Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

1942-жылы 21-июльде СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы бойынша даңқты 28 панфиловшыға өлгеннен кейін Совет Одағының Батырлары атағы берілді. Дубосеково разъезіне жақын Нелидово селосында осы оқиғаға байланысты өткен салтанатты жиын туралы очеркті де Кривицкий жазды. Одан кейін «өліп тірілген» үш батырдың — 28-дің тірі қалғандары И. М. Шемякин, И. Р. Васильев және И. Д. Шадриннің бақытты тағдыры туралы да орталық баспасөзде бірінші боп жазу абыройы Кривицкийге және тиді.

Содан көп жылдар кейін Александр Кривицкий 8-ші гвардиялық дивизияның адамдарына арналған «Москва түбіндегі қарауыл» атты кітабының бір бетіне былай деп жазды:

«Мен бақыттымын, маған тағдыр панфиловшылардың ерлігіне жақындасуға, ұрыс картинасын қалпына келтіруге, батырлардың есімдерін тауып, олардың ерлігі туралы бірінші болып айтып беруге мүмкіндік берді. Адамдарды рухтандыратын бұл ерлік туралы бірінші болып айтып берушінің бақыты менің санамда өмірімнің соңғы минутына дейін сақталатынын мен білемін».

Автор. Рас айтасыз, Бауке. Ұлы Отан соғысы батырларының ішінен 28 ердің есімі, аспандағы көп жұлдыздар арасындағы үркердей жарқырап, адамзат тарихында мәңгілік қалды ғой. Олар адамдар арасындағы достықтың, туысқандықтың, отаншылдықтың социализм елін, қорғау жолындағы бұқаралық ерліктің өшпес өнеге — шамшырағы боп нұр шашуда.

Бауыржан. Сол батырлардың жиырма екісі казақстандық та, төртеуі — Нарсұтбай Есболатов, Мұстафа Сеңгірбаев, Асқар Қожабергенов, Әлікбай Қосаев — қазақ қой! Халқымыздан шыққан Совет Одағының түңғыш батырлары! Менің біз Кривицкийге де ерекше қарыздармыз дейтін себебім сол, қарағым. Сол азаматтың қажыры, қайраты, дәйектілігі арқасында өлген ерлердің есімі бар әлемге мәшһүр болды. Егер Кривицкий мұншама табандылық көрсетпесе, Москва түбінде бораған қауіп-қатер боранының ішінде тырмысып жүріп қолындағы ерлік арқанының ұшынан өлсе де айрылмауға бел байламаса 28 батырдың аты-жөні табылып, тарихта қалар ма еді, қалмас па еді? Әңгіме осында. Ел үшін еткен ерліктің бұл да бір түрі! Келе-келе Кривицкий очеркист-жазушыға айналды. Ал жазушы халық үшін қалтқысыз қызмет еткен адамды мәңгі жасатады. Бастапқы сөзімді қайталап айтамын: Панфиловты, оның дивизиясынан шыққан 28 батырды және басқа панфиловшыларды мәңгі өлмейтін етіп, тірілердің қатарында қалдырған екі орыс жазушысы бар. Олар Александр Бек пен Александр Кривицкий, бұлар жазған «Волоколамск тас жолы» мен «Москва түбіндегі қарауыл» кітаптары. Түсінікті ме саған?

Автор. Түсінікті. Тағы да бір сұрақ, Бауке. Кривицкий 28 батырдың аты-жөнін анықтау үшін дивизияға барған жолы сізбен де жолыққан екен. Өзіңізбен жақсы дос, сырлас болып аттаныпты. Артынан Бек сол дивизияға барып, Момышұлының батальоны туралы повесть жазып қайтты. Сонда маған Кривицкийдің қолымен Бекке тағдыр сізді нұсқап жіберген сияқты боп көрінеді.

Бауыржан. Оны Кривицкийден немесе тағдырдан сұрағын.

Автор. Бір сөзбен айтқанда, «Волоколамск тас жолы» Москва түбінен басталған біздің улы жеңісіміздің де, совет халықтарының мызғымас достығының да және сіздің есіміңіз арқылы қазақ халқының ерлік даңқының да әлемге шеру тартқан даңғыл жолы болды ғой, Бауке.

Бауыржан. Жаңа айттым емес пе ол кітаптың авторына менің ұлтым да, ұрпағым да қарыздар деп.

VIII

Автор. Сөйтіп, 1942 жылдың сентябрінде генерал Чистяков 21-ші армияның командашысы боп Дон майданына кетті. Ал біз қайда қалдық, Бауке?

Бауыржан. Біз қайда қалушы едік? Калинин майданында қалдық. Генерал Кузьма Никитович Галицкий басқарған 3-ші екпінді армияның қарамағында фашистерге қарсы күзгі, қысқы ұрыстарға әзірлендік. Майдан командашысы генерал-лейтенант Максим Александрович Пуркаев деген кісі болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий