Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жасағанберген иығынан сыпырылып түсіп бара жатқан пальтоны жағасынан жоғары тартып үйге беттеді. Төлеу мен Ебейсін үйге онан сәл кейінірек кірді де, төрге шыға бергенде есік қайта ашылып, ішке екі жас кірді; екеуі де көңілді. Әсіресе, қыз бала есіктен кірер жерде сықылықтап күліп, өзінен бұрын кірмек болған ағасы - томай құлақ, дөкір жігітпен тайталасып, оны иығымен итеріп жіберді. Қыздың қазіргі түрі адам күлгендей: үстінде қалың қара тон. Аяғында байпақты етік. Үстіндегі осы бір қолапайсыз, ерсі киімдерді басқадан бұрын қыздың өзі қызың көріп, күлкісін тыя алмай, сықылықтап жатыр еді, қараторы келіншек құлағына еңкейді.

─ Еркем - ау, саған не болған? Үйде қонақ бар ғой. Қыз тыйыла қалды. Бірақ қонақтар жаққа көз салмады.

Қала мен теңіз арасында қыста да, жазда да аяқсымай шұбырып жататын көп жолаушының бірі болар деп ойлап еді; жеңгесі қайын сіңлісін шешіндіріп жатып, үй ішіндегілердің көзін ала бере, құлағына қайта сыбырлады:

─ Үйде оқыған жігіт отыр.

Қыз шам жарығы ала көлеңкелеп тұрған абажадай үйдің қонақтар отырған төр жағына бұл жолы мойнын созып қарады.

Қыз назарын байқаған жас жігіт көсіліп жатқан аяғын тез жинады. Қыз басқалардан гөрі шаш қойған, орысша киінген, арық, аққұба жігітке көзін іркіп қарады да, бұрылып кетті. Өңі қызғылт тартты. Киімін шешіндірмек болған жеңгесінің қолын қағып, ешкімнің көмегінсіз өзі шешінді.

─ Айғанша қарағым - ау, осынша кеш жүргенің не?- деді Төлеу.

Салқын ауада жүріп қайтқан Ебейсін әлгідей емес, қазір бойы сергек. Қызды көргенде ұйқысы шайдай ашылды. Бас - аяғы абажадай бір бөлме үйде бой тасалайтын жер болмағасын теріс қарап тұрып шешіне бастаған қыздан екі көзін айырмай, тұла бойын тінткілеп қапты. Үстіне қабаттап киген киімдерді бір- бірлеп шешкен сайын ар жағынан құдды қауызын жарған гүлдей қыздың талдырмаш бойы, қынама белі мен сәл - пәл қозғалса да арқасындағы білектей қос бұрым бұлғақтап, қарамайын десе де көзін тартып алып тұр. Қызды көзімен ішіп - жеп бара жатқан Ебейсін қасындағы жас жігіттің тақымын шымшып, мазасын алып бітті. Осы кезде сырттан кірген екеу:

─ Ассалаумағалейкум!- деп қосарлана боздап еді, бірақ оқыған жігітті көргесін ілгері баспай есік алдында тұрып қалды. Сосын оның басқа емес, оқудан қайтып келе жатқан Құдайменде болыстың інісі екенін білгесін:

─ Оу, Жасанжан!.. Ой, айналайын... Ал, аман - сау барсың ба?- деді, әлгі екеу екі жақтан жалпылдай бастады.

─ Аға, жеңгелерің де аман.

─ Ал, өзің қалайсың? Өңің қандай құп - қу?..

─ Апыр - ай, бетіңде тіпті қан жоқ. Оқу адамды жеп тастайды деген рас - ау!

─ Денсаулығың қалай?

─ Ауылды сағынған шығарсың?

─ Аға, жеңгелерің де сенің жолыңа қарай - қарай, екі көзі төрт болды.

Ебейсін өзіне таяу отырған қаба сақалды жуан қараны бүйіріне түртті:

─ Қастарыңда тағы біреулер бар емес пе еді?

─ Ой, енесін с... екі балықшы ғой. Шалқарға айдап апара жатырмыз.

─ Олар қайда?

─ Түйе қораға қамап тастадың.

─ Күзет қойдыңдар ма?

─ Ит жер дейсің бе?- деді қаба сақалды кеңк - кеңк күліп,- қашып кете алмайды, қол - аяғы кісендеулі.

Айғанша қара кемпірдің қасында қос тізесін құшақтап отыр еді. Шалқақтап күлген қаба сақалдыға көзі енді түсті.

─ Оларды ішке алса қайтеді? Тоңады ғой,- деді Жасағанберген.

Ебейсін мырс етті. Жалма - жан сырт айнала бере, ірге жақта жатқан бір жастықты өзіне тартып, жұмарлап бауырына басып алды.

─ Ағалар - ау, бұларың қалай... Мына суықта... мал қораға қамап... Ұят қайда?..

─ Жасанжан - ау, олар қылмысты кісі емес пе?- деді қаба сақал.

─ Солайы... солай шығар. Бірақ, ағалар - ау, олар да адам... адам баласы ғой...

─ Түсінсем не дейсің? Кісі өлтірген кісіге аяныш бола ма?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий