Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Автор. Менің өз басым кейіпкер Бауыржанды кәдуескі Бауыржаннан жоғары-ау деп ешқашан да есептеген емеспін Бауке. Жаңа сіз біздің жасаған өзара шартымыз бар дедіңіз. Ол не шарт екенін сұрауыма бола ма?

Бауыржан. Ол кәдімгі шарт, Бекпен екеуіміз жасасқанбыз. Алғашында ауызша уәделестік. Бұл Бек кітабының бірінші тарауының соңында айтылады. Онда кітап дайын болғаннан кейін автордың оны маған әкеліп оқуға міндетті екендігі көрінеді. Егер ол дұрыс жазбаса, онда менің не істейтінім айтылады. Ол тұс әзіл сияқты болып суреттелгенімен, екеуіміздің тек қана шындықты жазуға серттескеніміз рас болатын. Кейінен біз ол шартымызды қағазға түсіргенбіз. Оқимын десең, көрсетуіме болады. (Мен басымды изедім. Бауыржан дауыстап әйелін шақырды).

Әйелі ішкі бөлме жаққа барып, үлкендігі кіші-гірім папка тәріздес қызыл сафиян дәптерді әкеліп, күйеуінің қолына берді. Бауыржан оның орта тұсынан бір-ақ ашты да, машинкаға басылып, дәптерге жапсырылған 3 — 4 парақ қағаздың тұсын нұсқап, менің алдыма қойды.

— Мә, оқығын. Керек етсең көшіріп алғын. Мен ана жаққа шығып, аздап жүріп келейін.

Бөлмеде оңаша қалған мен Бауыржан алдыма қойған қызыл дәптердің ашулы тұрған бетіне көз салдым. Оның ең басында «Наш договор» деген екі сөз машинканың үлкен әріптерімен жазылған екен. Бұрын өзім естімеген бұл жаңа деректерді мен қызыға оқып шықтым. Сол шарттың өзім қазақшалаған нұсқасы мынадай болды:

БІЗДІҢ ШАРТ

Панфилов дивизиясының Талғар полкының жауынгерлері мен офицерлеріне әдеби ескерткіш орнату жайындағы ортақ тілекпен біз, Александр Бек пен Бауыржан Момышұлы, 1942 жылдың басында, майдан даласында, ауызша шарт жасасқан едік. Енді соны қағазға түсіруді қажет деп таптық.

1. Москва түбіндегі ұрыстарда аға лейтенант Бауыржан Момышұлы командирі болған панфиловшылар батальоны мен Талғар полкының жауынгерлік жолы жайында Александр Бек «Волоколамск тас жолы» атты (3 немесе 4 повестен тұратын) кітап жазады.

Александр Бек кітаптың авторы болады да, ал Бауыржан Момышұлы (оның естеліктері, ауызша әңгімелері, ойлары, әскери жазбалары) кітаптың материалы болады. Сонымен бірге, бұл тақырыпқа тікелей немесе жанама қатысы бар басқа материалдарды екеу ара келісе отырып, кітапқа пайдалануға әбден болады.

Александр Бек жұмыс документі ретінде Бауыржан Момышұлы өз қолына берген барлық материалдарды, ойларды, әңгімелерді, әскери жазбаларды үшінші адамға көрсетпеуге, екі адамның өзара сыры, құпиясы есебінде сақтауға міндеттенеді.

2. «Волоколамск тас жолы» кітабы көркем қиялдан жасалатын үйреншікті әдеби туынды емес, панфиловшылардың аты-жөндері толық сақталып, олар қатысқан ұрыстар сол қалпында суреттелетін әскери-документті шығарма болатындықтан, кітап үшін тек Александр Бек қана жауап беріп қоймайды, сонымен бірге кітаптың шындығы үшін панфиловшылардың аруағы алдында, тарих алдында және замандастар алдында Бауыржан Момышұлы қоса жауап береді. Сондықтан Бауыржан Момышұлы Александр Бектен шығарманың көркем шындығы өмірде болған оқиғамен барынша дәлме-дәл келуін, ол оқиғалардың педанттық дәлдік пен ұсақ документализмнің ізін қуаламай, үлкен шындықтың жиынтықтау елегінен өткізіп, қорытылуын талап етуге міндетті. Егер әдеби тәсіл, стиль, жазу мәнеріне байланысты қажет болса ғана, онда да екеу ара ақылдаса отырып, нақты болған оқиғадан сәл-пәл ауытқуға болады. Онда да мұндай ауытқудың салдары соғыс әмірі шындығының қан төгіп, жан қиып жинаған қасиетті документіне көлеңке түсірмейтін болса ғана солай етіледі.

3. Бауыржан Момышұлы кітаптағы барлық әскери, әскери-психологиялық мәселелердің дұрыстығына жауап береді, бұл мәселе жөнінде Александр Бекпен екеуінің арасында дау туса, онда кесімді сөз Бауыржан Момышұлыныкі болады. Ал арада әдеби мәселе жайында дау бола қалса, онда шешуші сезді Александр Бек айтады.

4. Кітап қолжазбасының түңғыш редакторы Бауыржан Момышұлы болады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий