Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Мына тауда академик қайнағамен ойнағаныңды айтсаңшы, — деді әйелі Бауыржанға күле үн қатып.

Бауыржан да күлді. Ол да бір қызық әңгіме шығар деп мен де елеңдей бастадым.

— Айтайын, — деді Бауыржан менің ықылас білдіргенімді аңғарып. — Таудағы демалыс үйінде жатыр едік. Академик ағамыз келіп:

— Бауыржан, сенімен мықты бір бәс тігісіп, биллиард ойнасам деп тұрмын, — деді.

— Ендеше әйеліңізді тігіңіз, — дедім мен әзілдеп. — Одан мықты не бәс болады?

— Сен келінді тігесің бе онда?

— Тіктім.

Екеуміз қол алысып, жоғарыға көтерілдік те, ойнап кеп кеттік.

— Жеңгейдің жеңіне, — деп періп кеп қаламын. Гүмп ете түседі. — Жеңгейдің несібесіне! — деп тартып жіберемін. Тағы да гүмп ете қалады. Саусағының арасынан таяғын сыпсыңдатып академик әрі көздейді, бері көздейді. Бірақ көздегені көз көрім жерге кетеді. Не керек, академик әрі тырбаңдап, бері тырбаңдап, шар ала алмай, қара терге түсті. — Жеңгейді жетектеген осы болады! — деп соңғы шарды және зып еткіздім.

Содан соң академикті жетектеп, төменде, есік алдында, мына Кәмәштың қасында отырған әйелінің алдына алып келдім де:

— Айт! — дедім.

Академик әйелінің атын атап:

— Мені құдай ұрды. Қара басып сені мына Бауыржанға ұтқызып қойдым, — деді.

— Қайырлы болсын, — деді әйелі күліп.

Кешке академик дастарқанын жайып, тамағын жасап, коньягін қойып, бірге жатқан барлық жолдастарын бөлмесіне шақырды да:

— Ал жолдастар, мынау менің айыбым, Бауыржанға төлеген. Жазған басым-ау әйелімді салып ойнап нем бар еді? Ал мынау өз әйеліме өзімнің қайтадан төлеген қалың малым. Құдалар да, куәлар да сендер болыңдар, — деп сөз бастады.

Сөйтіп, академик ағамыздың өз әйелін өзі осылай сатып алғаны емес пе...

Бұл әңгімеге үстел басында отырған үшеуіміз бірдей көзімізден жас аққанша күлістік.

IX

Сағатыма қарасам түңгі тоғыз жарым болған екен.

— Бауке, рұқсат болса, мен қайтайын,

— Қайтқаның жөн, — деді Бауыржан күліп. — Сені үйге кіргізуге болмайды екен. Өйткені бір кірсең шықпай қояды екенсің. Әлгі кітаптарың қайда, әкел бері.

Мен Бауыржанға екі кітабын ала барған едім. Бірі 1959 жылы шыққан «Москва үшін шайқас» та, екіншісі Алматыда 1962 жылы шыққан «За нами Москва» болатын. Орыс тіліндегі кітапқа осы кітапты бірінен соң бірі бас алмастан қызыға оқып тауысқан екі ұлым Арнұр мен Жаннұрға деп, қазақша кітапқа өзіме деп автограф жаздырып алсам деп ойлағанмын. Бағана осыны айтып өтінгенімде Бауыржан жарайды, кетерде жазып берермін деген. Бауыржан сол уәдесін ұмытпаған екен. Мен өзіміз күні бойы әңгімелескен бөлмеден сол екі кітапты алып келдім. Бауыржанның қолына алдымен қазақша кітап ілінді. Оның беттерін ақтарды да, менің сызып, қоршап қойған тұстарымды көрді. Ондай белгілер әсіресе кітаптың аяқ жағында көбірек еді. Бауыржанның мақал-мәтелдеріндегі: «Адал болмай азаматпын демегін; ойран салсаң ойлап салғын; әр оғыңды атап атқын» дегендегі ең соңғы «ғын», «гін», «қын»-дарды қоршап қойған едім. Сол беттер шұп-шұбар ала болып қалыпты. Бауыржан соларға көз салды да, үндеместен кітаптың бетін жауып, қасына қойды. Одан соң екінші кітапты қолына алып қарады. Балалар оқыған орысша кітапта ондай белгілер жоқ болатын. Содан кейін оның «Наша семья» деген екі сөз жазылған бетіне, сол екі сездің үстін баса, автограф жазып берді.

— Ал мынаған жазбаймын, — деді ол екінші кітапты да қолыма ұстатып жатып. — Бұл сенің шимайлаған кітабын. Понятно тебе?

— Түсінікті, — дедім мен басымды изеп.

Бауыржанмен қол алысып, шығар есікке тақай бергенімде:

— Әй, хабарласып тұрғын, — деді ол.

— Хабарласамын, Бауке, — деп мен артыма қайта бұрылып қарадым. Қарасам, Бауыржан оң қолын басынан асыра жоғары көтеріп тұр екен. Мен де сөйттім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий