Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Анау Бауыржан қанша ақшаңды бермей кетті? — деп сұрады бір кезде Баукең таксистен.

— Көп емес, ағай. Он сом ғана.

— Өзіңнің балаларың бар ма?

— Бар, ағай, екі балам бар.

Біз баратын жерімізге жеттік. Таксистің счетчигіне қарап едім, бес сом екен. Соны төлейін деп сумкамды ашқалы жатыр едім, Баукең:

— Ей, қатын, маған жиырма сом бер,— деді.

Мен оны не қылады деп ойладым да, сумкамнан алып алдымен оның сұраған ақшасын бердім. Одан кейін таксистке бес сом ұсынғалы жатқанымда, Баукең:

— Қарағым, мынау былтырғы, жалған Бауыржан алдап, төлемей кеткен он сомың. Мынаның бес сомы мына счетчигің көрсетіп тұрған біздің жол ақшамыз. Қалған бес сомына менің атымнан балаларыңа базарлық апарып бер, — деп жаңағы менен алған жиырма сомды тұтас таксистке ұсынды.

Шофер сасқалақтап, мен Сізден бір тиын да алмаймын деп еді, Баукең:

— Молчать! — деп ақырып қалды да, ақшаны оның алдына тастай салды, — Бұдан кейін алданушы болма.

Осылай деп Баукең машинадан шықты да, есігін тарс еткізіп жауып тастады. Біз қолтықтасып, ілгері кеттік. Бір кезде шофер де машинадан шығып, қалбалақтап артымыздан қуып келді.

— Аға, қайтатын уақыттарыңызды айтыңыз. Мен сол сағатта келіп, сіздерді үйлеріңізге жеткізіп салайын, — деді ол жалынғандай болып.

— Жоқ, — деді Баукең. — Өз жұмысыңмен жүре бер. Біз осы жақтан бір машина алармыз.

Осы кезде баспалдақта дабырлай сөйлесіп, төменгі жақта жүрген аурулар жоғары көтеріліп келе жатты. Солардың ішінен біреудің жігерлене сөйлеген: «Біз, қарттар, өткен өмірдің ауыртпашылық, қиыншылықтарын жақсы білеміз. Соның философиялық мәнін жастарға айтсаң «тыңдамайды ғой, тыңдамайды» деген сөздері айқын естіліп тұрды. Баукең ол сөзге құлақ салды да, маған қарап:

— Мынау сенің Дерпенің бе? — деді.

— Сол кісі.

— Жүр, Кәмәш, мені төменге түсіріп сал, — деп ол асыға орнынан тұрды.

Баукең Кәмәшқа сүйеніп төмен қарай беттеді. Мен ілбіп өз палатама келдім. Келе сала Баукеңмен бүгінгі кездесудің детальдарын қолма-қол сол тұста жаңа бастап жазып жүрген блокнотыма көшіре бастадым. Ол әңгімелердің әрқайсысының басына «Жақсыгүл», «Таксист», «Дерпен» деген тақырыптар қойдым.

V

Аурухананың тәртібіне байланысты біз көбіне кешке қарай сөйлесіп жүрдік. Бұл күні үшінші қабаттың вестибюлінде адам көп болып, жұрт бір жағынан қабырғадағы автоматтан үйлеріне телефон соғып жатқандықтан шырқымыз бұзылып, төменге түстік. Астағы неврология бөлімінің ескі диванына келіп жайғаса бастадық. Осы кезде аурухананың көк ала халаты сүйретіліп пұшпағына түскен біреу қалтиып келіп қасымызға тұра қалды. Сөйтсек өзіміздің ағайынымыз, аудармашы, жазушы, қу тілді кісі Әбдірашит Ахметов екен.

— Сендердің халдеріңді білу үшін демалыс сайын осында келемін, — деп бастады ол сөзін, — Келген сайын карантин деп кеудемнен итеріп кіргізбейді. Содан соң осы екеуіңнің — ол екеуімізді кезек нұсқады, — халдеріңді білейін деп әдейі ауруханаға түстім.

Бұл әдемі әзілге Баукең екеуміз қосыла күлдік.

— Біздің көңілімізді дәл бүйтіп ешкім сұрап келген емес, — деді Бауыржан көзінің жасын сүртіп.

— Білесің, білгеннен соң істейсің, — деп Ахметов те күлді. Бұл қазақтың атақты академиктерінің бірінің аузынан шығып, жұртқа мәтел боп кеткен «Білесің, білгеннен соң айтасың» дейтін белгілі сөзінің сәл өзгертілген нұсқасы еді. Оған тағы да езу тарттық.

— Науқас кісіге күлкі де көмек, — деді Ахметов одан соң, — Екеуіңе берген менің алғашқы жәрдемім осы болсын.

— Рақмет, Әбеке.

— Өзің қашан келдің? — деді Бауыржан.

— Осыдан бір сағат бұрын келіп, хирургия бөлімінің қырық төртінші палатасына жайғастым.

— Не науқас?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий