Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бауыржан «Қазақстан» сигаретінің пачкасына қолын созды. Ол темекі тартпақ боп жатқанда мен Бауыржанның жақсы ұстазды жадынан шығармайтындығын, жаман бастығын жамсата баяндайтындығын ойлап отырдым. Ұстазын ұмытқан оңбайды деген қағидаға берік Бауыржанның Панфиловты өмір бойы ұмытпай келе жатқанына таң қалдым. Кейбіреулер басшысына, дос, жолдасына тірісінде жалбақтап жүргенімен, көзі жұмылысымен көңілінен шығарып қоя береді. Өлгеннің өнегелі ісін ғибрат етіп отыру орнына, оның атын да ауыздарына алмайды. Ал өліні қадірлемеген, тіріні құрметтемейді. Бауыржан бұл қағиданы жақсы біледі. Жақсы білгендіктен де ол Панфиловтың 70 жасқа толу қарсаңында шарқ ұрып, архивтерді ақтарып жүріп мәлімет жинап, қадірлі генералдың асыл адамгершілігін көрсеткен тамаша кітап жазды.

— Сөйтіп, «басқа пәле тілден» деген қазақ мақалының шын мәнісін мен ең алғаш рет сонда ұққан болсам керек. Жай тентектігімнен бе, әлде болашақта жазушы болатындығымнан ба, кім білсін, мен сол жас кезімнің өзінде-ақ айналамдағы адамдарға теңеу тапқыш, оларды әр нәрсеге ұқсатқыш едім. Қатар құрбыма мен қойған ат жеңге жұққан майлы бояудай болып, жабысатын да қалатын.

Ауылға келсем: «Бауыржан орнынан түсіп қалыпты. Комсомолдан шығарып жіберіпті» деген хабарды естіп, әкем біржола шөгіп қалған екен. Үміт күткен көзінің нұрындай жалғыз баласынын жайы мұндай болған соң әке байғұс әлсіремегенде қайтсын. Әкенің аянышты халін көрген соң менен де қауқар кете бастады. Оның жүдеу жүзіне қарап, ашудың ащы іркітін сіміріп, үйде жата бергенмен жан семірмейтін болды. Мұңымды тыңдап, мінімді түзететін Ефимов болса ауданнан жырақта, демалыста жатыр. Шырт-шырт үзілген шыдам шіркіннен ол келгенше бір тұтам да қалатын емес. Ойлап-ойлап келгенде ауданға ана жолы келген Сырғабеков ағай есіме түсті де, сол кісіге барып, бар мұңымды айтуға бел байладым. Бар дүниесін балама деп жинайтын әкелер мейірімінде шек бар ма? Жәкем (мен кімді осылай деп атаушы едім) тағы екі қойын сатып, қаражат етіп қалтама салып берді.

Алматыға келсем, әр жақтан келген жастардың оқуға түсіп жатқан кезі екен. Шаруамды реттеп алып, оқуға түсіп кетсем жақсы болар еді деген ойға келдім. Осы оймен Сырғабеков ағайдың кеңсесіне кірдім.

Нығмет ағай мені қуана қарсы алды. Әбден сауығып, жазылып, ба деп сұрады. Үй-ішімнің, ел-жұрттың амандығын білгеннен кейін:

— Ал қалқам, шаруаңды айта бер, — деді.

— Екі түрлі шаруамен келдім, ағай, — деп алдымен өзімді комсомолдан неге шығарғандарын айтып, билетімді қайтып алуға көмектесуді өтіндім. Одан соң оқуға түскім келетінін білдірдім. Сырғабеков менің сөзімді ыждағатпен тыңдап алды да, маған бір ғана сұрақ қойды, жалғыз ғана ескертпе жасады. Сол ескертпе өмір бойы есімде сақталып қалды.

— Анау адамды неге құрбақаға теңедің, қалқам? — деді Сырғабеков менің сөзімді әбден тыңдап болғаннан кейін.

— Өзі құрбақаға ұқсап тұрса, мен оны құрбақаға теңемегенде құдайға теңеймін бе, — дедім мен Жуалыда Бердібаевқа айтқанымды қайталап.

Нығмет ағай бетіме қарап отырды да, басын шайқады.

— Ол кісі жаман-ақ адам шығар, қалқам. Бірақ ол кісі сенен үлкен ғой. Үлкенді сыйлау керек еді ғой.

Мен ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Нығмет ағайың «қалқамдап» отырып айтқан екі ауыз сөзі маған ауданда көрген көресілерімнің бәрінен де ауыр боп тиді. Не дерімді білмей, қып-қызыл болып отырып қалдым.

— Сен әлі жассың ғой, қалқам, — деді ол осыдан кейін.

— Үлкенді сыйлағанның қадырын үлкейгенде білерсің. Жарайды, жасыма. Өлкелік комсомол комитетінін бірінші секретары Қайсар Тәштитов деген ағаң бар. Осыдан шыққан соң сол кісіге кір. Мен хабарлап қояйын, — деп телефонын бұрай бастады. Тәштитовпен сөйлесіп болып, Сырғабеков қайтадан маған қарады. — Жаның жүдемеу, жалының сөнбеу үшін, қалқам, Ленин бейнесі бар билеттен айрылмауың керек. Алдымен комсомолдық билетіңді алып ал.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий