Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ал сонымен мен Шымкентке келейін. Менің артымнан астанадағы жұмысын бітіріп, Дубовик те қайтып оралды. Келісімен ол: «Б. Момышұлы Шымкент өнеркәсіп банкының экономисі болып тағайындалсын» деген бұйрық жазып, қолын қойды да, Корнеев деген аға экономисті шақыртты.

— Мына жігітті экономист етіп тағайындадық, — деді Корнеевке мені таныстырып.

— Арнаулы білімі бар ма? — деп сұрады Корнеев.

— Жоқ.

— Ендеше қате жасағансыз, — деді Корнеев Дубовикке. — Арнаулы білімі барлар да экономистікке жарамай жатады. Мен бұлай етуіңізге кеңес бермеймін. Өзіңіздің де арнаулы біліміңіз жоқ, күйіп кетесіз.

— Мен бұйрыққа қол қойдым, — деді Дубовик даусын көтермей жай сөйлеп. — Енді оны өзгертпеймін. Мен бұл жігіттің қабілетті екенін білемін, үйретеміз, алып кетеді.

— Онда өзіңіз үйретерсіз. Мен оқыта алмаспын.

— Жоқ, сіз үйретесіз, — деді Дубовик тағы да даусын көтерместен. — Сіз мені де, мұны да үйретесіз, үйретуге міндеттісіз. Біз білмейміз, ал сіз ескі мамансыз.

— Маманмын, бірақ мұғалім емеспін.

— Мұғалім болу ниетке байланысты. Біздің ортақ ісімізге адамдар мен мамандардың адал ниеті қажет.

Корнеев үндей алмай қалды. Алғашында осқырынып жүргенімен, артынан ол ептеп маған үйрете бастады. Оның тапсырмаларын мен бұлжытпай орындай бердім. Қарт маған бірте-бірте жібіп, жұмсара түсті.

— Мына жігітімізден бірдеңе шығатын түрі бар, — деді ол бір күні Дубовикке. — Арнаулы білімі болмаса да, ықыласы күшті екен.

Арнаулы білімім болмаса да экономист боп бір жыл қызмет істедім.

Автор. Қазір не жазып жатырсыз?

Бауыржан. Қазір жазғанымды айтуға аузым бармай отыр. Бір нәрсені бітірдім. Оны жазып жүргеніме 3 — 4 жылдан асып кетті. Көлемі 350—400 беттей болды. Бұл нәрсенің шартты аты «Последние дни войны, последние дни солдата». Өзін өте қиналып жаздым. Оттан алған қып-қызыл темірді ұсталар төске салып соғып-соғып, қажетті пішінге келтірген соң шыж еткізіп суға тастай салмай ма? Сол сияқты жазғанымды «суыту» үшін біраз уақыт тығып тастадым да, содан соң «Арасан-Қапалға» апарып, бір жарым ай қайтадан қарап шықтым. Шынымды айтсам оны өзім әлі де шикілеу дүние деп таптым. Мұндай үлкен тақырыпқа ондай шала нәрсемен көрінуге болмайды деп түйдім. Қайта жазуым керек деген қорытындыға келдім. Демалып, денсаулығымды түзеп, сәл есімді жинаған соң бұған қайта отырамын. Мұның қалай сәті түседі, білмеймін. Шала туып, тымаққа салып, керегенің басына іліп қойған баладай болып, осы менің қол-аяғымды буып отыр. Оны тастап ешқайда кете алмайсың, жаңа нәрсеге және кірісе алмайсың. Осы кітабымды түбегейлеп, түптеп, оқушы қолына беріп кетсем арманым болмас еді деп те ойлаймын, қарағым.

1932 жылы ноябрьде мені военкоматқа шақырды. Жиналған жігіттерді тыр жалаңаштандырып, дәрігерлердің алдынан өткізіп жатыр. Біреу сыртты, біреу ішті, біреу тісті қарап, тақия жүгіртпек ойнағандай, дәрігерден дәрігерге қарай сырғып келе жатырмыз. Менімен Иманәлиев деген бір жігіт қатар кірген еді. Алғашында сап-сау жігіт комиссияға кіргенде біресе ішім, біресе ітісім деп, өп-өтірік қиналды да қалды. Көз дәрігерінің алдына келгенде жұдырықтай әріптерді көрмеймін деп, көпе-көрнеу өтірік соқты. Мен дәрігерлерге денсаулығымның жақсы екенін айтып, әріптердің бәрін заулатып оқып бердім.

Ең соңында комиссардың алдына жаңағы Иманәлиев екеуміз тағы да қатар бардық.

— Өзіңіз айтқаныңызбен денсаулығыңыздан әскерге баруға бөгет боларлықтай ақау табылған жоқ, — деді комиссар ана жігітке. — Сізді әскерге алуға болар еді. Бірақ өзіңіздің барғыңыз келмейтін сияқты. Біз әскерге өз еркімен барғысы келгендерді ғана аламыз.

Иманәлиев басын изеп шығып кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий