Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

СССР Жазушылар одағында болған талқылауда «Москва үшін шайқас» кітабы жайында он бір адам шығып сөйледі. Генерал Вершигора бастаған он адам кітапты мақтап шықты да, тек бір адам ғана жамандауға тырысты.

...Ол оқиға менің көз алдыма келді. Момышұлының «Москва үшін шайқас» кітабы талқыланып біткеннен кейін үзіліс болды. Біз дәлізге алдымен шығып, жұртқа көз салып тұрған едік. Сақалы белуарына түсердей ұзын, төртпақ денелі келген генерал Петр Вершигора мен полковник Бауыржан Момышұлы екеуі қатар шықты да, бірге тұрып, темекі тартысты.

Осы кезде екінші жақ есіктен қасқа маңдайы жарқырап, Мұхтар Әуезов шықты да, бірден Бауыржанға қарай бұрылды.

— Пәлі, Бауыржан, біздің бәріміздің ішіміздегі ең модный жазушы сен болдың бүгін. Сенің кітабың жайында қисапсыз көп адам көсіле пікір айтты. Құтты болсын, қайырлы болсын астанадан алған бағаң, — деп Мұхаң қос қолдап тұрып, Бауыржанның қолын қысты. — Сенің соғыста қаның төгілген жерде ерлігін ғана емес, әдеби еңбегіңнің де ерекше бағаланғанына қатты сүйсініп отырдым. Мен мына Петр Петрович сияқты соғыстың білгір адамы байсалды да беделді пікір айтқанына дән риза болдым.

Осылай деп Мұхаң Вершигораға басын иіп, оның да қолын қысты. Содан соң кері бұрылып, жолдағы жұрттың бәрімен бас изей сәлемдесіп, Мұхаң секретарьлардың бірінің бөлмесіне кіріп кетті.

ҮШІНШІ ДИАЛОГ

І

Бауыржан. Ал, қай жерге келіп тоқтап едік?

— Сонымен сіз банкте қызмет істеп жаттыңыз.

— Иә. Сонымен мен банкте қызмет істеп жаттым. Менің жаңа серіктерім Догалин мен Бурмистров та жақсы адамдар болып шықты. Өзіме үнемі көмектесіп, болысып отырды. Командировкаға шықсам олар маған бар жайды түсіндіріп, әлек болып жатады. Мен, емес, бейне бір өздері жолаушы шығатындай, тексеретін, назар аударатын, есте ұстайтын мәселелерді қойын дәптерлеріне тізіп келіп, маған кезектесіп айтып жатады. Мен, сөйтіп, алдымен Ленгір, одан кейін Ащысай шахталарын тексеріп қайттым. Екі ұстазымның айтқандарын бұлжытпай орындап, керек боп қалар-ау деген мәселелерге өз бетіммен назар аударып, тындырып келген ісімді көргенде, менің зеректігіме, ыждағаттылығыма олар мәз болады. Міне, өстіп жүргенде бір күні Дубовик орнынан ауысатын болды...

Автор. Жазушылық жұмыс кестеңізді айтыңызшы. Қай сағаттан қай сағатқа дейін жұмыс істейсіз? Тәуліктің қай мезгілінде жазғанды ұнатасыз? Жылдың қай мезгілінде өнімді жазылады деп есептейсіз? Жазатын шығармаңызға жоспар құрасыз ба? Қолмен жазасыз ба, машинкамен басасыз ба? Қарадай жазғаныңызды қанша рет түзетесіз?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий