Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы жерде ақын Ғафу Қайырбековтың Момышұлына арнаған өлеңі есіме түсті. Өлеңнің бас жағында ол Бауыржанның тостағандай көзінен ұшқындаған оттардың бірін жыр етуді арман етіп, одан әрі былай деп толғайды:

Сол оттың сәулесінде бұлаң қағып,

Кешегі өтіп жатса жылдар ағып,

Көрінсе қоршаудағы батальон,

Көк түтін төбесінде шудаланып.

Ыс басқан, күйе құсқан әрбір солдат,

Найзалар түнді тесіп өтсе самғап,

Саңқ етіп бір мезетте оқтай бұйрық,

Көрінсе іле-шала сонда комбат!..

О, сонда, бар маңайды жаңғыртып қап,

Генерал берсе әмір,

Сап тұйықтап.

Комбаттың баданадай қос көзінен Риза боп сүйіп тұрса Панфилов қарт!

Міне сол бар арманым от сұраған, Алатын одан артық жоқ сыбағам. Халықтың қасиетін шын көтерген Жүзге де жүлде бермей, жетсін ағам!

— Сонымен, сізді айдап келе жатқан милиционер қашып кетіпті дейсіз бе?

— Иә, қашып кетіпті. Ары қараймын, бері қараймын, ұшты-күйді жоқ. Жер жұтып кетті ме мұны деп, аңырайып біраз тұрдым да, ақыры Бердібаевтың кабинетіне жалғыз кіруге мәжбүр болдым.

— Отыр, бала, — деді Бердібаев қабағын шытып. — Сен өзің еш жерге сыймайтын бір қырсық жігіт екенсің.

— Неге олай дейсіз? — деймін мен сызданып.

— Менімен істесе алмасаң, Бағовты құрбақа деп атасаң — Солай демегенде не деуім керек?

— Өзі ұқсап тұрса мен оны құрбақа демей, құдай деуім керек пе?

Бердібаев қабағын шытты да, ол сөзді одан әрі жалғастырмады.

— Шырағым, сен енді ол сөзді қой. Кеше Бағовқа қызмет жайында барған екенсің ғой. Ақылдасып, саған лайықты қызмет таптық. Біздің райполеводсоюзға бастық боп барасың.

— Ағай бармаймын.

— Себебі?

— Себебі шаруашылықты білмеймін.

— Енді сені қайда жібереміз?

— Қолымнан келетін іс беріңіз. Мұғалім етіңіз.

— Қазір мұғалімдік орын жоқ қой саған.

— Болмаса болғанынша тосамын. Оған дейін ауылыма барып жата тұрамын.

— Әй, бала, қой, қиқарланба.

— Жоқ, ағай, қоймаймын. Бұдан былай сіздің қарамағыңызда қызмет істемеймін.

— Е, бағанадан бері соныңды айтсаңшы одан да, — деп Бердібаев дереу қабырғадағы телефонның құлағын бұрап жіберіп, Бағовпен сөйлесті.

— Момышұлы менде тұр. Жіберген жұмыстан бас тартады. Сендердің қарамақтарыңда жұмыс істемеймін дейді. — Содан кейін аржағындағы адамның сөзін тыңдады. — Иә, солай етуіміз керек, — деп басын қайта-қайта изеп, трубканы ілді.

Мен оның «жіберген жұмыстан бас тартады, сендердің қарамақтарыңда жұмыс істемеймін» деп айтады деп, қолма-қол менің сөзімді бұрып жеткізгеніне ыза боп тұрмын. «Неге бас тартамын? Оны неге айтпайды? Сендердің емес, тек сіздің қарамағыңызда дедім ғой. Оны неге бұрмалайды? Көріп, қасында тұрмаған айдаладағы біреуге, шыбындаған аттай болып, бас изеуін өзінің» деп оған зығырданым қайнады.

— Істемейсің ғой?

— Шаруашылықты білмегендіктен райполеводсоюзға бармаймын. Сіздің қарамағыңызда қызмет істемеймін.

Ендеше, өз обалың өзіңе, балақай. Үш күн тос. Үш күннен кейін ауылыңа қайтуыңа болады. Және жұрдай боп қайтатын боласың.

— Ол не сөзіңіз?

— Комсомолдан да, кәсіподақтан да шығасың. Жаңа біз осылай келістік.

— Қолынан келмейтін жұмысты істемеді десеңіздер, шығарыңыздар.

Ертеңінде комсомолдан да, кәсіподақтан да шығарылдым. Екі билеттен бірдей айрылдым. Үшінші күні аудандық газетте: «Кетсін комсомолдан!» деген бірінің астына бірі екі мақала басылды. Екеуі де маған арналды. Сөйтіп, абыройдан жұрдай болып, ауылға қайттым, қарағым.

ІІІ

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий