Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сіздің де денсаулығыңыз жарамды, — деді комиссар маған. — Бірақ қарт кісінің жалғыз баласы болғандықтан, сізге берілетін жеңілдік бар. Егер әскерге барғыңыз келмесе, сізді де қалдыруға болады.

Бармаймын деуге менің аузым бармады.

— Барамын, алыңыздар, — дедім комиссарға.

Ертеңінде үйге мынадай қағаз келді:

КЕЛУ КАРТАСЫ № 20

Азамат Момышұлы Шымкент шақыру комиссиясының ұйғарымы бойынша әскерге жарамды деп танылып, 8 командаға тіркелді.

Сол себепті ол 1932 жылдың 7 ноябрінде сағат 7-де Шымкент қорғанына келуге міндетті.

Комиссия председателі (Қол қойған).

Іс жүргізуші (Қол қойған).

(Мөр басылған).

Автор. Кітаптарыңыз неше рет басылып шықты? Қандай тілдерге аударылды?

Бауыржан. Кітаптарымның күні бүгінге дейінгі тиражы бір миллион данадан асты. Олардың жеке тараулары чех, поляк, испан, француз, ағылшын тілдерінде басылып шықты. Толығырақ болып өзбекшеге аударылды.

— Әскери қызметті мен Термезде өтедім. Қызыл әскер болдым. Жауынгер қатарыңда тапсырма орындай жүріп, үздік қызыл әскер атағына іліндім. Полкымыздың командирі Дмитрий Коваленко деген кісі еді. Бір күні стрельбищеде болған жаттығуда сол кісінің көзіне түстім. Алғашқы әскери ұстазым Николай Редин деген кісі күні бүгінге дейін көз алдымда. Бұл жайында мен «Помкомвзвод Николай Редин» деген әңгімемде жаздым. Оны кітаптан оқып ал.

Мен ол әңгімені оқығанмын. Бауыржан Момышұлының 1962 жылы шыққан «За нами Москва» кітабының ең соңғы беттері нақ сол әңгімемен аяқталады. Бауыржан, ұзын, етсіз саусақтарымен мұртының екі жақ шалғайын кезек сипап, сәл тыныс алған осы бір сәтте сол әңгімені есіме алдым. Әңгіменің бас жағында Николай Рединнің жас қызыл әскер Момышұлын қалай үйреткені, оны қалай мергендікке баулығаны баяндалады. Дивизия тексеруге Буденныйдың орынбасары генерал Когосов келгенде, қызыл әскер Шылымылының (Момышұлының) үш минутта отыз екі оқ шығарып, оның жиырма екісін нысанаға тигізгені, осы шапшаңдығы және мергендігі үшін генералдың Бауыржан мен оның ұстазы Николай Рединге алғыс жариялағаны айтылады. Ұстаз бен шәкірт осыдан он жылдан аса кейін, Ұлы Отан соғысының майданында кездеседі. Бұл кезде Бауыржан Момышұлы дивизия командирі де, Николай Васильевич Редин сол дивизияға қарасты танкке қарсы қолданылатын артиллерия дивизионында взвод командирі. Бірақ Бауыржан алғашында бұрынғы ұстазының өз қарамағында қызмет ететінін білмейді. Тек бір ұрыста Редин есімді артиллеристің бес танк жойғанын естіп, сол адаммен танысқысы, жүздескісі келеді. Ол Бауыржанның бірінші ұстазы Николай Рединнің өзі болып шығады. Содан кейінгі ұрыстардың бірінде ауыр жараланған Редин Бауыржанның көз алдында қаза табады. Әңгіме былай аяқталады:

«...Телефон шырылдады.

— Жолдас полковник, — деді таныс емес әйел даусы, — мен дәрігермін. Ғафу етуіңізді сұраймын. Бізге жаңа ғана старшина Рединді алып келді, жарасы өте ауыр...

Мен дереу медсанбатқа жеттім. Зембілде жатқан Николай Васильевичтің жүдеу жүзі құп-қу болып кетіпті. Палатадан қан мен қарағай қылқанының исі мүңкиді.

Мен келіп кіргенде, Редин қарманып орнынан тұрмақ болды.

— Бауыржан! — деді ол маған. — Келіп қалдың ба? Көрмейсің бе, немістердің омыртқамды омырып жібергенін... Комдив келгенде орнымнан да тұра алмай қалдым!.. Бұдан өткен өкініш бола ма, Бауыржан. Сен менің мұнымды ғафу ет, қалқам...

— О не дегеніңіз, Николай Васильевич, о не дегеніңіз, қымбаттым, тұрудың керегі не!. Ұстаздығың үшін, қызметің үшін көп рақмет саған, Николай Васильевич! Рақмет саған, қымбаттым!

Ол көзін ашып, сұп-суық боп мұздап бара жатқан қолын ұсынды да, даусы естілер-естілмес болып былай деді:

— Сен солай дейсің бе?.. Совет Одағына қызмет етемін! — Бұл оның ең соңғы сөзі болды.

Мен оны құшағыма алып, еңіреп қоя бердім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий