Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қырық бірінші жылғы декабрьдің басында, сақылдаған сары аязда Кривицкий Москва іргесінде жаумен шайқасып жатқан дивизияны іздеп алғы шепке аттанған болатын.

Бір адым ілгері аттап, екі адым кейін шегініп, шегінген жерден қайта шабуылға шығып, жаумен күні-түні қиян-кескі ұрыс жүргізіп жатқан дивизияның басшыларына жолығу, жолықсаң әлдененің егжей-тегжейіне қану үшін толықтап тілдесу мүмкін емес болатын. Оның үстіне дивизияның аяулы әкесі Панфиловтан айрылып, көп адамы құрбандыққа ұшырап қызыл жоса қан болып жатқан шағы еді. Өлінің орнын тірі басып, жаралының міндетін жаңа келгендер атқаруға кірісіп, біреуді біреу біліп болмайтын тұста келген әскери тілшінің бірден жолы болмады. Жолы болмағаны сол бұл дивизияда Диев деген саяси жетекшіні ешкім білмейтін болып шықты, ешбір тізімде жоқ. «Красная звезда» газетінің 28 батыр жайында жазылған басмақаласын мұнда ешкім де оқымаған, көрмеген. Не газетті алғы шептегі дивизияға жеткізіп бере алмаған, берсе жаумен жағаласып жатқан жұрттың газет қарауға мұршасы болмаған. Москва түбінде опат болған мыңдаған адам топыраққа көміліп, қар астында қалып жатқанда аты-жөні белгісіз 28 жауынгерді сұрастыру қақаған қаңтарда Қара теңізге сүңгіп, қапылыста қолыңнан түсіп кеткен алтын сағатыңды іздеумен пара-пардай еді...

Не істерін білмей жаны қысылған әскери журналист енді Диевті қойып, 16-ноябрьде Дубосековоны қандай бөлімнің қорғағанын сұрастыра бастайды. Капров полкінің адамдары екені айқындалады. Капров Дубосеково разъезін ол күні капитан Гундилович басқарған төртінші рота қорғағанын айтады. Тілші енді Гундиловичқа келеді.

— 16-ноябрьде Дубосеково разъезін сіздің рота қорғағаны рас па?

— Рас. Ротаның саяси жетекшісі басқарған 29 адам қорғады. Бірақ олар тегіс қаза болды.

— Саяси жетекші Диевті білесіз бе?

— Білемін. Ол менің ротамның саяси жетекшісі Клочков... Дәлірек айтқанда соның екінші фамилиясы.

— Қалайша?

— Василий Клочков асыл азамат еді. Ол өз жігіттерімен Дубосеково түбінде 50 танкіні тоқтатты. Не керек, өліп кетті. Тыным таппайтын. Сонысына қарап ротадағы бір украин жауынгер: «Біздің саяси жетекші Диев — тынымсыз жан» деп сүйсінуші еді. Осыдан ол Диев аталып кеткен болатын.

— Опат болған сол 29 адамның аты-жөнін тегіс айтып бере аласыз ба? Біреуі опасыз болып шыққан ғой, оны білесіз бе?

— Кімнің опасыз болғанын білмеймін. Мен өзге адамдармен ротаның екінші қанатында болдым. Ал өлген 29 адамның аты-жөнін тегіс айтып бере аламын.

Осылай деп капитан Гундилович планшет аша бастайды.

Осыдан кейін тілші Дубосеково разъезіне таяу жердің тұрғындарымен әңгімелесті. Госпитальға барып, ондағы жаралы панфиловшылармен тілдесіп, 28 батырдың бірі, өлім халінде жатқан Иван Моисеевич Натаровпен кездеседі. Осыдан кейін ол Москваға қайтып келіп енді «Красная звезданың» 1942-жылғы 22-январындағы номеріне «Мерт болған 28 батыр» деген очерк жариялады. Сонда олардың аты-жөні тегіс аталып, ерлер өлімінің егжей-тегжейі толық баяндалды.

Бұл да аз. Александр Кривицкий 28 батыр жайында бұдан кейін орталық газеттерде бірнеше очерктер жариялады. Нақ сол кезде қоршаудағы Ленинградтан редакцияның шақыруы бойынша ұшып келген көрнекті совет ақыны Николай Тихоновқа 28 батыр жайында қызықты-қызықты әңгімелер айтып беріп, солар жайында жыр жазуға шабыттандырды. Сөйтіп Николай Семеновичтің осы ерлер жайында поэма жазуына мұрындық болды. Тихоновтың «28 гвардияшы туралы жыры» «Красная звезданың» 1942-жылғы 22-марттағы номерінде басылды. Бұдан кейін бұл батырларға атақты ақын Михаил Светлов және поэма арнады. Ал белгілі композитор Исаак Дунаевский «Менің Москвам» атты әнінде 28 батырдың ерлігін музыка тілімен толғады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий