Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл таныстық жайын Бектен гөрі Александр Кривицкий 1964 жылы шыққан «Ұмытпай мәңгі» деген кітабында әлдеқайда толық етіп баяндаған еді. Мен соны есіме алдым. Кривицкий кітабының «Москва қақпасының сақшысы» деп аталатын ең алғашқы бөлімінде «Момышұлының көк дәптері» және «Бранденбург қақпасы» деп аталатын екі тарау бар. Оның біріншісінде атақты 28 батыр жайында «Красная звезда» газетінде ең алғаш очерк жариялаған әскери тілші А. Кривицкийдің Москваға Момышұлының көк дәптерін ала келгені айтылады. Көк дәптер иесінің парасатты, білімді командир екендігі суреттеледі. Соған дәлел ретінде автор көк дәптерден бірнеше мысалдар келтіреді. Бауыржан Момышұлының солдаттарды отаншылдыққа тәрбиелеу жөніндегі ойларын, пікірлерін айта келіп, мұның өзі жүйелі әскери ғылым боларлық дүние екендігін көрсетеді. Ал «Бранденбург қақпасында» Кривицкий Бауыржан Момышұлы мен Александр Бек екеуінің қалай танысқанын баяндайды.

Соғыс басталған күні Александр Бек Москва түбіндегі дачада «Талант» деген (соғыстан соң аяқталып, «Бережковтың өмірі» аталған) романын жазып жатады. Соғыстың хабарын ести сала жаңа басталған романды жинап тастап, дереу Москваға келеді де, екі аптадан соң өзі тіленіп Москваның халық жасақшыларынан құрылған Краснопресня атқыштар дивизиясына алынады. Жаз бойы сол дивизияның құрамында болған Бек сол 1941 жылдың күзінде «Знамя» журналының әскери тілшісі болып ауысады. 28 батыр жайында очерк жарияланғаннан кейін бір күні Бек «Красная звезда» газетінің редакциясына келіп, Кривицкиймен жолығады. Егер сен сол батырлар жайында көлемді ештеңе жазбасаң, мен жазайын деген ойым бар еді дейді. Әскери газеттің күнделікті әуре-сарсаңымен жүрген Кривицкий ондай ештеңе жазуға мұршасы жоқ екенін, мүмкіншілік тапқан күннің өзінде күрделі нәрсе жазу қолымнан келмейтін шығар деп қауіптенетінін айтады. Сонымен, 1942 жылдың февралында Бек поезбен Холм қаласының түбінде тұрған Панфилов дивизиясына жөнеледі. Дивизия саяси бөлімінің бастығы оны 28 батыр шыққан Капров полкына жібереді. Капровқа келсе, онда офицерлердің мәжілісі болып, алдағы бір шабуылдың жоспары талқыланып жатады. Мәжіліске құлақ салып отырған Бектің назары орысша өте жақсы сөйлейтін, үні құлаққа жағымды, ойы жүйрік қазақ капитанына ауады. Капитан талқыланып отырған жоспарды тас-талқан етіп, өз ұсынысын баяндайды.

Мәжілісте сол капитанның айтқаны қабылданады. Москвадан келген жазушы: «Менің осы капитанмен бірге кетуім керек» деген ойға келеді. Оның соңынан қуа шықса, капитан ауыз бөлмеде әлдекіммен телефон арқылы сөйлесіп жатады. Есіктен шыға берген Бек капитанның:

— Иә, көрдім. Маған оның көзі ұнамайды!.. — деген ашулы сөзін құлағы шалып қалады.

Осыдан кейін Бек сасқалақтай бастайды. «Менің көзім бұл капитанға неге ұнамайды» деп, өзінен өзі қуыстанып есі шығады. Осындай қолайсыз күйге түскен ол үйден шығып, орманға қарай беттеген капитанның соңынан қуып жетеді. Ол өзінің болашақ кейіпкері Бауыржан Момышұлымен осылай танысады.

Танысқаннан кейін ол:

— Айтыңызшы, капитан, менің көзім сізге неге ұнамады? — деп сұрайды.

— Қайдағы көзді айтасыз? — дейді алда кетіп бара жатқан Бауыржан артына бұрылмастан.

— Менің мына көзім, — дейді Бек қолын өзінің көзіне тақап.

— Сіздің көзіңізде менің шаруам жоқ. Сіз солдат немесе қыз емессіз ғой мен көзіңізге қарайтын!

— Осы жаңа ғана сіздің мен туралы: «Маған оның көзі ұнамайды» деген сөзіңізді өз құлағыммен естідім ғой.

Бауыржан кілт тоқтап, артына жалт бұрылды да:

— Жолдас жазушы, сіз өзіңіздің көзіңізді, құлағыңызды, тұмсығыңызды өзіңізге қатысы жоқ іске сұқпаңыз, — дейді Бекке қатаң үнмен. — Мен жаңа штаб бастығымен сөйлестім. Оған артиллерия дивизионы бақылау пункттерінің жайын баян еттім. Біз бақылау пунктін артиллерияның «көзі» деп атаймыз. Маған сол пункттердің жабдықталуы ұнамады. Түсінікті ме, сізге?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий