Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Жоқ Надя алмайды бұл сағатты!..

Ұзын бойлы, әскери киімді қара сұр адам орнынан тұрып, іле сөйлеп кетті.

— Менің ана тілімде асыл сөздер ақтарып, жұрттың жүрегін тербеген мынау шүйкедей сары қыз! — деді ол жұртқа Лушникованы нұсқап. Зал демін ішіне тартып, тына қалды. — Сенің тіліңді біліп, жай сөзіңді сөйлей беретін орыс, неміс, өзбек, чечен, қырғыз толып жатыр, — деді ол енді төрешіге қадалып. — Бірақ сенің өнер тіліңді өз тілінен артық, білетін осы Надядан басқа кімді көрдің, айтшы, кәне? Кешегі Мариям Жәгерқызының жөні бір басқа. Дәл бүгінгі бас бәйге біздің тілімізде бұл бұлдай сайраған осынау кішкентай қызға берілуі тиіс!..

Бұл осы айтысқа қатысу үшін Алматыдан арнайы Шымкентке келген бір топ ақын, жазушының бірі Бауыржан Момышұлы болатын. Ол Надяға төреші ұсынған «Маяк» сағатын алдырмады.

Сыйлық үлесіліп болғаннан кейін Бауыржан әйелі Кәмәш екеуі Надя Лушникованы орталарына алып, ювелир магазиніне барды. Магазиннен таңдап жүріп «Лира» маркалы алтын сағатты сатып алды да, Бауыржан зергерге апарып, оның қақпағына мынадай сөздер жаздырды: «Надя, шеберлігің үшін. Момышұлы 25. 02. 1964 ж.» Сағатты Лушникованың қолына тағып жатып, Бауыржан тебірене тұрып тіл қатты:

— Мұны саған Бауыржанның бергені деме, адал жүрек, асыл өнерің үшін саған қазақ халқының сыйлағаны деп біл, игілігіңе тақ, қарағым...

Ac ішіліп болғаннан кейін мен орнымнан тұрдым. Бауыржан темекі тартуға кірісті.

— Бауке, мен ана бөлмеге барып, отыра тұрайын.

— Иә, дұрыс, — деді ол.

Біраздан кейін Кәмәш келіп, Бауыржанның төсегіне отырды. Тегі Баукең оны да қуып шыққан-ау деп ойладым ішімнен. Горькийдің жазушының әйелі жайында айтқан бір сөзін еріксіз есіме алдым. «Егер әйел өзін өзі кемтар еткісі келмесе, онда жазушыны сүймеуі, оған ерге шықпауы керек» деген еді ол бір әңгімесінде. Одан кейін сол Горькийдің әйел туралы айтқан мына бір сөзі тағы да ойыма оралды: «Дүниеде әйелден берік, әйелден айқын еш нәрсе жоқ, ендеше еркектің одан өзге сүйенері және жоқ». Мына Кәмәш та Баукеңнің жасы еңкейген шағында серіктесіп, оның сүйеніш тірегі болып отыр. «Көктемдей құбылмалы мінезі бар» Бауыржандай адамның қыбын тауып қиямет ету оңай іс емес-ау. Оған қаншама күш, қайрат, сезімталдық керек десеңші. Берік десе берік, мықты десе мықтысың-ау, әйел заты, деп ойладым ішімнен. Бауыржан кухнядан шығып, менің қасыма келді. Екеуіміз тағы да оңаша қалып, түске дейінгі әңгімемізді қайтадан жалғастырдық.

— Сонымен әлі милиция бастығымын ғой?

— Иә, милиция бастығысыз. Ауданға Емельянов келіп, содан бірсыпыра істің жайына қандыңыз.

— Рас, Емельяновтың ауданға бір келіп-кеткені маған кішігірім бір мектептей болды. Сонымен жұмысымды ептеп игеріп, қаз-қаз басып, қалтақ-құлтақ жүре бастағандай шаққа жеттім.

Бір күні ауданымызға Өлкелік партия комитетінің өкілі болып, жабдықтау халық комиссары Нығмет Сырғабеков деген кісі келді. Ол кісі аудан аралайды екен. Ефимов пен Бердібаев мені соның қасына қосып берді. Сырғабеков ақылды, байсалды, барынша көшелі адам екен. Тек қана «қалқам, шырағым» деп сөйлейді. Жол-жөнекей менің барлық жайымды сұрап, істе жіберген кемшіліктеріме талдау жасап, ағалық ақыл, кеңесін ақтарыла айтып, жөнге келетін, жобаға жанасатын істеріме қатты қуаныш білдіріп, жанымды жасытпай, жігерлендіріп ынталандырып отырды. Оның алдында Емельяновтың келуі ауылда совет, жұмысын жүргізудің бірінші басқыш мектебіндей болса, Сырғабековтың келуі екінші басқыш мектептің білімін бере бастағандай еді. Бірақ мен ол мектептің оқуын тауыса алмай, орта жолда мұрттай ұштым. Бір жығылғанда қатарынан екі рет құладым. Ол былай болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий