Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Менің алғашқы ұстазым, тұңғыш командирім Николай Васильевич Редин осылай дүниеден қайтты».

Автор. Сіз жайында ел ішінде айтылатын аңыз орасан көп. Қазіргі жазба әдебиеттің заманында ауыз әдебиетінің де кейіпкері болып жүрген екі-үш адам бар. Олар: С. Мұқанов, Б. Момышұлы және С. Жанбаев. Өзіңіз туралы етек алып кеткен сол аңыздар жайында не айтар едіңіз.

Бауыржан. Мен өмірімде екі түрлі аңызды басымнан кешірдім. Бір кезде мені жер-көкке сыйғызбай аңызға айналдыра мақтады. Кейінгі кезде әркімдер аңызға айналдыра жамандады. Мақтады деп тасқамын жоқ, жамандады деп жасығамын жоқ. Қара қылды қақ жарғанды мақтайды да, боқтайды да ғой, қарағым.

V

Автор. Жазушылыққа шындап қашан бет бұрдыңыз?

Бауыржан. Партия мен үкімет әскерде көп қызмет істедің, демал деп, айына екі жүз сом пенсия тағайындап, ауылыма қайтарды. Елге келгеннен кейін екі қолым алдыма сыймады. Қызметке тұрайын десем, мамандығым жоқ. Қалай дәрігер, агроном бола алмағанымды жоғарыда айттым. Мамандығым болмаған соң маған жұмыс бер деп ешкімге айта алмадым. Қарап жүруге тағы да болмады. Аз болсын, көп болсын біраз өмір сүріппін. Сол өмірде көргендерім де аз емес екен. Айтсам арттағыларға ғибрат боларлық та жайлар жеткілікті сияқты. Білім де, тәжірибе де, оларды айтып беруге тіл де баршылық. Қазақта: «Сайтан өлмейді, адам өледі» деген нақыл бар. Ендеше, ерте ме, кеш пе, мен де сол өлетіндердің бірімін. Осыларды ойлап отырдым да бір күні: «Менің білімімнің, тәжірибемнің, әй, құдай біледі, ана дүниеге керегі жоқ шығар. Енді қалған өмірімде көрген-білгенімді жастарға айтып кетейін» деп қолыма қалам алып, жазу жұмысына кірістім. Өзім көрген асыл азаматтар өнегесін, өз тәжірибемді өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі етіп қалдыруды адамгершілік парызым деп білдім. Жазушылыққа осылай бет бұрдым.

Сөйтіп, бір жыл өтті. Мен әскери борышымның мерзімін өтеп болдым. Осы кезде Коваленко маған взвод командирі болып әскерде қалсаң қайтеді деген ұсыныс айтты.

— Кәрі әкенің жалғыз баласы едім, — дедім мен оған. — Қатардағы қызыл әскер ретінде парызымды өтедім ғой. Өмір бойы әскери адам болсам деп ойлаған кісі емеспін. Сондықтан мені елге қайтаруыңызды өтінемін.

Коваленко қарсы болған жоқ. Қыс түсе мен әскерден босап, елге қайттым.

Автор. Сіз өзіңіздің мақал, мәтелдеріңізді қалай шығардыңыз?

Бауыржан. Мақал, мәтел — өмір тәжірибесі. Қиналған, қысылған сәттерің мен шақтарың бар, сол қысылшаң кезден қалай құтылғаныңды оймен өрнектеп, сөзбен кестелесең, тұжырып қысқа бейнелесең нақылға айналады. Қол астыңда пәлендей мың солдат болып, оның пәлендей семьясының тағдыры және сенің мойныңда болса, ойланбай отыра алмайсың. Сонымен солдатты өлімге жұмсау да оңай емес. Қарамағымдағы жауынгерлер маған тек бағынышты ғана болған жоқ. Олардың ішінде ақылгөйлері де көп болды. Кейде солардың ауыздарынан асыл сөздер атқылап жатады. Мен елден естігенімді, оймен елеп, екшей бердім. Екшегенімді ерінбей қағазға түсірдім.

Автор. Сіздің сол көп нақылдарыңыз ішінде әсіресе өткірі, уыттысы «Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық» деген мақалыңыз қалай туып еді?

Бауыржан. Жақсы командир жауынгерін зор етеді. Жаман командир офицерін қор етеді. Генерал Панфилов қайтыс болғаннан кейін аз уақыт болса да осындай бір командирге тап болдық та, ол бүкіл дивизияның берекесін алды. Сондай бір қысылғанда ауыздан шыққан сөз ғой бұл, қарағым.

Мен қақпайлағанмен Баукең өзі нысана тұтқан желісінен ауытқысы келмейді білем, өз арнасына қайта түсе жөнеледі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий