Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осылай деп олар ұзақ отырмай,үйлеріне қайтты. Бірақ жұрттың бәрі ол кісілердей болмады. Бір келгені бес сағат отырып алысты. Солардың сөзін тыңдаймын деп Баукең әбден шаршады. Баукең бөлмесіне барып тынығайын десе кейбіреулер соңынан ілесе кіріп, қақсап қасында отырып алды. Өстіп Баукең әбден қалжырады. Денсаулығы бұрыннан жұқарып жүрген Баукең мұндай құттықтауларды көтере алмай, ақыры ауруханадан бірақ шықты.

Бауыржан. Біз сен зерігіп жатқан шығар. Біраз әңгіме айтып, көңіліңді көтерейік деп келдік. Бүгінгі әңгіме айту осының үлесіне тиген, — деді Баукең әйелін иегімен нұсқап. — Айта бер.

— Мен не айтайын? — деді Кәмәш жан-жағына жалтақтай қарап.

— Жұлдызды» оқығаннан кейін, қап, менің бір айтатыным бар еді деп жүр едің ғой, — деді Баукең әйеліне бұрылмастан теріс қараған күйі. — Соныңды айт.

— Ол жай, әшейін бір күлкілі жағдай ғана ғой.

— Е, соны айт. Бұған сондайлар да керек.

— Ендеше айтайын, — деп Кәмәш сөзге кірісті.

ІІІ

— Бауыржан екеуіміздің жаңа жұптасқан алғашқы күндеріміз еді, — деп бастады Кәмәш әңгімесін. — Бір күні біреу үйге телефон соқты. Онда Дзержинский көшесіндегі үйде едік. Телефон дәлізде болатын. Трубканы мен барып алдым. Ар жақтан бір жас қыздың даусы келді.

— Кім керек Сізге?

— Маған Бауыржан керек. Мен Жақсыгүлмін. Шақырып жіберіңізші, — деді қыз.

«Мұның Жақсыгүлі кім?» деп іштей ойлап Бауыржанға бардым.

— Сенің Жақсыгүл дегенің бар ма еді? — дедім оған.

— Жоқ — деді бұл бірден.

— Трубкаға шақырып тұр, бар сөйлес, — дедім мен оның «жоқ» дегеніне сенбей.

— Мен ондай адамды білмеймін, — деп бақырды бұл. — Барып трубканы жауып қой.

Сенер-сенбесімді білместен трубканы жаптым. Сонша бақыруы жаман бір пәлесі бар ғой деп ішімнен күдіктеніп қалдым.

Екінші күні тағы телефон шылдырлады.

— Мен Жақсыгүлмін ғой, Бауыржанды шақырып беріңізші, — деді кешегі қыз.

— Бауыржан жоқ, — деп сарт еткізіп трубканы жаба салдым.

— О кім, ей, қатын? — деді Баукең кабинетінен.

— Сенің Жақсыгүлін, — дедім булығып. Ішім өртеніп қоя берді. Осының бір пәлесі болуы керек. Бұрын мен келмей тұрғанда сөйлесіп жүрген ескі танысы болар. Мен барда сөйлесуден қашып, білмеймін деп әдейі қасарысып отырған шығар деп ойлап қасына бардым. Бұл бетіме бір қарады да:

— Ә, Жақсыгүл ме? — деп жұмысын істеп отыра берді.

Бір күні қызуым көтеріліп қатты ауырып, төсектен тұра алмай жатып қалдым. Түс кезінде дәліздегі телефон шылдырады. «Дәуде болса Жақсыгүл шығарсың» деп, ауырғанымды ұмытып, басымды төсектен тез көтеріп алдым. Кабинетінен шығып Баукең трубканы кетерді. Бұлар не сөйлесер екен деп, бар демімді ішіме тартып тыңдай қалдым.

— Иә, мен Бауыржанмын, — деді Баукең. — Ә, Жақсыгүлмісің? Жақсымысың? Келейін деп едім дейсің бе? Келсең кел. Әдіріс пе, әдіріс мынадай, — деп үйдің әдрісін айтты да трубканы жапты.

Осы кезде қаным қайнап кетті. Мына қу пәленің істеп жүргенін қарашы. Мен ауырып жатқанда ол қызды әдейі шақырды ғой. Мен төсектен тұра алмай жатқанда оны ана жақта оңаша қабылдамақ қой. Ана жолдары менің көзімше сөйлеспей қойып еді. Онысы айласы екен ғой, — деп ойлап төсегімнен атып тұрдым. Өн бойымды қозғалтпай жатқан аурудың да қайда кетіп қалғанын білмеймін. Жан-дәрмен халатымды киіп, шашымды жиып «Келсін сол албасты» деп, дайын отырдым. Лезде есік шылдырады. Оны естігенде өне-бойым қалшылдап кетті.

Кабинетінен шығып Баукең сыртқы есікті ашқан кезде жататын бөлмеден жай оғындай атылып мен де шықтым дәлізге. Шықсам:

— Сәлеметсіздер ме? — деп үріп ауызға салғандай бір жас қыз табалдырықтан аттап келе жатыр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий