Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Тауарыш генерал, я, — деп алдымен Жан өзінің кеудесін түртті,— обоз пошет. Кобыла видал. Лежит, жеребенок рождайт. Маленький-маленький жеребенок вышел. Красивый. Звезда, — деп ол енді маңдайын түртті. — Опять пошел. Жеребенок видал. Бегайт. Потом майор сказал, — деп мені иегімен нұсқады. — Қымыз пить бойдешь сказал. Қымыз пить — сильный бойдешь, қымыз пить — красивый бойдешь сказал. Майор голова кивал. Я кобыла брал. Доит стал. Как корова доит. Қымыз сделал. Тауарыш генерал пейте қымыз. Қымыз пить бойдешь — сильный бойдешь. Қымыз пить бойдешь — красивый бойдешь. Вот так, — деп Жан ұзын лекциясын аяқтап алақанын жайды.

Генерал әбден түсіндім дегендей, Жанға қарап басын изеді.

— Сізге ұлттық тағамдарыңыз үшін рақмет. Немістер біздің ұлылық қасиеттерімізді де, ұлттық, қасиеттерімізді де жоя алмайды, — деп Жанның қолын алып, арқасынан қақты, — Сіздің сол әдемі құлыныңызды көруге бола ма?

— Можно, можно, тауарыш генерал. Совсем недалека. Я сам землянка капал. Накат делал. Я жеребенок берегу как солдат, как сын полка...

Генерал қайтар бетінде Жанның жерден қазып жасаған ат қорасына кіріп көрді. Жирен бие бізді оқырана қарсы алды. Жирен төбел құлын күлте құйрығымен екі санын кезек сипалап тұрып, мойнын бұрып, әдемі қара көздерін генералға қадады. Генерал оның жібектей жұмсақ титімдей жалынан сипады. Тегі Жан сипалап үйретіп қойған болуы керек, жирен құлын генералға қарап сүйкене түсті.

— Мұның аты бар ма? — деп сұрады генерал. — Аты не?

— Есть, есть, тауарыш генерал, имя его Камиль!

— Қалай?

— Камиль, тауарыш генерал, Камиль, — деп Жан екі рет қайталады.

— Ол не деген сөз? — деді генерал Жанның құлынға қойған атының мағынасын ұқпай.

— Камиль — мой сын, — деді Жан өзінің кеудесін сұқ саусағымен түртіп. Камиль —город Прежевалск живет, Қырғыз ССР. Я узбек. Генерал Панфилов дивизия организовал, я попал. А жеребенок тоже Камиль, как сын!..

— Балаларыңыз нешеу еді? — деді генерал Жанға қарап ойлана бас изей тұрып.

— Два ребенка был, — деді Жан генералға екі саусағын шошайтып. — Трети живот остался, жинка живот. Он тоже вышел. Теперь три! — деп ол енді үш саусағын шошайтты.

Генерал сол жерде адъютантына айтып, Жанның білегіне сағат тақтырды.

— Мынау менің соғыс кезінде туған соңғы балаңызға сыйлаған сыйлығым. Соғыс біткеннен кейін оған ескерткішке апарып беріңіз, — деді содан соң.

— Ой, спасиба, тауарыш генерал, спасиба тауарыш генерал! — Умирайт буду век незабуду, умирайт буду век незабуду, — деп Жан байғұстың қалбақтап есі шығып кетті.

— Жоқ, өлмеңіз, алдымен жеңіске жетейік, — деді генерал күліп, — Ал мына құлыныңызды аман сақтаңыз.

— Хоп, тауарыш генерал, бойду береш, бойду береш! — деп Жан екі қолымен кеудесін басып, өзбекше иіліп тұрып генералға жол берді.

Генерал Пуркаев пен полковник Серебряков машинаға отырып, біздің полктан аттанып кетті. Содан кейін көп ұзамай Иван Иванович Серебряков генерал Галицкийдің штабына жаңа қызметке ауысты.

ІХ

Автор. Бауке, сөзіңізді бөлгеніме ғапу етіңіз. Сіз Серебряков атын айтқаннан жаңа ғана есіме түсіп отыр. Ол кісінің Сіз туралы жоғарыға жазған бір үлкен хаты бар екен ғой. Соны білесіз бе?

Бауыржан. Қандай?

Автор. Мінеки. Мен Сізге қазақша аударғанымды оқып берейін.

Бауыржан. Оқығын.

Автор. Серебряков бұл хатын СССР Жоғарғы Советінің Президиумы мен Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумына жолдапты. Онда былай деген:

«Сіздерге мына төмендегі жағдайды баяндап жеткізуді борышым деп білемін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий