Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Білегіндегі бүркітті серпіп кеп қалады. Қыран қанатын кең жайып, қайқаң етіп көкке көтеріледі де рақаттана, құмарлана құлшынып, аспан төсін айқыштайды. Содан соң найзағайдай шаншылып, төмен құлап, қанат, құйрығы суылдап жердегі аңға қарай төнеді. Көктен көзіне ілінген тағыға түсіп, ол қасқыр болса да, түлкі болса да тырп еткізбей жанын шығарып, қасына иесі жеткенше шеңгелдеп астына басып отырады.

— Дұрыс айттың, Бауыржан. Ал біз де сондай бір жас қыранымызды қияға шарықтатсақ па деп едік.

— Қайда?

— Ленинградқа. Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курсқа. Барасың ба?

— Әрине, Борис Михайлович. Бірақ қыранмын деп емес, ұланмын деп барамын.

— Барсаң жалақың сол қалпында сақталады. Үлгеруіңе қарай едәуір стипендия және беріледі. Революция бесігі атанған Ленинградтай ұлы қалада бір жыл тұру есті адамға бір академияны тауысумен пара-пар, бауырым. Қаншама ғажайыптарды көресің, қаншама ғибрат, өнеге аласын. Мен өзге біреу емес, дәл сенің барғаныңа қуаныштымын.

Сонымен мен Ленинградқа келдім. Барханның айтқаны рас болып шықты. Ленинград дегенін ой жетпейтін өзгеше бір дүние екен. Онымен салыстырғанда Бурный да, Шымкент те, Әулиеата да, Алматы да айдалада қалды. Тіпті Ленинград ғажайыптары әжем айтатын әралуан ертегілерің де ілесе алмай қалды.

Бұл курсқа елден тек қана егде адамдар келеді екен. Солардың ішіндегі ең жасы мен болдым. Ұстаздардың лекциясын суша сіміремін. Аузынан шыққандарын қайталап айтып бергенімде өздері аң-таң қалысады маған. Төрттік, бестік бағалар алыстан шөліркеп келіп, қанаттары сусылдап көлге қарай құйылған топ үйректей зымырап, менің зачеткама қонады. Үш жүз сом ең жоғары стипендия да ай сайын менің алақаныма түседі. Оның үстіне Алматыдан келетін ай сайынғы екі жүз елу сом жалақым және қосылады. Айына бес жүз сом табыс ол кезде мына деген инженердің де түсіне кірмейтін дүние. Оның жартысын әкеме жіберіп қалғанын өзімнің адал игілігіме өкінішсіз жұмсаумен болдым.

Өзіммен курста бірге оқитын егде кісінің ақылымен алдымен өзіме оңаша пәтер жалдап алдым. Содан соң, сабақтан бос уақыттарымның бәрін де қаланы аралауға, оның көрікті жерлерін көруге жұмсадым. Кештердің көбін кинотеатрларға арнаймын. Қала театрларының жарнамалары жариялаған бірде-бір жаңа спектакльді құр жібермеймін. Жұрт жақсы деп мақтаған фильмдерден және қалмаймын. Ресторан деген кәперімізге келмеуші еді онда. Анда-санда мейрамдарда бір ас ішуге бас сұққанымыз болмаса, жай күндерде оның маңына да жуымайтынбыз. Еркекті бұзатын екі құмарлық — арақ пен әйел болса, жас кезімде осы екеуінен де аулақ болғанымды мақтанышпен айта аламын.

— Иә, сөйтіп мен Ленинградтың көркем ескерткіштерін, көрікті көшелерін, әсем алаңдарын күн сайын құмартып аралай бердім, аралай бердім. Аралаған, көрген сайын өзімнің іштей түлеп, жаңарып, жақсарып бара жатқанымды байқаған сияқты да боламын.

Міне, мен сиырдың тіліндей сүйір боп біткен Васильев аралының тұмсығында тұрмын. Осы тұмсықтан төңірекке көз салсаң, соншама бір ғажап көрініске кенелесің. Алдында көк толқынын көлеңдетіп атақты Нева жарқырайды. Ол ауылдан келген қазақ баласына бұршағы мол ғаламат ұзын көгенге ұқсайды. Көгенделген қозыдай болып, Неваның екі жағын қуалай қаланың әсем үйлері иін тіреседі. Әже ертегілеріндегі төбелеріне тау көтерген алыптардай болып, Қысқы сарай колонналары көз тартады. Хандардың басына киілген алтын қалпақ, жез телпектей жарқырап, Исаакий соборының төбесі шошаңдайды. Алыстан атой салып Петропавл қамалы тұрады. Күнге шағылысқан тебен инедей сорайып, Адмиралтействоның үшкір жебесі көкке шаншыла кеп асқақтайды. Осыларды көргенде еріксіз ерінің жыбырлап, ақын сөздерін асқақ әуенмен айта кеп жөнелесің:

Люблю тебя, Петра творенье,

Люблю твой строгий, стройный вид,

Невы державное теченье,

Береговой ее гранит.

Твоих оград узор чугунный,

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий