Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бауыржан. Ол да аз емес, қарағым. Сен сияқты солдаттың әрқайсысы екі танктен қирата берсе, ол осал іс пе екен!? — Баукең сәл ойланып, сұқ саусағын шошайтты да, қайтадан сөйледі. — Егер сен бір рота танкты қиратсаң, онда сен өзіңді, өзге жолдастарыңды, жанындағы жаяу әскерді жалмайын деп келе жатқан бойында мың аттың күші бар салмағы отыз тонна тажалды құртқаның. Өзін ойлашы: жайлауда қаннен-қаперсіз отырған ауылдың үстінен қиқулап қуалап кеп мың жылқыны айдап өтсе ол ауылдың адамдарынан не қалар еді? Түк те қалмас еді. Мың жылқының болат тұяғы тепкілеп, түтіп өткен жерде тозаңнан басқа не қалушы еді? Ал танк жылқы сияқты тек тұяғымен ғана таптап өтпейді, оның жан-жағына өлім шашып келе жатқан зеңбірегі мен пулеметі және бар. Танктен атылған снаряд өте ұшқыр келеді, бір секундта бір километр жерге жетеді. Оның стволынан минутына 5-8 снаряд атылады. Ал танктың пулеметі бір минутта бір жүз оқ төгеді. Сонда бір танк бір минуттың ішінде екі жүзге жуық адамды жалмайды екен. Одан өткен тажал бола ма? «Бір танктың дөңгелегінде мың адамның тағдыры шыр көбелек айналады» деген солдаттардың нақыл сөзі болушы еді. Бұл солдат философиясы, жай долбармен айтыла салған сөз ғой. Әйтпесе сонау Шығыс Европаны табанымен таптап, Москваға дейін ізінен қызыл қан ағызып келген фашист танктерінің әрқайсысы мыңнан әлдеқайда көп адамды жалмағанына дау бар ма. Жарайды, солдат нақылының мөлшерімен-ақ есептейік. Егер сен Ұлы Отан соғысында екі танк қиратсаң, онда сегіз фашисті өлтіріпсің — бір танктың экипажы төрт адамнан болады. Ал екі мың отандасыңды ажалдан аман алып қалыпсың. Бұл, біле білген кісіге, аз еңбек емес, қарағым.

Автор. Апырай-а! Мен желкемді қасыдым. Өйткені күні бүгінге дейін еліме мұндай еңбек сіңірдім деп ойламаушы едім. «Көппен көрген ұлы той» дегендей, жұртпен бірге барып, жаумен төрт жыл соғыстым. Оқ тимеді, өлмей қалдым. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген сол шығар деп жүре беретінмін. Тіпті өзімнің соғысқа қатысқаныма ешқандай мән бермейтін едім. Соғыстан келгеннен кейін орден, медальдарымды омырауыма тағып, ешқашан мақтанған емеспін. Енді міне Баукең маған солдаттық еңбегімнің бағасын айтып бергенде кеудемді ойда-жоқта мақтаныш кернеді. Зеңбірек расчетыммен жауып тұрған оқ астында ашық позицияға шығып, жау танктерімен жекпе-жек шайқасқан сәттерден басқа, Калинин, 2-ші Балтық, 2-Белорусс майдандарында жабық позициядан жүздеген снаряд және аттым. Әрине, менің ол снарядтарымның да Ұлы Отан соғысына келтірген азды-көпті пайдасы бар... Жоқ, мен мұны Баукеңе айтқаным жоқ. Айтсам, мақтанғандай болар едім. Мақтансам, оным төсінде аққу жүзген айдын көлге батпағына бақа шомылған көлшіктің мақтанғанына ұқсар еді. Баукең мені ондай көлшік болуға қимады-ау деймін, сөзін тез ары қарай жалғап әкетті.

Бауыржан. Ал Дубосеково разъезінің түбінде біздің 28 жауынгеріміз жаудың 50 танкін жойды. Сөйтіп олар ең кемі елу мың адамды ажалдан құтқарып қалды. Өздері ерлікпен қаза тапты. Сол жиырма сегіз батыр өмірін сақтап қалған елу мың адам қазір 150-200 мың боп өрбіді. Олардың ұрпағы мәңгіге ұласа береді. Мінеки солдаттардың өз отандастарына келтірер пайдасы, адамдардың бір-біріне өзара қарыздарлығы қандай десеңші! Отан соғысына қатысып келген әрбір азамат өзінің соғыстағы еңбегімен, қарапайым ерлігімен елдегі талай адамдардың өмірін сақтап қалды. Қазір көшеде жұпыны киінген мүгедек жанды, балдаққа сүйенген ақсақ азаматты немесе білегіне қара протез жалғаған шолақ қол адамды көрсем, соларға қаншама қарыздар екенімді ойлап, басымды изеп, иіліп өтемін. Өйткені соғыстан менің он екі мүшем аман болғанымен, мен үшін басқалар жараланды. Мен аман келгеніммен, мен үшін өзгелер опат болды. Ал мен де өзгелер үшін қан төктім, солар үшін жараландым. Адамдар бір-біріне өзара қарыздарлығын әрқашан да ойлай жүрулері керек. Әсіресе Отан соғысы ардагерлерінің еңбегін ерекше бағалай білу қажет.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий