Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

─ Иә, көре қал, түбі, бұл өз үмбетімізден шығып, шоқыншық орыс боп кетеді,- деді софы.

─ Ой, аға - ай, оның несіне шошыдың? Орыс болса, қайта оязға бастық болады.

Құдайменде іркіт құйған местей, лықылдап майға бөккен төртбақ денесін әрі-бері шайқап, ырқ-ырқ күлді. Тәңірберген ірге жағында жатқан түлкі тымағын алып түрегеле беріп еді:

─ Әй, сен тоқтай тұршы,- деді Құдайменде,- сен жар басындағы балықшылардың аулына жиі барып жүретін көрінесің ғой?

Тәңірберген болыс. ағасының аржағындағы ниетін аңғарса да, бірақ ойда жоқта бастаған мына әңгімені ақырына дейін айта түскенін іші қалап, үнсіз тосып түр.

─ Бір есептен соның дұрыс,- деді Құдайменде,- қазір жолыңа тұратын адам жоқ. Құдай атқандай, күйеуі келмеске кетті.

─ Тағы не айтпақсың?

─ Кеулің шапса қатын үстіне ал! Баяғыда екеуің Ләйлі - Мәжнүндей едіңдер ғой.

─ Қазаққа қатын алу қиын емес. Оны кезінде көрерміз. Әуелі басқа шаруамызды бірыңғайлап алайық.

─ Ол не тағы?

─ Кәленді айтам. Баста сол пәлемен жауласпай, аулақ жүру керек еді. Жауласқан екенсің -тартынба. Екінің бірі. Айтпады деме: қазір оның көзін құртпасаң, соңыра ол сенің басыңды алады,- деді Тәңірберген. Сосын түсін бермей, үнсіз томсарып жатқан ағасына күле қарап:- Әлде сол ұрыдан шыныменен - ақ жасқанып жүрсің бе?- деді. Ағасын бір іске айдап саларда әуелі дәл осылай қытығына тиіп, қайрай түсетін - ді.

─ Көрерміз,- деді Құдайменде.

─ Елге ұлық шығады деген не? Рас па?- деді Тәңірберген.

─ Рас. Таяу арада келіп те қалар.

─ Е, онда сәті келіп тұр екен. Аянатын не қалды?! Ол желіңнен мал алып жүрген ұры. Ұрлығы ештеңе емес, ертеңгі күні Еламан сияқты бұ да кісі өлтіреді.

Құдайменде үндемеді, бірақ інісінің мына сөзі бұның өзінің көңілінде жүрген күдігі еді, мынау соның дәл үстінен түсті.

─ Шодырдың бал асы Аралға келіпті ғой,- деді Тәңірберген.

─ Ие, сондай бір сыбыс бар.

─ Анық көрінеді.

─ Болса болар. Әкесінің құнын қуып келе жатқан шығар.

─ Орыс құнды қайтсін?! Есіткенім рас болса, әкесінің промсолын сататын сияқты. Дәмелі кісілер осында жиналатын көрінеді.

─ Апыр - ай, ә? Малға айырбастай ма екен, әлде тазалай ақшаға сата ма екен?

Тәңірберген күліп жібере жаздап, өзін күшпен тежеп қалды. Болыс ағасының мұндайда құйттайдан кілт ете қалатын кінәмшіл мінезін білетін-ді.

─ Ақшаға сатады ғой,- деп ол іркіле түсті де,- байқайсың ба, болыс аға, заман өзгеріп барады - ау! Кешегі ата-баба тұсында қай қараша бетіңе кеп сөз айтушы еді?! Құлақкесті құлың еді ғой. Қазір малшы-жалшыға құлаш-құлаш тіл бітті. Көңіліне жақпасаң, қосыңды жекпейді. Қатын-баласын жетелеп, іргеңде отырған балықшылар аулына тайып тұрады. Бүйте берсе, көре қал, түбі малыңды бағатын кісі қалмайды.

«Осы-ақ білгішсіп, алдыңды орай бере - туң. Аузын ашса, сары уайым... ақыр заманды үстіңе төндіре бастай - туң»,- деді Құдайменде ішінен.

─ Болыс аға, осы жайды ойладың ба?

─ Ал, ойладым. Сонда қайт дей - туң маған?

─ Жөн білетін кісілер «заманына қарай амалы» демеуші ме еді?..

«Не айтқың кеп отыр осы сенің?»- деген кескінде Құдайменде інісіне бұрылды.

─ Шодырдың промсолын сатып алсақ қайтеді?

─ А?

─ Промсолды сатып алсақ деймін. Ертеден бері қырысы жазылмай отырған Құдайменде осы арада әлденеге шұғыл жадырап, қарқылдап күлген бойы сырт жағында жатқан жастыққа шалқалап құлай кетті:

─ Жоқты соға - туң. Тәйірі, орыстың кәсібі қазақтың қолынан келетін бе еді?..

─ Е, несі бар. Орыс та өзіміздей адам емес пе?..

─ Қой, айналайын, қанша Құдай болсаң да орыстың өнеріне жете алмай - туң. Сенікі жөн дегенге жоқты соға берме...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий