қой әрі! Құмалақты қайталап тартып, Құдайдың кәрін жеңілдететін әулиені көргем жоқ, - деді де, Судыр Ахмет күпісінің шалғайын ашулана қағып, түрегеліп кетті.

Қарақатын сыртқа шыққасын көй - көйді үдетіп, үйіне қайтып келе жатқан-ды. Бір топ атты тұсынан тасырлатып шауып өтті. Кіл қара шекпенді. Ішінде Федоров пен Курнос Иван бар. Атқа міне сала шабатын Федоровтың тақымы астында алысқа сілтейтін ат. Құдаймендеден құнын беріп сатып алған атты биыл жаз бойы жемге байлап баптап мініп жүрген-ді. Бел - Аранның кезінен асқанша тоқ аттың өкпесі қарлығып, аяғын ауыр алып келеді. Көп ұзамай қос құлақтың түбінен тер білінді; екі-үш аттан оп-оңай басып озып, оқ бойы алға шығып кеткен Курнос Иванның атымен құйрықтасты, бірақ басып оза алмады. Құла қасқаның емініп созған басы енді ана аттың құйрығымен деңгейлесе бастап еді, сонан екі ат көл - қораның құлауына жеткенше бірінен - бірі оза алмай, жаға буды боп келе жатқан. Бір кезде құла аттың мойны тегіс терледі. Ат мінезін жақсы топшылайтын Тентек Шодыр әлгідей емес, құла аттың аяқ алысы жеңілдеп, қиналмай, еркін сілтей бастағанын байқады. «Ой, жануар, саған берген ақшам адал екен ғой».

Көлқораның табанына құлағасын Тентек Шодыр бұрылып артына қарап еді, Курнос Иван көрінбеді. Тентек Шодыр ат басын тартпады. Екі көзін алдына тігіп емініп алған. Қаратүп шыңына жақындап қалды. Тентек Шодыр жасаурап бара жатқан көзін сүрткелі қамшы ұстаған қолын көтере бергенде, құла ат осқырынып жолдан шыға жалт берді. Федоров ер үстінен ұшып кете жаздады. Тізгінін тартып, ат үріккен жаққа қарап еді, қарсы алдында жолын кеселеп біреу тұр екен. Федоров аттан қарғып түсті.

─ Сен бе?

─ Иә, мен.

─ Ау - құралдарың қайда? Еламанның үсік шалған беті қап-қара. Еріндері тілім-тілім. Федоровқа түлкі тымақ астынан қадала қараған көз өңменінен өтіп барады. Орыс байының да түсі демде бұзылды:

─ Ау - құралдарың қайда?- Еламан темір сүйменді дос қолымен сығымдап ұстап алған еді. Тентек Шодыр оны енді байқады.

─ Ау - құрал қайда?- деді ол аңырып.

─ Сен ит!.. Иттің баласы, адамдарың қайда деп неге сұрамайсың?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий