Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Мына жатқан дүниелердің бәрі сол күнделіктегі сөздердің шешуі — ежіктеуі. Соларды түсіндіруге керекті кітаптар, документтер, солардың машинкаға көшірілген папкалары. Қағаздар бұзылып, сарғайып кетпесін деп, бетін ақ жамылғымен бүркеп қойып отырмын. Ал соғыс кезіндегі күнделіктердің түрі мынадай.

Ол еңкейіп, үстел тумбочкасындағы тартпалардан көлемі, түсі, түрі әртүрлі бірнеше дәптерді суырып көрсетті.

— Мұнда өлең де, оқиға да, бәрі де бар. Ұзын саны отыз жеті. Ғұмыр жетсе осыларды әбден ежіктеп, жаңа кітаптарға айналдырсам деймін.

Мен Бауыржан үстелінің үстіндегі материалдар бір емес, әлденеше кітапқа жететін дүние-ау деп шамаладым.

Бауыржан қолыма ұстатқан бірнешеуінің ішін ашып қараған. Орысша, қазақша жазылған, өткен соғыстың өшіп бара жатқан ізіндей болып, сөздері қиқы-жиқы түсіп, жолдары қисық-қисық тартылған, қағаздары сарғайып, әріптері көмескілене бастаған ескі дәптерлер.

— Бауке, бір-екі дәптеріңізден бірер сөйлемдер көшіріп алуға бола ма?

— Жоқ! Болмайды?

Бауыржан менің қолымдағы дәптерлерді оқыс қимылмен жұлып алып, қайтадан тумбочкаға тыға бастады. Мен бұған сәл қолайсызданып қалдым да, оның мінезі жайында бағана бір ойлаған ойым есіме түсіп, мырс етіп, басымды шайқадым. Онда журналға очерк жазғанда Бауыржанның кейбір мінездерін жұмсартып көрсету керек пе екен деп ойлаған едім. Енді: Бауыржанның мінезі менсіз де жұртқа аян. «Бауыржан қыздай сызылған биязы кісі» деп жазсаң, бәрі бір оған ешкім де сенбейді. Ендеше Бауыржанды бояймын деп әурелену артық іс бәрібір оған жылтыр бояу жұқпайды. Бауыржанмен бірге болған бір күнді осы көрген, ұққан қалпымда қағазға түсіруім керек» деген қорытындыға келдім.

Сағат кешкі тоғызға тақалғанда Бауыржан екеуіміз кухняға шай ішуге келдік. Шай үстінде Бауыржан өзінің биллиард ойынын жақсы көретінін және тәп-тәуір жақсы ойнайтынын айтты.

— Ғабитпен биллиард ойнау қиямет, — деді ол. — Асықпай, саспай баптанып, сырбазданады да жүреді. Менің оған ішім пысады. Биллиард деген спорттың тез ойлап, шапшаң қимыл жасауды қажет ететін түрі. Оның өзі екі жақ әскерінің бір-біріне қарсы шабуыл атакасы іспеттес. Ал атака жылдамдықты, тез шешімді, дұрыс байламды қажет етеді. Мен тригонометрияны жақсы білемін. Бұрыштың есебін, пішін мөлшерін тез аңғарып, тез ұғамын. Маған қарсы ойнап жүрген адамның да сондай шапшаң қимылын талап етемін.

Бұдан кейін Бауыржан Сарыағаш курортында болғанда бір прокурормен биллиардты қалай ойнағанын айтты.

— Мен оны бұрыннан көріп жүретінмін. Күннің ми қайнаған ыстығына қарамастан үстіне ақ көйлек киіп, мойнына қатырып галстук салып, пиджагінің сары түймелерін тегіс түймелеп алып, шіреніп серуенге шығатын. Ешкіммен сәлемдеспейтін. Осы жігіт кім деп сұрағанымда, бір ауданның прокуроры дескен. Ал әйелі асханаға келгенде үстінде таңертең бір түрлі көйлек болса,түсте бір түрлі, кешке басқа түрлі болады. Және бір рет киген киімін екінші рет ешбір қайталамайды. Бұлай ету үшін бар ғой, курортқа бес чемодан көйлек алып келу керек шығар тегі.

Мен прокурорға да, оның әйеліне де, курортта барынша тыраштанып киініп әлек болатын басқа да қазақ жігіттеріне ыза боп жүргенмін. Бір күні кешке биллиардныйға көтерілсем, сартылдатып сары түйме ойнап жатыр екен. Ол шар соққан сайын қошеметші жұрт: «О, пәләй!» десіп мақтаншақ қазақы одан сайын әумесерлендіріп тұр. Ақыры ол жеңіп шықты. Жеңіп шықты да:

— Енді кім ойнайды? — деп маңғазданып, көпшілікке қарады.

— Мен ойнаймын! — дедім мен.

— Сізбен ойнау зор құрмет, — деп ол бір аяғын бір аяғына сарт еткізіп, шартаң ете қалды.

«Шартық қошқардай шартаңдауын» деп ойладым да, «трам-трам, титта, титта, титта-та» деп, көмейіме келген қырсық сөзді бөгеп тастадым.

— Кім бұзады? — дедім сонсоң.

— Сіз, — деп ол тағы да аяғын сарт еткізіп, шартаң ете қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий