Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бауыржан жауап берместен, темекі тұтатуға кірісті. Осында ойыма оның Кубада жасаған бір қылығы түсті. Момышұлы барған кезде ел ішінде жолаушы жүрген Кубаның қарулы күштер министрі Рауль Кастро оған сәлем айтып: Кубаны өз үйіндей көріп, мен барғанша жайғасып жата берсін дейді. Бауыржан Кубаны өз үйімдей көрермін, бірақ қонақ екенімді де ешқашан естен шығармаспын деп жауап қайтарады. Рауль Кастро министрлікке қайтып келіп, Момышұлын кабинетінде қабылдайды. Сонда Бауыржан министрдің анада айтқан өз үйіндей көрген деген сәлеміне орай, пиджагін шешіп, орындықтың иығына іліп, галстугын алып, көйлегінің түймелерін ағытып, асықпастан министр келіп нұсқаған орындыққа отырады. Бар сән-салтанатымен киініп отырған министр Бауыржанның бұл қылығын ұнатпай, біраз үнсіз отырады да:

— Куба жерінде қалай тұрып жатырсыз, полковник? — деп сұрайды.

Сонда Бауыржан:

— Мен Куба жерінде өз үйімдегідей тұрып жатырмын, бірақ қонақ екенімді ешқашан ұмытқан жоқпын. Біздің қазақ жұртында: «Қонақ аз отырып, көп сынайды» деген мақал бар, — деп жауап береді. Өз үйіңдей көр деген өзің ғой; мен үйімдей көрсем, сен оны қалай көрер екенсің деп министрді сынайды.

Сол сияқты Бауыржан менің бағана, таңертең келген бетте айтқан «өз бойымдағы бар қасиетім тыңдай білушілік» дегеніме орай әдейі үндемей отыр ма? Тыңдағыш неме қаншаға шыдар екенсің деп сынағаны ма? — деп ойладым.

— Сонымен мен Ташкенге қайттым. Жолда әкемнің жайын көп ойладым. Бес қыздан кейін, елу үш жасында көрген жалғыз ұлың мен едім, әке! Жетпіс тоғызында сені жалғыз тастап, алыс сапарға аттанып барамын. Сен маған өмір берген дүниедегі ең қымбаттым едің. Келін түсіріп, қызығын да көрсете алмадым. Немере сүйдіріп, мауқыңды да бастыра алмадым. Енді сенің өз жүзіңді көре аламын ба, жоқ па, қадырына баға жетпес қайран әке, — деп күйзеле-күйзеле кете бардым.

Ташкентке келсем, полк жасақталып қалған екен. Мен қарауыма алдым. Бір күні орнымыздан тік көтеріліп, вокзалға келдік те, эшелонға тиеліп, Қиыр Шығыс қайдасың деп тартып бердік. Он төрт күн жүрдік. Қиыр Шығыстың қалың орманының ішіне кеулеп кіріп, поездың басын темір жол станциясына бірақ тіредік.

Мен Қиыр Шығыста бес жыл болдым, қарағым. Ол бүгін айтып тауыса алмайтын ұзақ жыр. Сен де шаршаған шығарсың. Мпен де шаршадым. Бұл тарауды кейін айтып берермін. Бүгін осымен тоқтайық.

Осы арада маған бір тойымсыздық пайда болды. Ертең иә бүрсігүні келе аламын ба? Мені Бауыржанмен әңгімелес деп күн сайын кім жібере береді дейсің? Кеңсенің таусылмас жұмысы аяғымды тұсап тастап, бұл босағаға қайрылып соға алмай өкінішке ұрынбаймын ба? Бәләй, шаршадыңыз ба деп жаңа Бауыржаннан бекер сұраған екенмін. Өзі тоқтағанша айтқанын неге тыңдай бермедім, жаза бермедім деп ойладым. Өзі тойса да, көзі тоймайтын ашқарақ адамның әдетімен, ең жоқ дегенде енді бір сұрақ қойып қалайын деп ынтықтым.

VI

Автор. Сіз соғыста отыз жеті дәптер жаздым дедіңіз ғой. Соларды көруге бола ма?

Бауыржан. Е, көргін.

Бауыржан маған қарай қолын созды. Ол: «Трам-трама, титта, титта, титта-та!» — деп, әндетіп келіп, менің желке жағымдағы есікке қарай аяңдады. «Трам-трама, титта, титта, титтата» Бауыржанның аузынан жиі шығатын әуен екен. Бұны ол, көбінесе, бір әңгімені аяқтап, екінші бір жаңа әңгімені бастар алдында айтады. Кейде, сөз арасында кішкентай үзіліс болын, мен қағаздың екінші бетін аудара алмай сасқалақтап қалғанда да Баукең «титта-титталатып» жібереді. «Титта-титта» біресе Бауыржанның лықып келген ойын тежеуіш қызметін атқарса, біресе үзіліп қалған үнсіздікті жалғауыш міндетіy де орындайтын сияқты. Бауыржан есікті ашып, мені шағындау бөлмеге кіргізді. Қабырғада кітап қаланған шкафтар тұр. Екі тумбочкалы ұзын үстелдің үстінде үйілін бірдеңелер жатыр. Оның беті таза ақ жамылғымен бүркеліп қойылыпты. Алдымен Бауыржан сол жамылғының бір жақ шетін ашты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий