Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сөйтіп, Ленинград, әжем келін боп түскен, әкем бала боп өскен, өзім құлындай құлдырап асыр салған Мыңбұлақтай боп, жадымда жатталды. Әжем марқұм жақсы мекен, жәннәт жер жұмақ деген болады деуші еді. Бірақ ол жердің үстінде емес, астында, о дүниеде болады дейтін. Ал мен, әжемнің ең жақсы көретін сүйікті немересі, жұмақ жердің астында емес, үстінде деп білдім. Ол — Ленинград деп түйдім. «Әжем марқұм о дүниенің жұмағына өзі-ақ барсын. Маған ұлы қала Ленинградтан артық жұмақтың керегі жоқ!» деп талай рет жымидым өзімнен-өзім. Сонымен, Жуалы, Шымкент, Әулиеата, Алматы, Термез, Ленинград — ол кездегі менің жас жүрегіме түскен Отан картасы осындай еді. Ленинградқа, ол арқылы бүкіл Отанға, елге деген сүйіспеншілік менің жүрегіме осылай орнаған еді. Соғыста, Москва түбіндегі шайқастарда жүргенде, мен Ленинград талай рет түсімде көрдім. Қозы көгендей созылып, екі жақ жағалауына генерал үйлерді кернеткен көк жойқын Нева, басына қазақ, хандарының алтын қалпақ жез телпегін киген атақты Исаакий соборы, алдында Қобыландыға ұқсағанымен, артынан өз әкемдей жақын көрініп кеткен Мыс салт атты — бәрі-бәрі сан қайтара көз алдыма келді. Тіпті Клодтың қоладан құйған аттарының өзі жау оғынан жаралы болып, тақымына Көбіктінің жендеттері қылбұрау салған Тайбурылдай атылып, шыңғыра кісінеп жатқан сияқты боп та елестеді...

— Әй, сен өзің Ленинградта болып па едің? Түсінесің бе бұл айтқандарды?

— Болғаным, Бауке...

— Ендеше неге айтпайсың оныңды? Мен Ленинградта сен ешқашан да болмаған екен деп тәптіштеп отырмын ғой!

— Оныңыз жақсы болды, Бауке. Сіз маған Ленинград жайында тамаша жыр айтып бердіңіз.

Сонымен бір жылдық оқуды үздік тәмамдап, Ленинградпен қоштасып, Москваға келдім. Келсем Бархан да Москвада екен. Екеуіміз құшақтасып көрістік. Мені тауып ол, оған кездесіп мен қуанып жатырмыз. Оның маған қойған бірінші сұрағы:

— Ленинград қалай, ұнады ма? — деген үш сөз ғана болды.

Мен де оған қысқа жауап бердім:

— Ленинград — Ләйлі, мен — Мәжнүн, Борис Михайлович.

— Ол не деген сөзін, Бауыржан? — деді Бархан.

— Ол, мен Ленинградқа мәңгі ғашық болып қайттым деймін.

— Ә, солай ма? — Бархан одан сайын қуанды. — Бауыржан-ау, ол менің туып, өскен қалам ғой, менің бесігім ғой!..

Сөйтсем, Барханның өзі Ленинградтікі екен. Пролетариат революциясының алтын бесігі болған Ленинград адамдарының өзгеше сыпатты асыл жандар екенін мен сонда ұққан едім.

— Ал, оқу қалай болды? — деп сұрады осыдан кейін Бархан.

Мен кілең бестік бағалар тізілген документімді көрсеттім.

Ертеңінде ол мені СССР Өнеркәсіп банкының басқарушысы Туманов жолдасқа ертіп апарып таныстырды. Менің академия жанындағы бір жылдық курсты үздік бітіріп келгенімді, болашақта өзінің менен жақсы банк қызметкері шығады деп үміттенгенін айтты.

Туманов менің жұмысымның одан сайын жемісті бола беруіне тілектестік білдірді.

— Біздің еліміз қос жүректі мемлекет, — деді Бархан сыртқа шыққаннан кейін. Сондықтан да оны ешбір жау жеңе алған емес, жеңе алмайды да. Сен Отанымыздың бір жүрегінде болдың, енді екіншісін арала. Москваны көріп танысуыңа үш күн уақыт беремін. Содан соң Алматыға кел.

Бархан қайтып кетті. Мен Москвада тағы үш күн болып, оның да сәулет, салтанатына сусындап, қос ананы тел емген тентектей едіреңдеп, Алматыға бет түзедім.

V

Автор. Сіз қандай ұлы жазушыларды, атақты қолбасшыларды жақсы көрдіңіз?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий