Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Енді барамын, — деп мен милиционердің алдына түстім. Шірене басып келе жатырмын. Әр нәрсені ойлап, ыза болып та келемін. Бағовты көрсем түтіп жіберетіндеймін. Аудандық атқару комитетінің үйіне тақағаннан кейін: «Ауаткомның жауапты секретары кезімде бұл үйге өз еркіммен кіруші едім. Енді бұған да айдалып кіретін болдым ғой» деп мырс етіп, артыма қарасам, милиционерім жоқ. Сөйтсем Есенбаев оған біраз жер артынан ілесіп бар да, содан кейін қашып кет деп тапсырыпты. Милиционер мені өз бетіммен қаңғытып қоя беріп, бір үйдің бұрышына келгенде жасырынып қалыпты.

Автор. Сіз он алты жасыңыздан бастап өлең жазыпсыз ғой. Алғашында ақын болсам деп талап қылған жоқсыз ба?

Бауыржан. Ешуақытта пәлен болайын, түген болайын деп ойламаған едім. Қайда, қандай қызметте жүрсем де жүректегі ұраным қазақтың: «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» деген мақалы болды. Ел намысы ер намысы деп білдім. Арманым халқымның намысына дақ түсірмеу болды. Ақындыққа, шенге, атаққа ешқашан да қызыққан емеспін. Олардың өздері келді... Генерал болсам, маршал болсам, герой болсам деген емеспін. (Осы арада менің есіме Суворовтың: «Маршал болды арман етпеген солдат — жаман солдат» деген нақылы тусті де, «Сонда сіздің жаман солдат болғаныңыз ба?» деген әзіл сұрау көмейіме келді. Бірақ, біріншіден, шамына тиіп алып жүрермін, екіншіден, сөзді көбейтпейін дедім де, үндемедім). Осы атағым да жетеді.

Автор. Соғыста күнделік жазып жүрдіңіз бе? Оны қалай жаздыңыз?

Бауыржан. Соғыста жазған 37 дәптер күнделігім бар. Оларды қар жапалақтап, жаңбыр құйып тұрғанда, окопта отырып, жорықта кетіп бара жатып жаздым. Бес рет қоршауда болатынымды айттым ғой. Сонда тізем дірілдеп, қолым қалтырап отырып, өз сезімдерімді, жолдастарымның жай-күйін қағазға түсіре бердім. Ең алғаш күнделік жазуыма мынадай жай себеп болды. Бірінші рет қоршаудан шыққаннан кейін батальонды быт-шыт етіп тарата бастады. Қандай жағдайда, қай көршінің табансыздығынан батальон қоршауда қалды — онда ешкімнің шаруасы болмады. Соған ерегесіп, бұдан кейін мен барлық жағдайды күнделік дәптеріме түсіріп отыратын болдым. Әрине, онда мен жазушы болармын, жазғандарымның соған септігі тиер, деп ойлағаным жоқ. Осындай үш-төрт дәптер жазғаннан күнделік толтыру маған дағды болып кетті. Ол менің әскери қызметімнің міндетті бір бөлігіне айналды. Толтырған әр дәптерім ең бір ет жақыным іспетті бола бастады. Сондай үш дәптерім жоғалғанда туысқан үш бауырымнан айрылғандай күй кешкенім бар.

1962 жылы генерал Панфилов жайында арнаулы кітап жазбақ болып, архивтерді араладым. Осы ниетімді айтып Подольскідегі әскери архивтің бастығы генерал-майор Дударевке кірдім. Ол менімен танысып-біліскеннен кейін:

— Полковник жолдас, мен сізге бір қызық көрсетейін, — деді.

Содан соң кетіп қалды да, бір уақытта үш дәптерді қолтықтап қайтып келді. Мінеки, мына дәптерлермен танысыңыз.

Қолыма алып ашып кеп жіберсем, тәңір-ау, менің өз дәптерлерім. Мен олардың әрқайсысымен жылап көріскендей болдым. Өйтетін жөнім бар еді.

Төртінші рет қоршаудан шыққанымда мен көршілеріме әбден қаным қайнап, қатты наразы болып келген едім. Біздің қоршауда қалуымызға себепкер болған бөлімшелерді дәптеріме схемасын салып көрсетіп, олардың бастықтарын сыбап тұрып жазғандарым болатын. Шехтманның да, Филимоновтың да әдірістеріне бірсыпыра ащы сөздер арнағанмын. Келгеннен кейін барлық жағдайдың дәлелін ашып, полк комиссары Логвиненкоға дәптерлерімді көрсеттім. Логвиненко менің жазбаларыма зер салғысы келді ме, әйтеуір, кейін өзіне қайтарып беремін деп үш дәптерімді сұрап алып кетті. Сол түнде немістер полк штабына шабуыл жасап, менің комиссардағы үш дәптерім жаулардың қолына түседі. Міне бұл менің сол дәптерлерім. Кейіннен немістердің архив біздің колға түседі де, оның ішінен менің жоғалып кеткен жанағы дәптерлерім шығады. Күнделіктердің пайдасымен бірге, осындай жоғалып кете жаздаған кездері де болған...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий