Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

1941 жылы октябрьде Москва үшін болған ұрыстарда Момышұлы жолдас басқарған батальон жаумен арыстанша алысып, оған ойсырата соққы берді.

1941 жылы ноябрьден бастап Момышұлы жолдас 1073-ші полктың командирі. Бұл полктың құрамы Батыс майданда дұшпанның алға ұмтылған екпінін тежеп, оның адамдары мен техникасын ойсырата жойды.

Дивизияның басқа бөлімдерімен қол ұстаса отырып, Момышұлының полкы неміс басқыншыларын Москва түбінде талқандауды бастаған (Волоколамск бағытында) бөлімдердің бірі болды.

1942 жылдың қысы мен көктемінде Калинин майданында, қалың қар, қатты аяздарда, одан кейін батпақты жердің көктемгі лайсаңында 1073-ші гвардиялық атқыштар полкы шабуыл ұрыстарын жүргізе отырып, мыңдаған неміс солдаттары мен офицерлерін, дұшпанның көптеген танк пен автомашинасын және басқа әскери техникасын жойды ондаған селолар мен деревняларды азат етті.

Дивизиямыздың ел алдындағы жалпақ жұртқа мәлім ерлігі, оның гвардиялық дивизия болуы және Қызыл Ту, Ленин ордендарымен наградталуы майор Момышұлы басқаратын 1073-ші атқыштар полкының жауынгерлік табыстарымен тығыз байланысты.

Майор Момышұлы Совет елінің намысы мен тәуелсіздігін қолына қару алып қорғап жүрген қазақ халқының адал ұлы. Осы халықтың ең таңдаулы өкілдерінің бірі ретінде біз оны наградаға ұсынамыз.

Дивизия командирі Дивизия военкомы полковник Серебряков,

полктық комиссар Лобов,

Дивизия штабының бастығы подполковник Гофман.

...июнь 1942 жыл».

Июннің қай күні екені өшіп қалыпты, мен айқындап ажырата алмадым. Осыған байланысты бір сұрағым бар, Бауке.

ІІ

Бауыржан. Қойғын сұрағыңды.

Автор. Сізге 1942 жылы 6 июньде Қызыл Ту ордені берілген. Бұл мінездеме Сізге осы орденге жазылған ба? Әлде Қызыл Ту ордені Сізді Панфилов ұсынған Ленин орденінің кешігіп, кішірейіп келіп төсіңізге қадалған белгісі ме? Немесе бұл мінездеме 1942 жылы августа Серебряков Сізді Совет Одағының Батыры атағына ұсынғанда жазылған ба? Осыны білесіз бе?

Бауыржан. Білмеймін. Мен награда қуғаным жоқ. Ешкімнен награда сұрағаным жоқ. Совет халқының неміс фашистеріне қарсы Ұлы Отан соғысында мен өзімнің солдаттық, азаматтық борышымды адал атқардым. Мен награда үшін емес, еліміздің тәуелсіздігі, халқымыздың намысы үшін соғыстым. Маған жаңағы өзің оқыған полковниктің жоғарыға жазған хаты награда. Ең жоғары награда. Серебряковтың өзінің, оны дүниеге келтірген ата-анасының әділдігінен айналдым мен. Түсінікті ме саған?

Автор. Түсінікті, Бауке. Сонымен біз 1942 жылдың күзінде Калинин майданында қорғаныс шебінде тұрмыз ғой. Генерал Чистяков 27 сентябрьде Москваға жүріп кеткен болатын.

Бауыржан. Иә.

Автор. Сөзіміздің осы жерін тағы да бір рет документпен растай қойсақ қайтеді?

Бауыржан. Растағын.

Автор. Растасам генерал Галицкий өзінің «1941-1944 сұрапыл сын жылдары» деген кітабында 1942 жылы 26 сентябрьде өзінің қайда болып, не істегенін былай деп баяндапты:

«26 сентябрьде армия әскерлерімен танысуға кірістім...

Ең алдымен 2-ші гвардиялық атқыштар корпусының командирі И. М. Чистяковтың КП-сына бардым. Қамқорды қасыма алып, одан генерал И. В. Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясына келдім. Москва түбіндегі ұрыстарда қаһармандықпен шайқасқан бұл даңқты құрама бүгінде Холм қаласының солтүстігінде қанатын кең созып, қорғаныс шебін ұстап тұр екен. 19-шы гвардиялық атқыштар полкында бізді оның командирі, Отанымыздың астанасын қорғаған ерлердің бірі майор Бауыржан Момышұлы қарсы алды. Менің сұрағыма жауап бер тұрып ол 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясында өткен жылы Волоколамск бағытында ажалмен бетпе-бет айқасқан жауынгерлердің көп екендігін айтты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий