Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы сөзді балаға ғана емес, басқаға да айтып отыруымыз абзал. Ұлы Отан соғысына бүкіл Совет Одағы қатысқаны рас. Бірақ Совет Одағын қорғау үшін самолетпен «сүзісіп», танкпен тартысып, жаралы, жарасыз алғы шептен келген азаматтар да бар емес пе? Олар қазір көп те емес. Олардың мұқтажын ескермеуге болмайды! Понятно тебе?

Автор. Рас айтасыз, Бауке. Енді бір сұрақ: полковник Серебряков соғыстан кейін қайтыс болды ма?

Бауыржан. Иә, соғыстан соң бірақ жылдан кейін.

Автор. Қайда?

Бауыржан. Москвада. Сүйегі Новодевичье зиратына жерленді. Марқұмды қойысуға мен қатыса алмадым. Кезінде хабар жетпеді, кейін естідім. Артынан, жауынгер жолдастары бірігіп, басына шағын ескерткіш орнаттық. Ескерткіш ашылар алдында арнап Москваға бардым. Марқұмның зайыбына көңіл айттым, қабырының басына гүл қойдым. Әйелі байғұс разы болып қалды.

— Валентина Николаевна, — дедім содан кейін, — қазақ дәстүрі бойынша бір жылдан кейін өлген адамға ас береді. Иван Иванович қайтыс болғалы бір жыл болды. Ертең, басына ескерткіш орнатылғаннан кейін, Иван Ивановичтың ең жақын достарын үйіңізге шақырыңыз. Мен ас беремін.

Серебряковтың жесірі сенер-сенбесін білмей, абыржып қалды.

— Ой, Бауыржан, оған көп қаражат керек қой, — деді басын шайқап.

— Оған қысылмаңыз, қаражатын мен көтеремін. Достарыңыздың тізімін жасап, бүгін хабарлап қойыңыз, — дедім.

Полковник Серебряков соғыстан бұрын Бас штабтың тамаша мектебінен өткен кісі екен. Қырық бірінші жылы 316дивизия жасақталғанда Иван Иванович Алматыға Москвадан, Бас штабтың өзінен келіпті. Соғыстан кейін ол ГУК-те басқарма бастығы болып қызмет істеді. Қабір басына ескерткіш орнатылғаннан кейін, Бас штабтағы ескі достары мен ГУК-тағы жаңа жолдастары тегіс Серебряковтың үйіне жиналды. Олардың ішінде сен білетіндерден генерал-полковник Иван Михайлович Чистяков болды. Мен әкемдей болған Панфиловқа ас бере алғамын жоқ, соғыста жүрдім. Ал Серебряковтың асын осылай өткіздім. Айта кететін бір өкінішті жай Иван Ивановичтың артында ұрпақ қалмады. Әйелі құрсақ көтермеген кісі екен, баласыз етті.

ТОҒЫЗЫНШЫ ДИАЛОГ

І

Автор. Ал, Бауке, Серебряков ақсақалдың Сіз туралы жазған тағы бір жауынгерлік мінездемесін таптым. Соны оқып шықсам қайтеді?

Бауыржан. Оқығын.

Автор. Бұл полковник Серебряковтың өткен жолы өзіңізге көрсеткен жоғарыға жолдаған хатынан екі жыл бұрын жазылған екен. Мұнда былай делініпті:

«Совет Одағының Батыры И.В. Панфилов атындағы Ленин және Қызыл Ту ордені 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы 1073 гвардиялық атқыштар полкының командирі — майор Момышұлы Бауыржанға»

ЖАУЫНГЕРЛІК МІНЕЗДЕМЕ

1910 ж. туған, 1942 жылдан ВКП (б) мүшесі, ұлты қазақ, әлеуметтік жағдайы қызметші, жалпы білімі орта, әскери білімі – бір жылдық, Қызыл Армияда 1932 жылдан 1934 жылға дейін, одан соң 1936 жылдан күні бүгінге дейін қызмет етіп келеді, 1941 жылдың сентябрінен бері майдандағы армия қатарында.

Момышұлы жолдас 8-ші гвардиялық дивизияда ол алғаш құрылған күннен бастап қызмет істейді. Осы дивизияның құрамында ол жауынгерлік даңқты жолдан өтті.

Советтік Отан үшін ұрыстарда Момышұлы жолдас өзін Лениннің ұлы ісіне берілген қайтпас қайсар әрі батыр командир ретінде танытты.

Момышұлы жолдас тактикалық жағынан жақсы әзірленген, оның үстіне неміс фашистерімен кескілескен қанды ұрыстарда, нақты істе өз білімін одан әрі көтеріп, санқилы ұрыстарда оны ойдағыдай қолдана білді.

1941 жылдың июль-сентябрінде атқыштар батальонының командирі болған кезінде аға лейтенант (қазір майор) Момышұлы жауынгерлер мен командирлерді Отанды шексіз сүюшілікке тәрбиелеп, өз батальонының адам құрамының жауынгерлік әзірлігі жақсы дәрежеге көтерілуіне жетісті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий