Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ішке екі келіншек кірді. Бірі - ақ сұр. Ұзын бойлы. Онан кейін кірген келіншек қараторы. Анадан бойы аласа, бірақ тығыншықтай толық. Екеуі де үстіндегі белін бұйда жіппен тас-тай ғып буған шекпеннің етегіне толтырып сары қи әкелді. Күні бойы қолдағы азғантай малдың астын жайлап, қой қора мен түйе қорада жүрген келіншектердің үстінен көң мен қойдың күлімсі шайыр иісі шықты. Екі келіншек төрде отырған қонақтарға еріндерін қимылдатты да, бұрылып кетті. Сонан қайтып ол жаққа назар салмады. Қараторы келіншек от жақты. Қазанға ас салды. Үй іші әлгіден аздап жылынғанмен, бірақ жас жігіттің ту сыртындағы қой қарнын тұтқан терезеден сырттың уілдеген ызғырық желі көкжелкеден қадалып ұрып тұр. Әсіресе, кірген - шыққан кісілер есікті ашқан - жапқанда жаман. Есікті ашып қалғанда, ішке лап берген желмен терезеге тұтқан қарын «уф - ф!» деп сыртқа теуіп, үрген қуықтай торсиып кетеді. Ал, есікті жауып қалғанда, әлгі қарын кейін теуіп, «фуф - ф!» деп, үй ішіндегілерге ұртын торсита қояды. Есік енді бір ашылғанда, ішке лап берген ауадан әлгі шыңылтыр, жұқа қарын тырс етіп жарылып кетті де, терезеден мұп - мұздай суық жел уілдеп соғып берді.

─ Біте, ана жау жегірді!- деді кемпір.- Әлгі осы үйдің қызы қайда?

─ Көрші ауылға кетті ғой...

─ Е, онда не бар екен?

─ Отырмақ болады дей ме...

─ Тұра тұр, сен қыз!

Кемпір қолына қоламтада тұрған құманды алып, сыртқа шықты. Ебейсін жалма - жан жанындағы жігіттің құлағына сыбырлады:

─ Қосшым, жағаңа түкіре бер. Бұл үйде қыз бар екен.- Қазан астына қалаған сары қи маздап жанып, үй іші жылына бастады. Қара торы келіншек жалыны басылғасын қазан астындағы қызыл шоқты көсеумен бермен тартып еді, төңкерген кесе түбінде сығырайған май шамның жарығы ала көлеңкелеуге ғана жарап тұрған абажадай үйдің ішіне көктен күн сәулесі түскендей, көңілденіп сала берді. Соны сезді ме, әлгінде кемпір бөксесін ораған көрпе астынан екі бала басын шығарды. Бірі естияр, екіншісі бауырын жаңа көтерген бала мысықтай құр бел. Екеуі де көзі жылтырап, тәмпіш мұрнын ілгері созып, қи шоғының иісімен қуана дем алды. Ошақ алдына тартқан қып - қызыл шоқтың сәулесі жас балалардың жанарында ұшқындап, әуелі қазанға, сосын қазан маңында жүрген аналарына қарады. Онан төрде отырған қонақтың көзіне көзі түсті де, басын жалма-жан көрпе астына тығып ала қойды. Жасағанберген күлімсіреді де, жолдасы екеуі атты жайлап келмек боп сыртқа шықты. Үй оңашарған соң ересек бала көрпе астында жатып бүлік салды. Әуелі кішкентай баланың табанын қытықтап, ықылық аттырып қойды. Бұл қылығы өзіне ұнады да, көрпе астында бүркеніп жатып кішкентай інісін ана бүйірінен бір, мына бүйірінен бір түртіп, ақырында балтырын бұрап үзіп алды. Бала жылан шаққандай шар етті. Ақ сүр келіншек:

─ Мына ар - р- рам ит қайтеді, әй?!- деп ұмтылып еді, қараторы келіншек күндесінің жолын кеселеп тұра қалды.

─ Кәйтесің, бала ғой.

─ Бала емес, бәле! Құрттай баланы өлтіреді. Ендеше, ол арам итті мен өлтірейін.

─ Өлтіріп көр, өзің тірі қалар ма екенсің.

Дәл осы кезде сырттан үйге қарай келе жатқан еркектің жөтелі естілді.

─ Тұра тұр, бәлем!..

Сүйдеді де, ақ сүр келіншек аңдаусыз тұрған күндесін аш бүйірден ыңқ еткізіп бір түйді де, бұрылып жүре берді.

Үй иесі жігіт ішке кірді.

─ Тоңып келген шығарсыңдар?.. Шайды от алдында отырып ішейік,- деді ол өзінің соңын ала кірген қонақтарға.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий