Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ашты. Менің зығырданым қайнады да: «Жұмыстан босатыңыз, сіздің қоластыңызда қызмет істемеймін» деп, бастығыма дереу арыз жазып апарып бердім.

— Неге менің қоластымда істемейсің? — деді ол.

— Мемлекет мүддесін жүзеге асыруда принципсіздік көрсететін, қарамағындағы адамдардың дұрыс ісін қорғай алмайтын бастықтың қарауында жұмыс істегенше қаңғып кетуді артық көремін.

— Жоқ, сен кетпейсің.

— Жоқ, мен кетемін, Георгий Федорович, — деп есікті тарс жауып, шықтым да кеттім.

«Иә. Адалдық, арлылық, принциптілік сіздің қаныңызға сіңген қасиет екен-ау. Қан құрамында мәңгі өмір сүретін ақ, қызыл түйіршіктер сияқты, бұл қасиеттер сіздің жүрегіңізде мәңгі сақталып қалған ғой. Кей адамның жүрегінен бұл қасиеттер жойылып жоғалып, өшіп кетіп жатады. Бірақ олар сонда да өмір сүріп жүре береді. Ал сіз осының біреуінен айрылған күні өлетін шығарсыз, Бауке», — деп ойладым.

ІІ

Автор. Апырай, Бауке, мекеме басшысы жаман қызметкерінен құтыла алмай әлек болушы еді. Сіз жаман бастықтан өзіңіз қашып құтылады екенсіз ғой.

Бауыржан. Тіпті өзі солай да. Мінез деген басы қатты жүйрік қой, қарағым. Әр адамның мінезі — астындағы тұлпары. Соның ағынымен адамдар өмірден зымырап өтіп жатады ғой, әйтеуір.

— Сонымен, Марченконың есігін тарс еткізе жауып, шықтыңыз да кеттіңіз бе?

— Кеттім. Ауыл жарықтықта жазық бар ма? Мұржасы қалқайып, есігі аңқайып, сүзектен жаңа тұрған әлсіз анадай болып, қалтырай қуанып қарсы алды жаман баласын.

Қабағым қатып, үн-түнсіз кіріп келгенде, үйдегілер үрпиісіп қалды. Қысқа-қысқа ғана тіл қатыстық.

— Амансың ба?

— Аманмын.

— Дені-қарның сау ма?

— Сау.

— Өнің неге келмей тұр?

— Орнымнан түстім.

— Өзің түстің бе, өздері түсірді ме?

— Өзім?

— Неге?

— Ынжықтыққа ыза болып.

— Е, жарайды. Арты қайырлы болсын, ендеше.

Осымен сөз бітті. Туған жердің жазғы жібектей жұмсақ көкорай шалғынын белуардан кешіп, көгіне аунап, Жуалының жас гүлін иіскегеннен кейін жаным жай тауып, Марченкоға деген бойымдағы ашу-ыза бірте-бірте бу болып ұша бастады.

Бір күні Мыңбұлаққа, Момышұлының атына Алматыдан соққан жұмбақ телеграмма сарт ете түсті. Оны естіген кішкентай ауыл қысық көзін кеңірек ашып, селт ете қалды. Телеграммада былай делініпті.

«Приезжайте за наш счет для переговоров. Бархан».

Жол шығыны бізден болсын, Алматыға кел, ақылдасайық деген сөз ғой бұл. Бұл сөзді жолдап отырған кім екен деп ынтықты ауыл? Бархан Борис Михайлович — менің ең үлкен бастығым, республикалық банктың меңгерушісі. Бархан мені не қылады? Жұмыстан шығып кеткен адамды жол қаражатын беріп шақырғаны несі! — деп ойладым. Ойымды әкеме айттым.

Әкем ойшыл кісі еді. Бір нәрсені түбегейлеп ойласа, артынан сол мәселе жайында нақыл сөздерді аузынан топ-тобымен ақтара салатын еді. Менің Марченкомен ұрсысып, жұмыстан шығып кеткенім жайында да абзал әкем аз толғанбапты. Оны сол телеграммаға байланысты айтқан ақылынан аңғардым.

— Шақырғанға бар. Шалғанмен тірес. Күлшынғанмен күрес. Жығылсаң жер көтереді, — деді әкем. — Бірақ, опынғаныңды айтпа, одан кейінгі ойланғаныңды айт. Ызаңды айтпа, ызадан соңғы ындының мен ықыласыңды жеткіз. Жақсының басынан дау кетпейді. Жаманның басынан жау кетпейді. Тірі тұрғанда талай дауың да, жауың да болады, шырағым. Бар, бетіңнен жарылқасын. Алжығанда келген атақ абырой әпермейді. Атақ, абыройыңды жас кезіңде қу, қарағым.

Әке сөзі көңілге демеу де, медеу де болды. Алматыға тартып кеттім. Вокзалдан түсе сала бірден Барханға бардым. Ұрысатын шығар деп жас әтештей шақарланып, үрпиіңкіреп кіріп едім. Бірақ Бархан ұрыспады. Тіпті сен неге қызметті тастап кетіп қалдың деген де жоқ. Мен бір сол қызметті үзіліссіз істеп келе жатқандай сөйледі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий