Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Это произведение – трилогия, состоящая из следующих книг «Сумерки», «Сергелдені», «Көркеу». Оно описывает одну эпоху периода жизни казахского народа. Через отдельно взятые судьбы, автор передал жизнь целого народа. Трилогия содержит полную картину всех сторон жизнедеятельности ушедшей страны, описывает многие судьбы, в том числе и «постигшие море» …

Кровь и пот. Книга I. Сумерки / Қан мен тер. I кітап. Ымырт - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Еламан қарсы ақырып темір сүйменді құлаштай сілтеп еді, Тентек Шодыр тізгін ұстаған қолымен басын қорғап бұғып қалды. Ат ата жөнелді. Иығының басына тиген соққыдан орыс байы есеңгіреп кеткен-ді. Бірақ есін тез жиды. Басын шайқап жіберді. Қалың киімді бойымен Еламанды астына бүгерлеп баса қалмақ боп еді, бірақ Еламан артына қарай ытқып, орыс байының құшағынан сытылып шықты да, іле-шала қайта ұмтылды. Бұл жолы сүймен Федоровтың дәл қара құсына тиді. Құлақшынның астынан қан cay етіп бетін жуып кетті. Қалың киімді, батыр тұлғалы ірі кісі гүрс етіп етпеттей құлады. Еламан сүйменді лақтырып жіберді.

* * *

Балықшылар қараңғыда қайдан шыққандарын білмесе де, қара дауыл қуған үлкен мұздың ілгері жағы бір тұйыққа тірелгенін сезген-ді. Таң атқасын болмаса, көз байлаған тастай қараңғыда қалай қарап жүрерін білмей, дағдарған кісілер аядай жерде иіріліп тұр. Онсыз да, түнде бет ашыққа шыққасын өкірген теңізде тоқымдай - тоқымдай мұздың бірінен біріне секіріп жүргенде Итжемес аяғы тайып, суға кеткен-ді. Онан басқа үш балықшы өлі-тірісі белгісіз, суға кетті ме, әлде ыққан мұзбен бет ашыққа көз асып кетті ме, оншасы әзір бұларға белгісіз. Қол-аяғы үсіген Құлтума қозғалуға шама жоқ, анадай жерде күресін мұздық ығында ыңырсиды. Әзір іштеріндегі тыңы - Еламан, Кәлен, Мөңке, Дос. Райдың аяғындағы қайыс етікке су өтіп, таң алдындағы сары аяз шыдатпай, жас жігіт жаурап Еламанға тығыла береді. Сонан бір кезде дауыл басылып, бозарып таң атты да төңірек көріне бастады.

─ Қаратүп!..

─ Әй, мынау Қаратүп қой!

─ Біз Қаратүптен шығыппыз.- Балықшылардың түрінен адам шошығандай. Сақал-мұрты мұз. Қасы, кірпігі, үсік шалған беттің әр түгі ақ қырау. Қаратүп шыңын көргесін бәрі жан-жағына сергек қарап, даурығып абыр-сабыр болды да қалды.

─ Әй, ана қарайған не?

─ Қайсы?

─ Әне! Әнекей!- деді де, Кәлен жүгіре жөнелді. Мөңке, Еламан, Рай, тағы бірнеше кісі оның соңынан жүгірді. Бұлар жақындағанда әлгі қарайғанның үстінен қарғалар ұшты. Кәлен жеделірек басып қасына келсе қарайғанның бірі түйеші Жалмұрат та, ал онан небәрі қол созым жерде көк мұзға қолын ілгері соза құлаған Сары бала...

─ Еламан, сен тезірек елге жет,- деді Кәлен,- біз жарымжан кісілерге бас-көз боп, осы арада қала тұрайық.

Еламан жөнеле берген-ді, Кәлен соңынан қуып жетіп, қолына мұз оятын темір сүйменді ұстатын жатып:

─ Мә, мынаны ал! Шың астымен жүресің ғой. Ит-құс кездесіп қап жүрер,- деген еді...

Еламан бұл жолы да үндемеді, ішіне не түйгені белгісіз. Көктайғақ мұзды табанына нәл қаққан ауыр етікпен кірш-кірш басып кетіп барады.

* * *

─ Осы сендер не ойлай - туң? Ал мен көресіні мына Кәленнен көріп жүрмін ғой. Болыстық қолыңа ұстаған қанды қара балта болса, әуелі Еламан мен Кәленге сілтесем қайтеді?- деді Құдайменде ағасы мен інісін оңашалап, ақылдасуға шақырып алып отырып.

Болыс болғалы ел аралап, ұзақ жүріп қап, сонан тек өткен түні қас қарая келген-ді. Ертең ел арасының тағы бір шұғыл шаруасымен жүретінін аңғартып отырып: «Ертеңгі шайды бізден ішерсіңдер, ақылдасатын шаруа бар»,- деп еді; ас-суы әзір үйге барам деп ойлаған софы көңілденіп келсе де, бірақ құр шайдан басқа тіске басатын ештеңе болмағасын қабағы түсіп кетті. Әңгімеге ықылассыз. Екі көзі сыпылдап ішке бір кіріп, бір шығып жүрген даяшы әйелде. Софы ағасының көңілін жер түбінен танитын жас мырза бұнда келгелі оны көзінің қиығымен бағып, мұртынан күліп отырған-ды.

─ Неге үндемейсіңдер?- деді Құдайменде,- Кәленді айдатсам қайтеді деп отырмын ғой?

─ Онымен ұстасып қайтесің? Ол ұры от алғалы тұрған қара мылтық. Өзіңді жазым етіп жүрмесін,- деді софы.

─ Е, ол мені қалай жазым ете - туң?

─ Ол арасын бір Алла біледі. Менің білетінім өзіңнің тыныштығыңды ойласаң, онымен тату бол.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий