Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бауыржан. Қазақтың қонақжайлығын жақсы көремін. Өйткені, бұл тек коммунистік қоғамның мүшелеріне ғана тән қасиет. Қазақтың досқа деген мейірбандығын ұнатамын. Мұнда халықтар достығы мен пролетарлық интернационализмнің асыл ұрығы жатыр. Қазақтың қас-жауға қаһармандығын қадірлеймін. Мұнда Отанды қорғаудың қасиетті сезімі сақталған. Үлкенге жол беріп, құрмет көрсететін, сол сияқты кішіге көмектесіп, ізет істейтін сыпайылығын сүйемін. Бұл коллективтік тіршілікті құрметтеу. Жастарының ата-аналары алдындағы перзенттік борышқа адалдығын ардақтаймын. Бұл — адамгершіліктің негізі. Жас семьядағы жарастықты жаным сүйеді. Бұл — семья — мемлекеттің қауіпсіздігінің негізі. Кәрі-жасының ерінбейтін еңбекшілдігін жаратамын. Бұл — жан-жақты өркендетудің сипаты. Әке мен баланың, ағайын арасының ұйымшылдығын ұнатамын. Бұл — мемлекеттік бірліктің басы. Тағысын тағылар. Социалистік өмірімізге жанасымды дәстүр, қасиеттердің бәрін де жақсы көремін, қарағым.

Автор. Рақмет, Бауке. Енді Сіз Мыңбұлақтан Шымкентке айтатын шығарсыз?

Бауыржан. Үйде екі-үш күн болып, қайтадан Шымкентке келдім. Дубовик өзің келгенше саған бөлме дайындаттырып қоямын деп еді. Ол сөзінде тұрыпты. Маған деп әзірлеттірген оңаша бөлмеге бастығымның өзі бастап келді. Соқа басты жігітке шағын бөлменің өзі даладай болып көрінеді екен. Үстімдегі шинелімнен басқа не астыға салар, не басқа жастанар ештеңем жоқ. Жапанға шыққан жалғыз ағаштай болып, бөлменің ортасында сойдидым да қалдым.

— Саспа, — деді Дубовик менің қысылып тұрғанымды аңғарып. — Қазір саған Борис бауырың матрац, жастық, көрпе әкеліп береді. Өзің төсек-орын сатып алғанша, соны лаждай тұрарсың.

Тимофей Терентьевич аузын жияр-жимаста болған жоқ, есіктен бір матрацты көтеріп Борис кіріп келді. Оның артынан бір жастық пен көрпе құшақтап Дубовиктің әйелі енді. Әкем, шешем, інімдей болып қамқорлық жасаған осы бір тамаша семьяның жан жылуы өмір бойы менің жүрегімде қалды. Дубовик сол кезде елуге тақаған кісі еді. Тегі ойлаймын ол Москва, Ленинград сияқты үлкен қалалардан үлгі, өнеге тарата келген ескі қарт большевиктердің бірі болуы керек. Мұндай мейірім большевиктердің ғана қанына сіңген қасиет қой.

Автор. Александр Бекпен қалай таныстыңыз?

Бауыржан. Оны Бектен сұрағын.

Мен оны Бектен де «сұраған» болатынмын. Бірақ Бек маған Жарытып жауап бермеген. Оның 1968 жылы шыққан «Почтовая проза» дейтін кітабының алғашқы беттерінің бірінде кішкентай ғана төрт абзац бар. Сонда Бек 1942 жылдың басында Старая Руссаның түбінде тұрған Панфилов дивизиясын іздеп барғанын, генерал Панфилов жайында материал жинағанын айтады. Екінші орталық кейіпкерім — Бауыржан Момышұлын да өмірдің өзінен алдым; оның полкында бір айдай болып, марттың бас кезінде кейін қайттым. Кетерімде полк комиссары Логвиненко мені шығарып салып тұрып:

— Сіз қыранның ұясында болдыңыз. Байқаңыз, сары ауыз балапан болып қап жүрмеңіз, — деп еді.

Осы сөз әрқашан да ойымда жүрді. Повестке кіріспес бұрын панфиловшыларға тағы да 5 — 6 рет барып қайттым. Содан кейін барып повесті жазуға отырдым дейді. Бектің маған бар «айтқаны осы ғана болатын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий