Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Құдайменде інісіне бір, ұлыққа бір қарады. Ұлық алдына барған сайын өзі әрқашан ойындағы сөзін айта алмай, ал тілмаш арқылы сөйлескенде біртүрлі айызы қанбай, шала құмар боп, булығып шығатын-ды. Ол енді інісіне қарап аң-таң. Орысша білмегені інісінің ойына да кіріп-шыққан жоқ. Қазақша білмегеніне оның алдында қайта ұлықтың өзі қысылып, қипақ қаға бастады.

─Әй, бала, сен өзің пәлесің ғой, ә?- деді Құдайменде бір қаға берісте Тәңірбергенді қолынан ұстай алып. - Мына ұлықпен осы ауылдағы көп қазақтың біріндей шұрқырастың ғой. Мұнымен қашаннан бері таныс едің?

─ Ағаң болыс болса, жер бетінде ініні білмейтін ұлық бар ма?

Құдайменде кеңк-кеңк күлді. Тәңірберген болыс ағасының осы бір пейілді кезін пайдаланып қалғысы кеп:

─ Кәленнің ісін дереу қарату керек,- деп еді, Құдайменде үндемеді, бірақ ертеңіне шай үстінде ұлық ел ішінің жайын сұрағанда, Құдайменде осы әңгімені ұлыққа өзі бастады:

─ Ұры-қары көбейіп кетті, тақсыр.

─ Мал ұрлай ма?

─ Ие, мал ұрлай - туң. Маза бермей - туң.

─ Кісі өлтіріп жатқандар да бар,- деді Тәңірберген. Урядник аузына апара берген асын кейін тартып aп, болысқа көк көзі шатынай қарады:

─ Бізге неге хабарламадың?

─ Тақсыр, үлгіре алмай жатырмыз.

─ Безобразие! Ну, олар кімдер?

─ Еламан деген бір ұры таяу арада орыс байын өлтірді. Оны айдатып жібердік. Енді Кәлен деген ұры шықты. Қауіпті. Кісі өлтіруден тайынбай - туң.

─ О, конечно... Ондай кісіні ұстау керек.- Тәңірберген ұлыққа таман ысырыла түсті:

─ Тақсыр, Кәленнің мал - мүлкін үптеп, Сібірге айдату керек.

─ Фактісі толық болса, конечно...

─ Актысы бар. Кәленнің қолындағы малдың бәрі әр ауылдан ұрланған. Қазір иесі шығып жатыр.

Құдайменде інісінің сөзін жақтырмады. Урядниктің көзін ала бере ол інісіне таман қисайып, күңк етті.

─ Шамадан аспа, шырағым. Соңыра тексере қалғанда өтірігің шығып, ұлық алдында ұятты боп қалмайық.

─ Бір ауыз өтірігі жоқ, бәрі шын.

─ Иелері шығып жатқаны да шын ба?

─ Шын болғанда қандай?! Арыздары бар.

─ Оны мен неге білмеймін?

─ Сенің мұршаң боп жатыр ма? Жарғақ құлағың жастыққа тимей, ел қамымен жүрген жоқсың ба?! Ал, арыз пешіріңе түсіп жатыр.

Құдайменде ойланып қалды. Інісі қанша сендірсе де, болыстың көңілінде әлі де болса күдік бар:

─ Ол кісілерің... Кәленнің қолындағы малдардың түрі - түсін біле ме?

─ Білгенде қандай?! Пагорнойына дейін бар.

─ Нанайын ба, жоқ па?! Дем арасында біреудің қорасындағы малдың түрін, түсін, таңбасын қайдан біле қойдыңдар?

─ Болыс ағам қызың. Ол ұрының қорасындағы бар малы - бір кезде өзіміздің қолымыздан шыққаны қайда?!.

Құдайменде жас жігіттің қара мұрты қиылған сұлу жүзіне таңдана қарады. Шынында да, енді ойлап қараса інісінің айтқаны рас: баяғы көңіл түзу кезде Кәленді бұл ауыл көп пайдаланбады ма?! Кәлен ат тұяғы жететін алыс жерге қасына жан адамды алмай, ылғи да жалғыз жортатын ер көңілді. Ол және сырттан әкелген олжа малдың басы-көзіне қарамай, бұйдасынан тізіп әкеп, Құдайменде мен Тәңірбергеннің желісіне байлай салатын. Құдайменде мен Тәңірберген оған бойына сіңімді болсын деген сылтаумен өз малдарының ішінен тайлы бие, тайлақты түйе беретін. Олар да бұлардың тел малы емес, әр ауылдан әлдеқалай келіп қалған олжа малдар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий