Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Гвардия полковнигі Момышұлы 1910 жылы туған, ұлты қазақ, 1942 жылдан ВКП(б) мүшесі. Отан соғысына 1941 жылдың сентябрінен бері қатысып келеді. Қызыл Армияда 1936 жылдан қызмет етеді. 1941 жылы 5. ХІІ-де Крюково ауданында ауыр жарақаттанды. Оның қазіргі тұрағы: Москва қаласы, Кропаткин көшесі, 19, Қызыл Армия Бас Штабының Ворошилов атындағы академиясы.

8-ші гвардиялық, атқыштар дивизиясының бұрынғы командира гвардия полковнигі Серебряков.

8-ші гвардиялық дивизияның кадрлар бөлімінің бастығы, гвардия майоры Кондрашев.

Серебряков пен Кондрашев жолдастардың қолын куәландырушы

Қазақ, ССР-інің Москвадағы тұрақты өкілінің орынбасары Айтқұлов.

17 июль 1944 жыл».

Автор. Гвардия полковнигі Серебряковтың хаты осы, Бауке.

Бауыржан. Рақмет. — Баукең мұңды үнмен, даусын сәл төмендете сөйледі. — Серебряков деген өте бір парасатты адам еді. Ар мен әділдік дегенде жанын аямайтын. Иван Иванович адамға жариялап жақсылық жасамайтын кісі-тұғын. Ал жасаған жақсылығын және айтып жатпайтын. Әрқашанда өзін сабырлы байсалды қалыпта ұстайтын. Бетіңе ойлана қарайтын да, үндемей қоя салатын. Мен бұрын ондай адамның жүрегінен жылы сөз шығады-ау деп ойламаушы едім. Ол ойымның қате екенін мен одан Горюны-Матренино ұрыстарында, жеті түнде, жүрек тебірентер жылы хат алғанда ғана түсіндім. Жақсылығын сөзбен емес, іспен дәлелдеп, қиын-қыстау кезде қасыңнан табылатын қайран орыс ағам-ай! — деп мен сонда бір толғана тебіренген едім. Ал оның бұл хатын ана жылы, Панфилов жетпіс жасқа толар қарсаңында ол туралы кітап жазамын деп материал жинастырып жүргенде көрдім. Подольскідегі әскери архивтің бастығы менімен танысқаннан кейін бізде Сіз туралы бір керемет документ бар деп зор мақтанышпен әкеп Серебряковтың осы хатын қолыма берді. «Топырағың торқа болғыр, ақсақалым, сен менің иықтағы періштемдей үнсіз жебеушілерімнің бірі болған екенсің-ау!» деп іштей толғана оқып, архив бастығына қайтарып бердім. Сен мұны сол Подольскідегі архивтен алдырып отырсың ғой?

Автор. Иә, Бауке. — Осы арада оның мұншама ерлігіне сүйсінгендіктен аузымнан келесі сөздердің қалай шығып кеткенін де аңғармай қалдым. — Алла-ай, Бауке, фашистерді қойдай қырыпсыз ғой өзіңіз... — Осылай деуін десем де батыр шамданып қала ма деп, тез аузымды жаба қойдым. «Бәләй, бұрынғыдай іштей тебіреніп неге үнсіз отыра бермедім» деп өкіндім. Бірақ «құдай иіп» бұл жолы Баукең шамданбады.

Бауыржан. Өйтпесек жауды жеңе алмайтын едік қой, қарағым. Осылай деп жайлап айтып, сәл ойланды да, менің бетіме қарады. Сен өзің де фашистерді аямаған боларсың?

Автор. Мен бе? Мен зеңбіректен атып не бәрі жаудың екі-ақ танкін жойдым, Бауке. Бірін Великие Луки түбінде, екіншісін Варшава маңында...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий