Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біз ол кезде Холмның түбінде қорғаныста тұрдық дедім ғой. Холм біздің қолда. Ал Великие Луки, Невель, Новосокольники деген темір жол бойындағы үш қала немістердің қарамағында. Холмдағы біздің әскерлер фашистердің «Солтүстік» армиялар тобының денесіне кірш етіп кірген найзадай сұғынып, немесе басқаша теңеумен айтсам, әлі от алдырылмаған ракетаның космосқа көтерілер алдындағы тұмсығындай сұстана сүйдиіп, немістердің бүйіріне қадалып тұрған болатын. Енді түсінікті ме саған?

Автор. Түсінікті, Бауке.

Бауыржан. Денесіне найза дарығанын кім ұнатады? Дереу оны қағып тастауға немесе ортасынан опырып жіберуге тырыспай ма? Немістер де сөйтті. Бірақ Холмды қайтадан ала алмады. Біз де жаудың жанды жеріне қадалған найзамызды одан әрі түсуге тырыстық. Сонымен итіс-тартыс боп ұзақ тұрдық. Бұл жерде немістердің жанұшыра тыпырлап, өлердей арпалысуының екі түрлі себебі бар еді. Бірінші себебі мынадай. Калинин майданының оң жағындағы көршісі Солтүстік-Батыс майданы ол кезде жаудың 16-ші армиясын қоршауға алып, «Демьян қапшығының» ішінде ұстап тұрған болатын. Оның «Демьян қапшығы» аталатын себебі ұзын қапшыққа ұқсаған қоршаудың түбі біздің Демьянск деген қаламызға келіп тірелетін. Ең алдымен немістердің сол «қапшықты» сыртынан тесіп, жыртып, оның ішінде бір үйір егеуқұйрықтай шыңғырып, шақылдап жатқан әскерлерін шығарып алғылары келді. Екінші себебі — коммуникациялық ірі торап саналатын Великие Луки қаласын қолдарынан шығармауға тырысты. Өйткені бұл қаладан жан-жаққа он тас жол, төрт темір жол тарайды екен. Солтүстік жақтағы Дно, Новгород, Ленинградтан, шығыс жақтағы Ржев пен Москвадан, ал батыстағы Балтық жағалауындағы елдерден келетін жолдардың барлығы да осы Великие Лукиде тоғысады. Оның үстіне оңтүстік-батысқа — Германияға баратын жолдар да осы қаладан шығады. Қазақта «тоғыз жолдың торабы» деген ұғым бар ғой. Ол жан-жақтан тоғыз жол келіп түйіскен деген мағынаны білдіреді. Ондай жер ең үлкен орталық болып есептеледі. Ал Великие Луки тоғыз емес, он сегіз жолдың торабы екен. Сондықтан да патша үкіметі Великие Лукидің ерекше стратегиялық маңызын есептей отырып, бірінші дүние жүзілік соғыстан бұрын аса қуатты темір жол торабы ретінде Великие Луки — Невель — Новосокольники үш бұрышын салдырса керек. Мұндай мықты бекіністі қолдан шығару кімге болса да оңай ма? Сол себептен де бізге қарай немістердің «Орталық» армиялар тобынан әскерлер ағыла жөңкіп, біздің 3-ші екпінді армияның қақ маңдайындағы Локня, Великие Луки, Невель аудандарына келіп топтаса бастады. Мұндай жағдайда біздің 8-ші гвардиялық дивизияға, бүкіл армия мен майданға қорғаныс шебін нығайтқан үстіне нығайта беру қажет болды. .

Осы кезде генерал Галицкий де, генерал Пуркаев та біздің шебімізге жиі келіп, оны нығайтуға бағытталған ақыл, кеңестерін үнемі айтып жүрді. Бұл екі генералдың екеуін де полкта қонақ етіп, баяғы өзің көрген аспазым Жанның қолынан дәм татырдым, қазақтың қазы-қарта, бес бармақ, бауырсақ сияқты асыл асын жегізіп, қымыз ішкіздім. Алдымда аға командир, дивизия басшысы полковник Серебряков тұрғанда менің генералды қонаққа шақыруға қақым жоқ еді. Бір келген жолында Галицкий полктың бекініс ауданын аралап көрді де, қайтарында маған:

— Майор жолдас, сенің полкыңның кухнясын біздің штабтың офицерлерінің бәрі мақтайды. Не кереметің бар, көрсетпейсің бе бізге? — деді.

Мен Серебряковке қарап едім, ол басын изеді.

Бір жолы Пуркаев келіп дивизия шебін аралағанда оны біздің полкке ең соңында әкелген Серебряков:

— Жолдас генерал, осы жерден, мына майор Момышұлының кухнясынан қазақша тамақ ішейік, — деп ұсыныс жасады.

Пуркаев қымызға әсіресе таң қалды.

— Мұны қалай жасайсыңдар? — деп сұрады тамсанып отырып.

Пайзиев генералға қымыздың қалай жасалатынын ғана емес, ол сауып отырған биенің «өмір тарихына» дейін айтып берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий