Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы арада жас жігіт бұған қарсы айтатын ұтымды сөз аузына түспей, өзіне, әлде айтқанын құлағына ілмей қойған аналарға ызаланды ма, әйтеуір қараптан қарап қызарақтап күйіп -пісті. Соны байқаған кемпір:

─ Әй, залым,- деді қаба сақалдыға,- мына бала жалынғанда адам түгіл, қара тас та бір төңкеріліп түсер еді ғой. Сенің дәтің неғып шыдап отыр?

─ Жә, қайтесің?! Бұл сен араласатын іс емес.

─ Не дейсің? Мына залым не дейді, әй? Кәне, сен залым жаңағыңды қайта айтшы!

Айғанша анасының бұрын - соң дәл мұндай қатты бұзылған түрін көрмеп еді, Кемпір енді кереует үстінен еңкейіп:

─ Бұл үйге қонғың келсе, бар, аналарды алып кел,- деді ақырып.

─ Қария - ау, олар кісі өлтірген, қылмыс...

─ Қой әрі! Қанша кісі өлтірсе де, олардың қылмысы тап сенің күнәңнан артың болмас.

Ебейсін қаба сақалдыны бүйірінен нұқып қалды.

─ Қарсыласпа. Бүгінше осы қақпастың айтқанын істейік!

Сүйдеді де, ананы ай - шайға қаратпай сыртқа алып кетті. Айғанша анасына дән ырза. Жас қонаққа да білдірмей көзінің астымен бір- екі қарады. Мынау өзі көріп жүрген кісілерден жөні басқа. Бұл әне бір күнде төрінде қонып жатып, жұрт көзі ұйқыға кетер - кетпесте от жақтан қол салатын әумесерлерге мүлде ұқсамайды. Ұяты бар, инабатты. Бірақ, сонымен бірге, адам көкірегінен аяныш шақыратын әлдебірдеңе бар. Қыз көзіне әлдеқалай көзі түссе де ұяң жігіт ұялып, жұқалаң өңіне лып етіп қан жүгіреді де, төмен қарап кетеді.

Ебейсін мен әлгі қаба сақал қара екі кісіні алдына сап ішке кірді. Екеуі де қатты жаурапты. Әсіресе бала жігіттің қалшылдап ұшып бара жатқанын көргесін Айғанша жүгіріп барып пеш түбіндегі жылы орынға төсек жайды.

─ Отқа жақындаңдар!- деді кемпір.

Бала жігіт қалш-қалш етеді. Ішке кірген бойда ошақ алдына отыра қап, қып-қызыл қи шоғына шабынып оттың үстіне түсіп барады. Онан кейіндеу кірген еңгезердей ірі кісі де қаңтардың қақаған суығында қатты жаурапты. Бірақ төрдегі кісілердің арасынан болыстың оқудан қайтқан кенже інісін көрді де, отқа жақындамай, төрге шығып отырды.

Оның ұстамдылығына ырза болған кемпір:

─ «Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл» деген, шырағым, есімің кім?

─ Ел – а - ман...

─ Мына бала ше ?

─ Менің інім. Аты - Рай.

─ Қай рудан боласыңдар?

─ Жақайымбыз.

─ Іргелі елдің баласы екенсіңдер ғой?

─ Жоқ, қадірлі ана, біз теңіз жағасында тұратын балықшылар аулынанбыз.

─ Е - е! «Адамның басы - Алланың добы». Не боларына кімнің көзі жеткен?!- деді кемпір. Сәл отырғасын жүзін Еламанға қайта тіктеді,- жөніңді білмесек те, жүзіңді көріп отырмын. Мыналар сені кісі өлтірді дейді. Қайдан білейін, адам аласы ішінде ғой, түріңе қарасам, иманмен қаптап қойғандай,- деп еді.

Еламанның үсік шалған беті сұрланып, біраз отырып барып:

─ Кісі өлтіру кәсібім емес еді, қадірлі ана. Балықшы едім. Қара торға түскен азын - шағын балықты тірлікке талшық қып жүргем - ді. Құдіреті жүріп тұрған кісілер оған қойды ма?..-деп ол демі дірілдеп тоқтады да,- қысқа күнде қырық өле бергесін, қайтейін, тым құрыса, бірін өлтіріп жастығымды алып жатқым келді. Қадірлі ана, біздің жайымыз осы,- деді.

Үй іші жым-жырт. Еламанның ентігіп, ауырлау дем алған тынысы ғана естіліп тұр. Айғанша онан көз айырмай, иегін тізесіне сүйеп қапты.

─ Әй, Төлеу,- деді кемпір үлкен баласына,- тұр, мына балаға бір малыңды сой да, жақсылап қонақ асы беріп жөнелт!

─ Апа - ау... осы үйде өлі ет те бар ғой...

─ Қой әрі! Ac таусылғанда үнемшіл болатын жаман қатындардай, бұл шіркіннің қолдағы барды құртып алғасын мал жанды болғанын қайтейін. Бар, кіші қара тоқтыны сой. Қалған етін кейін балалар қызылдар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий