Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

─ Жоқ, аға, жөн айтып отырмын. Промсолды қолыңа алсаң, осы даланың Құдайдан кейінгі қожасы өзің боласың. Ол кезде кедей - жалшының барар жері, басар тауы қалмас еді.

Құдайменде інісінің ар жақ ойын енді аңғарды. Промсолды өз қолына алса, ол кезде, шынында да, балықшылар ауылын уысында бүріп ұстап отыратыны сөзсіз. Алғашқы сәтте мынаған Құдайменде де ауаланып, қызығып қалса да, пәтуа байлар жерде қолын бір сілтеді:

─ Қой, шырағым, ата-бабаң әуестенбеген кәсіп, соңыра халық алдында күлкі боп жүрерміз.

* * *

Тентек Шодырдың баласы Арал қаласына келіп, құдіретті қайын атасының үйінде жатыр екен деген хабар дүңкілдегелі қашан?! Басында алыпқашты қауесет сияқты еді, кейін расқа айналды. Әкесінен қалған мұраны сатпақ болған жас офицер сонау Петроградтан әдейі арнап кепті. Соны есіткелі Тентек Шодырдың промсолынан дәмесі бар қалталы кісілер бұл жаққа ойдан-қырдан ағыла бастады. Көбі орыс. Соның бірі - Ақсақ Жагор. Қалтасы жұқарып қалса да, Федоров өлгесін еңсесі көтеріле бастаған. Олардың соңын ала Шалқардан Темірке келді. Бұ да осы өлкенің белгілі байы. Ұлықұм бойында қыруар малы бар. Шалқар қаласындағы ең үлкен дүкен осынікі. Екі - үш ояздың жүн - жұрқасы мен тері-терсегі осының қолынан өтеді. Көптен бергі арманы - теңіз еді. Бұның тілегіне орай Федоров қаза тауып, Темірке қыстың көзі қырауда көп кісімен теңіз жағасына кеп Құдайменденің аулын басып жатыр.

Татар байына Тәңірберген бала күннен үйірсек болатын. Бұл жолы, ол бірақ қадірлі қонағының қасында бола алмады. Теміркеден осы жаққа урядниктің келе жатқанын есіткелі жас мырза пешірді шақырып ап, үстеріне ешкімді кіргізбей, екеуден екеуі оңаша үйде ұзақ шүйіркелесті. Көлденең кісіден тек Ебейсін кіріп - шығып жүр. Онда да Ебейсінді көрші ауылдарға жұмсап, керек кісілерін шақыртып ап, қысқа-қысқа тілдеседі де, әмір беріп аттандырып жібереді.

Осының бәрін сырттай байқап жүрген Темірке бір күні қасындағы жігіттеріне Тәңірбергеннің үйі жақты иегімен нұсқап:

─ Нағыз болыс шушының өзі ме деп қалам,- деді.

Күн бата урядник кеп, болыстың үйіне түсті. Бұл ауылдағы орысша білетін жалғыз кісі -тілмаш пешір балаға «тез келсін!»- деп дереу кісі жүгіртті. Пешір келгенше Құдайменде ұлық алдында «тақсыр - тақсыр» дегеннен басқа түк айта алмай, сақау кісіше өзара ымдасып қана отырған. Екі жағы да әдепкіде ауыз тұшытып сөйлесе алмағандарына қиналып еді, артынан урядник ашулана бастады. Онан сайын болыс қайтерін білмей, қара терге түсті. Соның үстіне Тәңірберген келді. Ол ұлықпен жақсы таныс екен. Нағыз таныстық өткен жазда басталыпты. Сол жолы Тәңірберген қалаға көп мал айдатып, базарға апарып Ебейсінге сатқызып тұрған үстіне осы урядник кеп амандасыпты. Қашаннан бері қазақ байларымен араласып, жырындықор боп қалған урядник сол арада Тәңірбергенді қолынан жетелеп әкеп, қаланың қақ ортасынан салғызып жатқан көк шатырлы үйін көрсетіп тұрып: «Мирза, байгази бир»,- деп өзі білетін екі ауыз қазақшасын кәдеге асырыпты. Мұндай жерде мал аямайтын Тәңірберген екі ірі қараның пұлын урядниктің қалтасына салып жіберген еді. Тәңірберген келді де, тым-тырыс үйге тіл бітіп жүре берді. Құдайменде сияқты Тәңірберген де орыс тілін білмейтін. Ол бірақ болыс ағасындай, білмейтінін өз басының мініндей көріп қысылған жоқ. Салған жерден жайраңдап, еркінсіп, күліп келді де, ұлықтың қос қолын алып амандасты. Сонан кейін орыс қонақтың дәл қасына таңымдасып отырып aп, қазақша сөйлей жөнелді:

─ Тақсыр, қош келдің!

─ Раки - мет!..

─ Ат-көлігің аман ба?

─ Ра – ки - мет!..

─ Жол ұзақ, қыс іші, қалай, шаршаған жоқсың ба?

─ Ра –ки - мет!..

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий