Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұның бәрі бұл үйге келген кісілердің дағдылы мінезі болғасын Құдайменде жіби қойған жоқ. Ертелетіп жүрген жүрісіне қарап, мынаның бұ жолы да ел ішінің бір әңгімесімен келгенін шамалады. Бірақ қашан өзі тиіп айтқанша асықтырмай, ала тақия киген басын бауырына алып отыр.

Анау:

─ Байеке...- дей түсті де, тоқтап қалды. Бүгінде Құдаймендені «болысеке» деудің лайық екенін біліп, аңдаусызда тікен үстіне отырып қалғандай қипақтап, жасқаншақ жанар жаутаңдап Құдаймендеге қарап еді, Құдайменде жаратпай, дүңк етті:

─ Неге бөгелдің? Жайшылық па?

─ Жайшылық дейтін жайшылық та емес. Ауыл арасының бір жаманатын...

─ Ол не? Қандай жаманат?

─ Еламан бар емес пе?..

─ Иә, болса ше?

─ Сол Тентек Шодырды өлтірді.

Құдайменде басын көтеріп алды. Болыстың ажарына қарап анау да өзі ойлағандай, мынау бұл үйдің жандарына жаманат емес, ең бір жақсы хабар екенін білді. Сосын жайраңдан, көңілденіп сала берді.

─ Орыстар Еламанды шанаға таңып промсолға әкелді. Айтпақшы, қасында Рай бар. Промсол басы бұлан - талан...

─ Ие?

─ Шодырдың үйінде ақ келіншек бар емес пе еді?..

─ Ие, ал?

─ Сол келіншек Курнос Иванның қатыны боп шықты. Некелі қатыны екен. Шодыр өлгесін Курнос Иван нені тыңдасын?.. Шодырдың үйіне баса - көктеп кіріп барған да, қатынды...

─ Жә, оны қой, Еламанның жайын айт.

─ Еламанды орыстар сізге әкеліп, әкті - мәктісін жасатып, дереу уйезге жөнелтеді деп есіттім...

─ Ә, солай де?!- деп Құдайменде ыңыранып отырды да,- әй, Ебейсін,- деп хабар әкелген кісіге қарады.- Сен пешірді тап... өзімізге қараған үйдің біріне қонып шыққан шығар?..

─ Айта беріңіз, Алдекеңнің үйінен шығып жүргенін көрдім.

«Сол үйге үйір боп кетті. Сұм жігіт софының ақ тоқалымен көңілдес болмасын?.. Онда біздің қатынның сезігі дұрыс болды ғой».

─ Жә, мейлі... Сен пешір баланы маған жібер!- Ебейсіннің үйден шығуы мұң екен, Құдайменде сыртында жатқан құс жастыққа шалқалап құлай бере үйді басына көтере қарқ-қарқ күлді. Кескен томардай кеспелтек жұмыр денесі селк - селк.

─ Есем кетіп жүр еді. Құрығы ұзын Құдай оның да тағдырын... ха – ха - ха- а...

* * *

─ Әже, үйге қонақ кеп қалды.

─ Атамнан әрмен! Кетсін әрі. Қондырмаймын!

─ Қой, әже! Ұят болар. Бірі - оқыған жігіт. Теңіз жағасын қыстайтын жалпақ ел -Жақайым руынан. Қабырға болысы Құдайменденің...

─ Кімнің?

─ Құдайменде деген болыс бар емес пе?

─ Астафыралла! Аты қалай еді, пәтшағардың?!- деді кемпір күбірлеп. Бірақ әлгідей емес, беті қайтып қалған. Мына қонақтар қыс болса қалада тірек ұстайтын орыс, татар байларына тоң балық тасып, шұбырып жататын кіреші емес. Қаладан көйлек - көншектік мата, шай - шекер алып қайтуға шыққан қалашы емес. Мына келген қонақтар Құдайменде болыстың інісі болғасын қыстың көзі қырауда үйіне қондырмай, қуып жіберудің ыңғайсыз екенін білді. Бірақ асығыстық жасап қондырмайтынын айтып салғасын, енді ізінше райдан қайтып, тізгін еркін балаға бере салу да ыңғайсыз. Кемпір үндемеді. Осындайда бала-шағаға сыр бермей, сыртын суық ұстап алатын мінезі болушы еді. Қасында өзінен ризалық тосып тұрған баласын көрсе де, әлі де болса оған рай бермей, ағаш кереует үстінде күлге шөккен түйедей, бөксесін көрпемен қымтап алған. «Қонақ шіркін, тек қонып кете ме?.. Мұсалдат боп мойныңа міндетін арта келеді. Өзіне ет керек, атына шөп керек. Ол иттер таң атқанша от жақтан қол салып, қыз - қырқыныңа тағы тыным бермейді»,- деп ойлап, өз көңілінен тек наразылық іздеп отырған-ды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий